Қазақ әдебиеті: ҰБТ
1 028 сұрақ · 11-бет, барлығы 21 бет
Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіндегі ата-әжелерін есімдері сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Әжесі Қызтумас 2) Атасы Имаш М. Әуезовтің оқу-ағарту, мәдениет мәселелеріне арналған мақаласы (-лары)
Дұрыс жауап: Адамшылық негізі – әйел; Мәдениетке қай кәсіп жуық; Ғылым тілі
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы негізгі кейіпкер (-лер)
Дұрыс жауап: Нысан абыз; Мамыр; Әнет баба
«Жетімдіктің белінен, Асып өтер ме екенсің?» – деген өлең жолдарының авторы
Дұрыс жауап: Дулат Бабатайұлы
Р. Мұқанованың "Мәңгілік бала бейне" шығармасындағы кейіпкерлерді сөздерімен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Құмар тойға келіп едік сені көріп қуанып кеттім 2) Қатира Жүр, Қарауылда той бар, Соған барайық. Текшенің бауырында
Дұрыс жауап: Қашықтасың, туған жер – қалың елім.; Тамылжып бал тыныштық айналамнан.
Оралхан Бөкейдің «Аңызы қайсы, ақиқаты қайда?» деген жұмбақ сыр шығарма желісімен сырғып отыратын туындысы(туындылары)
Дұрыс жауап: «Қар қызы»
Берілген шығармалардың авторын табыңыз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік «Бесатар» Асқар Сүлейменов «Шақан Шер» Мухтар Мағауин Асан Қайғы қандай жер іздегенін табыңыз.
Дұрыс жауап: Жерұйық
Қартқожаға тән қасиетті табыңыз.
Дұрыс жауап: Бұйығы, ұстамды.
«Мексика ұлы» шығармасының кейіпкері Ривера неше жаста екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Он сегіз
«Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ», – деген жолдар Р. Ғамзатовтың қай шығармасынан алынған үзінді екенін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: «Ана тілі»
Балпаң, балпаң, кім баспас, Басарға батыр шыдамас. Батырмын деп кім айтпас, Барарға жүрек шыдамас... Үзінді авторы мен қолданылған көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: Ақтамберді, аллитерация
Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: XІ ғасыр
Көлқайнардағы ауылдардың ортақ атауы
Дұрыс жауап: «Құнанбай ауылы»
Мәтін тақырыбына сәйкес келетін нақыл сөз
Дұрыс жауап: Ақылды мерген аққуды атпайды. Атуға оның қолы батпайды.
С. Сейфуллиннің 1922 жылы Орынборда басылып шыққан жинағын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Асау тұлпар»
«Сені зарың – зарлайтыным өмірге, Сенің арың – арлайтыным өмірде», – деген үзінді Б. Майлиннің қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Кедейге»
Мұса Байжанұлының өлеңіне сай қажетті сөзді көрсетіңіз. Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса, Жарасар қамзол сұлу, белін буса. Шорманның Мұстапасы атымды алып, Атандым сол себептен ____________.
Дұрыс жауап: Жаяу Мұса
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтерген шығармасын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Мен – қазақпын»
Тұманбай Молдағалиевтің туған жылы мен туған жерін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: 1935 жылы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Жарсу ауылы.
М. Әуезовтің «Қарагөз» пьесасының басты кейіпкерлері
Дұрыс жауап: Сырым, Қарагөз
«Шыңы – бұлт, екпіні – жел, аттар – қаңбақ» І.Жансүгіров қолданған көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: Метафора
«Құдатғу біліг» дастанының авторын табыңыз.
Дұрыс жауап: Жүсіп Баласағұн
Асан қайғының «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарын мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» деп бағалаған жері
Дұрыс жауап: Жуалы
Шалқұйрық ауыз әдебиетінің қай түріндегі қай кейіпкердің тұлпары екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстіктің
Б. Майлиннің бір шығармасындағы баққаны-өсек, іздегені-пәле, жұрт арасына іріткі салып, атыстырып-шабыстырып жүретін кейіпкерін табыңыз.
Дұрыс жауап: Мұқыш
Тура мағынада берілген мақал-мәтел
Дұрыс жауап: Не ексең, соны орасың.
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасында Абдолла соңғы ақтық сөзін кімге арнағанын анықтаңыз
Дұрыс жауап: Отанына, еліне
Абайдың Көкбайға: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын» деп көңілі толған тұңғыш өлеңі
Дұрыс жауап: «Интернатта оқып жүр»
Фигура түрі. Мен емес... Мен атпадым...
Дұрыс жауап: Анафора
Сөйлемдегі суреттеу әдісі Әкем орта бойлы, арық қара кісі еді. Маңдайы жап-жазық, қасы қалың, көзі шүңгіл еді. Сол арықтығына қарамай, керемет күшті болатын.
Дұрыс жауап: Портрет
Өлеңде көтерілген мәселе
Дұрыс жауап: Достықты ажырата білу
«Қасқакөл дауында» Орманбет бидің шешімін өзгертуінің себебі
Дұрыс жауап: Анасының сөзі
«Шынында да, мына мұнара оның бетіне шіркеу болған тәрізді. Бұның осы бұншама бүгежектеп қалғаны несі? Қанша дегенмен жалпақ жаһанды қалтыратқан қаһарлы хан аты бар емес пе?» Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан бері…
Дұрыс жауап: Әмірші
«Батыр Баян» поэмасының шешімі
Дұрыс жауап: «Батыр Баянның өлім құшуы»
«Абай жолында» жеңгелері Телғара атаған кейіпкер
Дұрыс жауап: Абай
Төле бидің «Ердің бақыты – әйел» шығармасындағы басты кейіпкерді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Данагүл
Қорқыт ата халық есінде қандай қасиеттерімен қалған?
Дұрыс жауап: Күйші; Бақсы; Жыршы
Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы шығармасы (-лары)
Дұрыс жауап: Қыпшақ Сейітқұл; Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Төле бидің келіні:
Дұрыс жауап: Данагүл
Б. Соқпақбаевтың алғашқы шығармалар жинағын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Бұлақ»
Күлтегін жауласқан батырлар бейнесін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Тадық чур, Ышбар Ямтар, Иегін Сілікбек
Айтыстың көне түрін табыңыз.
Дұрыс жауап: Бәдік айтысы
С. Жүнісовтің роман-дилогиясын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Ақан сері»
Көп нүктенің орнына айтылатын шешеннің атын көрсетіңіз. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – ...».
Дұрыс жауап: Майқы би
«Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» шығармаларының авторы
Дұрыс жауап: Ж. Нәжімеденов
Бекет ұстаздың авторды (жас Ғабитті) әдебиетке тарта бастауының себебі
Дұрыс жауап: Қиссаға құмарлығын білгеннен кейін
Ә. Кекілбаевтың төрт бөлімнен тұратын романын табыңыз.
Дұрыс жауап: «Аңыздың ақыры»
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, _________ жауып өзіне қайтарамын, – деген Мұқағали ақынның өлең жолдарындағы көп нүктенің орнына керекті, дұрыс сөзді қойыңыз.
Дұрыс жауап: Шекпен