Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 14-бет, барлығы 21 бет

  1. «Аспанды бұлт құрсайды — Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды — Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды, — деп жырлаған жырау:

    Дұрыс жауап: Шалкиіз

  2. Еңлік пен Кебектің баласы жылап қалған жер:

    Дұрыс жауап: Шеткі Ақшоқы басы

  3. «Нарынқұм зауалы» поэмасында шомбал жігітке жағасы алтын жіппен әліптелген сұр ішікті сыйға тартқан:

    Дұрыс жауап: Баймағамбет

  4. «Батыр Баян» поэмасында басты кейіпкердің әрекетіне себеп болған ұлттық мүдде:

    Дұрыс жауап: Алты алаштың намысы

  5. Қазақ қызының жанкешті ұмтылысы мен жаңашыл бейнесі суреттелетін шығармасы:

    Дұрыс жауап: «Әпке»

  6. Сөз анасы — құлақ, Су анасы — бұлақ, Жол анасы — тұяқ, — деген қай шешендер арасында өрбіген сөз екенін көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Бала би мен Сырым батыр

  7. «О, бектер, егер Көк тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер» сөзінің авторы:

    Дұрыс жауап: Байбіжан

  8. «Күй аңызы» әңгімесінде Естемес күйшінің өмірін қалай түсіндіретінін көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Домбыра мен қамшыны кезек ұстап өтеді

  9. «Тәмпіш қара» шығармасындағы Шаншатайдың ауыл балаларына ықпалы:

    Дұрыс жауап: Таным көкжиегін кеңейтті

  10. «Башпай күйі» аңызында аты аталатын Қорқыттың қарындасы:

    Дұрыс жауап: Ақтамақ

  11. «Қонақтар» мен «Ұшқан ұя» шығармаларының ұқсастығы:

    Дұрыс жауап: Елтану, тектану жайлы сыр шертеді

  12. Бауыржан Момышұлын ойнатып жүріп, дөңгелек қора жасаған әпкесі:

    Дұрыс жауап: Әлиман

  13. «Боз жапалақ сен едің, Қияқты сұңқар мен едім», — өлеңінде қолданылған троп түрі:

    Дұрыс жауап: Метафора

  14. «Адамды аяу — әлсіздіктің белгісі», — деп ұққан «Қаһар» романындағы кейіпкер:

    Дұрыс жауап: Кенесары

  15. «Біржан мен Сара» айтысында есімі аталатын жырау:

    Дұрыс жауап: Ақтамберді жырау

  16. Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігінде көрінетін ұлттық мүдде:

    Дұрыс жауап: әділ ханды дәріптеу

  17. Мәтіндегі теңеу сөздерді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Тас құдайдай, дырдай

  18. Мәтіндегі үлкенді сыйлап өскен ізетті жігіт, төренің нұсқаған жағына құлап, апыл-ғұпыл тіл қатқысы келген кейіпкер:

    Дұрыс жауап: Сәруар

  19. Сәруардың қолды боп отырған себебі:оның сөзі жұмсақ, көзі мұң Крейгельдің әкесі емес, мұның далада дырдай, қалады жәутік Сәруардың әкесі:

    Дұрыс жауап: Төрехан

  20. Сәруардың әкесін алдыртқан адам:

    Дұрыс жауап: Крейгель

  21. «Жәутік Сәруәр» тіркесінде қолданылған көркемдік тәсіл:

    Дұрыс жауап: эпитет

  22. Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, дидактикалық-этникалық мазмұндағы әдеби шығармасы

    Дұрыс жауап: «Диуани хикмет»

  23. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында бала Абайды қаладан алып қайтуға Құнанбайдың жұмсаған адамдары

    Дұрыс жауап: Байтас пен Жұмабай

  24. Бұқар жырау «Жақсы болсаң толарсың, жаман болсаң маужырап, жүнжіп барып соларсың» деп Абылайдың қай жастағы кезін сипаттайды?

    Дұрыс жауап: 60

  25. Сәйкестендіріңіздер.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    A. 1973 жылы«Интернат наны»
    B. 1972 жылы«41-жылғы келіншек»
  26. Берілген шығармалардың авторын табыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    A. «Тар кезең»Қажығали Мұханбетқалиұлы
    B. «Тағдыр»Қабдеш Жұмаділов
  27. Берілген шығармалардың авторын табыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    A. «Бесатар»Асқар Сүлейменов
    B. «Шақан Шері»Мұхтар Мағауин
  28. Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романындағы кейіпкерлерді олардың іс-әрекеттерімен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Сырым бастаған көтерілісшілермен келісімге келе алады.Атаман Овчинников
    В) Шегараға таяу отырған Нұралы хан ауылдарының бірін шабады.Генерал Пеутлинг
  29. Ж.Сахиевтің «Дабыл» әңгімесіндегі портреттерді кейіпкерлермен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) жасы елуден асқан, орта бойлы, қой көзді кісіЖасаған
    В) дөңгелек жүзді, тәмпіш мұрын, арық келген әйелАйгүл
  30. Қасқакөл дауына қатысқан(-дар):

    Дұрыс жауап: Орманбет; Әйтеке би; Төле би

  31. «Қаһар» романында құшбегі Бегдербектің қолынан қаза тапқан(-дар):

    Дұрыс жауап: Саржан; Есенгелді

  32. «Қорқыт ата кітабы» жырында кездесетін кейіпкер(- лер):

    Дұрыс жауап: Бәмсі-Байрақ; Бисат батыр; Қазан-Салор

  33. Ақтамберді жыраудың толғауы (толғаулары):

    Дұрыс жауап: «Күлдір-күлдір кісінетіп»; «Балаларыма өсиет»; «Көк көгершін, көгершін»

  34. «Бел-белесте» тарауында орын алатын оқиғалар:

    Дұрыс жауап: Абай Тоғжанды сағынышпен еске алады; Құнанбайдың Майбасардың орнына елге старшын болып оралады; Тәкежанның үйлену тойы

  35. Шақан Шері туралы аңыздардың елді таңғалдыратыны

    Дұрыс жауап: Жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналғаны

  36. Бірінші азатжолдағы асты сызылған тіркес

    Дұрыс жауап: эпитет

  37. Мәтінде Абайдың тілеуін тілеп, дұғасын арнап отыратын адам

    Дұрыс жауап: Зере

  38. Мәтінде суреттеліп тұрған мезгіл

    Дұрыс жауап: Жаз

  39. Екінді кезінде Көлқайнардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Ұлжанның отырған аулына, кеп жетіп еді Сөйлемдегі екінді мезгілінің мағынасы

    Дұрыс жауап: Түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл

  40. Аяз бидің жары:

    Дұрыс жауап: Меңді сұлу

  41. Қаршығасынан айырылған аңшының жоқтауы айтылған өлең-жырды көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Көкжендет

  42. ....... — өмірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.

    Дұрыс жауап: Мақал

  43. ....... өмірде сирек кездесетін немесе ойдан шығарылған оқиғаларды баяндайды.

    Дұрыс жауап: Ертегі

  44. Тұла бойын қараса – Он жеті жерден жаралы... Ол жараға болмайды. Артынан қиқу таянса, Итарқасы қозады... Үзіндіде суреттелген тұлпар:

    Дұрыс жауап: Тарлан

  45. «Түбін кескен бәйтерек» Қарақұстан туған қалықпан» Ерегіскен ер болса, соғысқандай жар болса», — деп Махамбет Өтемісұлы қай өлеңінде жазған:

    Дұрыс жауап: «Мен – құстан туған құмаймын»

  46. Бейімбет Майлин білім алған Уәзифа медресесі орналасқан қала:

    Дұрыс жауап: Троицк

  47. Д. Исабековтың «Әпке» пьесасындағы Темірбектің Назилаға қатысы?

    Дұрыс жауап: Інісі

  48. Қабдеш Жұмаділовтің роман-диологиясын табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Дарабоз»

  49. «Қажымұқан» хикаятының «Қар күреген бала» бөлімінде орын алатын оқиғаны көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Қажымұқан он адам жабылып көтере алмаған отыз пұт май құйып қатырған кеспекті бір өзі көтеріп, алғаш елдің көзіне түседі.

  50. Ғашықтық жыр мен батырлық жырдың 3 айырмашылығын атап көрсеткен:

    Дұрыс жауап: М. Әуезов