Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 15-бет, барлығы 21 бет

  1. ....... — тарихта болған белгілі бір адамдардың халық үшін еткен еңбегі, жасаған игілікті іс-әрекеттері жайлы туған шығарма.

    Дұрыс жауап: Аңыз әңгіме

  2. Асан қайғының өлеңін табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Еділ бол да, Жайық бол»

  3. Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі...» деп басталатын пікірдің иесі:

    Дұрыс жауап: Мұхтар Әуезов

  4. Қазақ ауылының жүз жылдық өмірі суреттелетін Ғ. Мүсіреповтің шығармасы.

    Дұрыс жауап: «Ұлпан»

  5. Абайдың Әбішке қызығу себебі

    Дұрыс жауап: Орысша білім мен тәрбие алғандығы

  6. Қарамен берілген сөйлемдегі қолданылған тілдік ерекшелік

    Дұрыс жауап: Ауыспалы мағына

  7. Абайдың Әбіштен естуге құмартқан жаңалығы

    Дұрыс жауап: Ғылым, өнер саласындағы табыстар

  8. Қайғы мен мұңды, қуаныш пен шаттықты алма-кезек суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасы:

    Дұрыс жауап: «Ақбілек» романы

  9. Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып. Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп, надан болып?! - деп өзіне-өзі ант береді, алдына үлкен азаматтық бағдарлама қоятын қаламгер:

    Дұрыс жауап: Сұлтанмахмұт Торайғыров

  10. Әбу Сәрсенбаевтың іргелі шығармаларының негізгі тақырыбы:

    Дұрыс жауап: Атырау айдыны

  11. «Менің атым Қожа» повесінің бастапқы атауы:

    Дұрыс жауап: «Өзім туралы повесть»

  12. Иса Байзақовқа тән қатар:

    Дұрыс жауап: «Құралай сұлу дастанын жазған»

  13. Абайдың залалды әдеті

    Дұрыс жауап: Ел ішіндегі дауға араласуы

  14. Тахауи Ахтановтың «Боран» романының алғашқы атау(лар)ы:

    Дұрыс жауап: «Дала сыры»

  15. Тұңғыш көрдім өлгенін шын ақынның, Қызарып батты ертеңгі шығатын күн. Торғай – өлең шырылдап бара жатты Аузында ажал дейтін сұрапылдың, — деп Төлеген Айбергеновке жыр арнаған ақын:

    Дұрыс жауап: Мұқағали Мақатаев

  16. Қазақ әдебиетіндегі фантастика жанрының негізін салған жазушы (-лар):

    Дұрыс жауап: Талап Сұлтанбеков

  17. Марғасқа

    Дұрыс жауап: Омар һайям рубайларын ана тілімізге аударған; Әйгілі драмалық комедия «Беу, қыздар-ай» пьесасын жазған.; Әйгілі драмалық комедия «Беу, қыздар-ай» пьесасын жазған.

  18. «Бата — қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй иесіне деген шын жүректі жарып шыққан ықыласы, пейілі, ақниеті, Алладан тілер тілегі поэзия түрінде ақтарыла айтылады», — деп таңдана жазған.

    Дұрыс жауап: В. Васильев

  19. ...... — белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

    Дұрыс жауап: Мәтел

  20. М. Әуезов ертегілерді неше топқа бөледі?

    Дұрыс жауап: 3

  21. «Әй, Аяз, баймын деп аспа, ханмын деп таспа! Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!» — дейтін кім?

    Дұрыс жауап: Аяз би

  22. «Айман — Шолпан» жырына ....... салты арқау болған:

    Дұрыс жауап: «Барымта»

  23. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігі:

    Дұрыс жауап: Тарихи шындық пен қиялдың аралас жүретіндігі

  24. «Қара жерге қар жауар, қарды көр де, етім көр, қар үстіне қан тамар, қанды көр де, бетім көр», «Қиюлы жатқан қалам бар, қаламды көр де қасым көр», «Зергер болсаң, қасыңда алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым к…

    Дұрыс жауап: Қартқожа

  25. Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт. Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт. Үзінді Қазтуған жыраудың қай өлеңінен алынған?

    Дұрыс жауап: «Алаң да алаң, алаң жұрт»

  26. Махамбет Өтемісұлы дүниеге келген жер?

    Дұрыс жауап: Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Нарын құмы

  27. Бейімбет Майлин шығармаларының негізгі тақырыбы:

    Дұрыс жауап: Ауыл өмірі

  28. Ғ. Мүсіреповке әдебиетті сүйіп өсуге ықпал тигізген ұстазы:

    Дұрыс жауап: Б. Өтетілеуов

  29. Қадыр Мырза Әли өмір сүрген жылдар:

    Дұрыс жауап: 1935-2011

  30. Ахмет Байтұрсынов өлеңдеріндегі символ:

    Дұрыс жауап: Маса

  31. Жұбан Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, есімін әлемге мойындатқан шығармасы.

    Дұрыс жауап: «Мен — қазақпын»

  32. «Қажымұқан» хикаятының «Ұлы Петрдің қаласында», «Парижде» бөлімдеріне қандай оқиға негіз болғанын көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Қажымұқанның күрес ілімін алып, теңдессіз күшке ие болып өнерін халық алдында көрсете бастаған кезі жазылады.

  33. Сұлтанмахмұттың философиясы:

    Дұрыс жауап: Адамның өзін-өзі билеуі, өз еркін өзінің бағындыруы

  34. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады... Қай шығармадан алынған үзінді:

    Дұрыс жауап: «Менің атым Қожа»

  35. «Жетішатыр — жақсы қала. Қаптап жатқан халық. Қысы-жазы — қымыз, ойын-сауық — «кататься...» деп басталатын Жүсіпбек Аймауытовтың шығармасы:

    Дұрыс жауап: «Әнші» әңгімесі

  36. Келер ұрпақ, Айға қонсаң сен ертең, Мен баспалдақ болдым деп-ақ қуанам,- деп жастарға зор үміт артатын ақын:

    Дұрыс жауап: Әбу Сәрсенбаев

  37. 1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Жастар одағы сыйлығына ие болған қаламгер:

    Дұрыс жауап: Күләш Ахметова

  38. Асты сызылған тіркестегі бейнелі сөз (мәтіндегі "балапандай талпынып" тіркесіне қатысты):

    Дұрыс жауап: Теңеу

  39. Екі аттының жолға шығу себебі

    Дұрыс жауап: Өнер жолындағы сапар

  40. Естеместің өкінішінің себебі

    Дұрыс жауап: Отбасының болмауы

  41. Жас жігіттің сергек көңілі не себепті басылды?

    Дұрыс жауап: Жақын маңда елдің болмауынан

  42. Мәтін мазмұнынан тыс ақпарат

    Дұрыс жауап: Қансонарға шыққан Оразымбеттің көңілі көтеріңкі.

  43. Хайуанаттар жайлы ертегі(лер):

    Дұрыс жауап: «Сырттандар»; «Түлкі мен бөдене»

  44. «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астындағы өнерпаз(дар):

    Дұрыс жауап: Желаяқ; Көлтауысар

  45. Абдул-Хамид Мархабаевтың фантастикалық жанрдағы әңгімесі (әңгімелері):

    Дұрыс жауап: «Ғарыштағы қымыз»

  46. Талап Сұлтанбековтың фантастика жанрындағы кітабы (кітаптары)

    Дұрыс жауап: «Жұлдыз ат»; «Көшпелі алтын»; «Темір еліне саяхат»

  47. Мағжан Жұмабаевтың азаматтық лирикаға жататын өлеңдері:

    Дұрыс жауап: «Мен кім?»; «Қазақ тілі»; «Мен жастарға сенемін»+

  48. Бала 11-13 айға толғанда, қаз тұрып жүре бастайды. Осы кезде ауылдағы қарт әжелер мен қыз-келіншектер жиналып, ойын-той жасап, шаруаға икемді, пысық, елгезек, еңбексүйгіш бір келіншекке жас баланың:

    Дұрыс жауап: Тұсауын кестіреді

  49. Ананың балаға деген жылы мейірімі мен махаббаты жырланатын жыр:

    Дұрыс жауап: Бесік жыры

  50. Ер Төстік сол егеуді іздемек болып ..... басына барады.

    Дұрыс жауап: Сорқұдықтың