Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · География, 9-сынып · Сұрақ 52/70

Минералдық-шикізат ресурстарының саны мен алуантүрлілігі бойынша Қазақстан қай елдердің қатарына жатады?

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Әлемдегі ең бай елдердің қатарына

Жауап нұсқалары

  1. A.Орташа дамыған елдер қатарына
  2. B.Табиғи ресурстары шектеулі елдер қатарына
  3. C.Әлемдегі ең бай елдердің қатарынадұрыс
  4. D.Тек аймақтық маңызы бар елдер қатарына

Тапсырма мәтіні

Минералдық-шикізат ресурстарының саны мен алуан түрлілігі жағынан Қазақстан әлемдегі ең бай елдердің қатарына жатады. «EconRus» елтанулық каталогының мәліметіне сәйкес, Қазақстан табиғи ресурстар қоры бойынша Ресей, Қытай, Аустралия, АҚШ және Бразилиямен қатар әлемдегі жетекші орындардың бірін алады. Ресми деректер бойынша, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 118 элементтің 99-ы Қазақстан жер қойнауында анықталған, 70 элемент бойынша қорлары барланған, ал 60-тан астам элемент өндірісте пайдаланылуда. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың бар қорына жүргізілген геологиялық-экономикалық бағалау нәтижелері бойынша экономикалық маңызы ең жоғары ресурстарға көмір, мұнай, темір, қорғасын, мырыш, хромиттер, алтын және марганец жатады. Қазіргі уақытта минералдық-шикізат өнімдері Қазақстан экспорты мен валюталық түсімдерінің негізгі бөлігін құрайды. Минералдық кен орындары ел аумағында біркелкі орналаспаған. Мұнай мен газ қоры еліміздің батыс өңірінде шоғырланған, ал көмір, қара және түсті металдардың кендері орталық және шығыс аймақтарда орналасқан. Қазақстанның көптеген өңірлері геологтар тарапынан әлі толық зерттелмеген. Соның салдарынан ескі кен орындары біртіндеп сарқылып, жаңа кен орындарын ашу үшін уақыт пен қаржы қажет.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар