Қазақ әдебиеті: ҰБТ
1 028 сұрақ · 16-бет, барлығы 21 бет
Қабдеш Жұмаділовтің алғашқы әңгімесін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Жамал»
Сырлыбай ханның ақылшысы, уәзірі әрі от ауызды, орақ тілді шешен ақын:
Дұрыс жауап: Қаршыға
«Мынау ...... ағашының бұтағы сайын жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен», – деп Асан қайғы қай жерді көріп айтқан:
Дұрыс жауап: Жетісу
«Менің атым Қожа» повесінде Ахметов аудандық оқу бөлімінен келген инспекторға болашақ Қадыровты қай жазушыға ұқсатады?
Дұрыс жауап: С.Мұқанов
«Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды» – деп Ер Тарғынға тоқтау айтқан:
Дұрыс жауап: Сыпыра жырау
Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің, Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің. Сарыбай қызын бермей кетіп қалды, Несіне ойын ойнап күліп жүрсің?! – деп Алпамысқа айтатын кейіпкер:
Дұрыс жауап: Кемпір
Дұшпаннан көрген қорлығым Сарысу болды жүрекке Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке – деп жырлаған жырау:
Дұрыс жауап: Ақтамберді
Бенямин Франклин Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінің кейіпкері
Дұрыс жауап: «Тәкаппарлық»
Мағжан Жұмабаев Омбы қаласында редакторлық қызмет атқарған қолжазба журнал:
Дұрыс жауап: «Бірлік»
Д.Исабековтың «Әпке» пьесасындағы ғалым, философ кейіпкер:
Дұрыс жауап: Омар
Әлем әдебиетінің ең озық үлгісі «Мың бір түн» халық ертегісін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, жариялаған қаламгер.
Дұрыс жауап: Қалмақан Әбдіқадыров
Жүсіпбек Аймауытовтың шоқтығы биік шығармасы:
Дұрыс жауап: «Ақбілек» романы
Сұлтанмахмұттың заман туралы үлкен толғанысты эпикалық туындысы:
Дұрыс жауап: «Қамар сұлу» романы
«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қож…
Дұрыс жауап: Бердібек Соқпақбаев
Сәбит Мұқановтың шығармашылық өмірін қамтыған өмірбаяндық роман:
Дұрыс жауап: «Өмір мектебі»
«Шыңырау» повесіндегі Еңсеп қазған құдық қалай аталып кеткен?
Дұрыс жауап: Еңсеп өлген
Өзінің атақты «Мен қазақпын» деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын:
Дұрыс жауап: Жұбан Молдағалиев
Ботагөз қалаға не мақсатпен келді?
Дұрыс жауап: Оқу үшін
Ботагөздің қуанышына не себеп?
Дұрыс жауап: Оқудың басталуы
Мәтін мазмұнынан тыс ақпарат:
Дұрыс жауап: Қаз Ботагөздің дауысынан қаймықты
Қарамен берілген тіркестегі көркемдік тәсіл (Көлдің бурадай буырқануы):
Дұрыс жауап: Теңеу
Ботагөздің көзіне жас алу себебі:
Дұрыс жауап: Апасын сағынды
Қазанға жорыққа аттанарда Тайбурылдың неше күндік кемдігі болды?
Дұрыс жауап: 43
Үзіндідегі Арыстан бабтың аманаты:
Дұрыс жауап: Құрма
Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің түрі:
Дұрыс жауап: Жар-жар
Бұл бата – жазаның өте ауыр түрі:
Дұрыс жауап: Теріс батасы
Ер Төстіктің жары:
Дұрыс жауап: Кенжекей
Батырлар жырын пайда болу кезеңдеріне қарай… топқа жинақтауға болады:
Дұрыс жауап: 3
Қозының сәлемдемесін ала келген Айбасқа Баян белгім болсын деп тон мен …… беріп жібереді.
Дұрыс жауап: Жүзігін
...Боташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған. Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, Балығы көлге жылқы қаптырмас, Сөйткен менің Еділім, – деген үзінді қай өлеңнен:
Дұрыс жауап: «Салп-салпыншақ анау үш өзен»
Ыбырайдың «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың» деп қорытатын шығармасы:
Дұрыс жауап: «Әке мен бала»
Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясында танысты:
Дұрыс жауап: Сәкен Сейфуллин
Ғ.Мүсіреповтің Игілік, Жұман, Күреңкөз қожа деген кейіпкерлер кездесетін шығармасы:
Дұрыс жауап: «Оянған өлке»
1935 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ ауылында дүниеге келген қаламгер:
Дұрыс жауап: Ж. Нәжімеденов
Баубек Бұлқышевтың қай шығармасынан үзінді:
Дұрыс жауап: «Шығыс ұлына хат»
Кенжебекті қуантқан жағдай
Дұрыс жауап: Жылқышы серігінің қазақ болуы
Қарамен берілген тіркестегі көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: теңеу
Сәкен Сейфуллиннің Қазан төңкерісі кезінде жазылған поэмаларының қатарына жатпайтыны:
Дұрыс жауап: «Альбатрос»
Қалижан Бекхожиннің поэмасын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: «Әппақнама»
«Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды өмірлік мақсаты еткен ақын:
Дұрыс жауап: Қасым Аманжолов
Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі Әміржан сүйген сұлу:
Дұрыс жауап: Ақтамақ
Әдеби ертегі терминінің анықтамасы:
Дұрыс жауап: Жазған авторы белгілі ертегі
«Менің атым — Қожа» повесінен үзіндідегі бос орын:
Дұрыс жауап: Ахметов
Қ. Жұмаділовтің Ағыбай мен Төреқұл арқылы қазақ-қырғыз достығын дәріптеген шығармасы:
Дұрыс жауап: «Сәйгүліктер»
Тасқұлдың Сыпыра жыраудай сөз қозғауының себебі
Дұрыс жауап: Екі ел тарихын Кенжебектің есінде қалдыру үшін
Кенжебектің жастай жылқышы болу себебі
Дұрыс жауап: Түрікпен еліне тұтқын болды
Мәтін үзіндісінен тыс ақпарат
Дұрыс жауап: Түрікпенге келген Кенжебектің шырайы кіріп қалды
Медеу Сәрсекенің шығармаларын көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: «Көмбе»; «Жаңғырық»; «Семей қасіреті»
А. Янушкевич сипаттама берген тұлға:
Дұрыс жауап: Құнанбай
«Менің атым — Қожа» повесінің кейіпкерлері:
Дұрыс жауап: Қожа; Жанар; Сұлтан