Қазақ әдебиеті: ҰБТ
1 028 сұрақ · 12-бет, барлығы 21 бет
«Қаз дауысты Қазыбек», «Қу дауысты Құттыбай», «Қаракерей Қабанбай», «Қанжығалы Бөгенбай есімдері» қай жыраудың толғауында кездесетінін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Үмбетей
О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін баяндайтын баланың есімін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ораш
М. Әуезовтің Тургеновтен аударған шығармасын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: «Дворян ұясы»
Қ. Шаңғытбаевтың пьесасын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Беу, қыздар-ай»
Көк өзекте көбелек, Көлге көк құс шүй, бөбек. Көк өзекте көбелек, Көбелектей күл, бөбек. Берілген үзіндідегі көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: Аллитерация
Ж. Молдағалиевтің Сәкен, Күләш, Жамбыл, Қаныш есімдері аталатын шығармасын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Мен – қазақпын»
Бұқар жыраудың толғауын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Жал, құйрығы қаба деп»
«Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім» деп, екі аяғы тізесіне дейін күркеден сыртқа шығып жататын аңыз кейіпкері
Дұрыс жауап: Жиренше
Екінші дүниежүзілік соғыстың көркем шежіресі болып табылатын туындыны көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Қаһарлы күндер» (Т. Ахтанов)
Aбайдың залалды әдеті
Дұрыс жауап: Ел ішіндегі дауға араласуы
Қарамен берілген сөйлемдегі қолданылған көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: Кейіптеу
Метафораны көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Шамдансам жығар асаумын, шамырқансам сынар болатпын.
С. Сейфуллин Анненковтың «Азап вагонында», Колчак түрмесінде қанша ай азап шеккенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Тоғыз ай
Әбішті алаңдатқан жағдай
Дұрыс жауап: Әкесіне өштескендердің көптігі
1-азатжолда қарамен берілген тіркестегі троп түрі
Дұрыс жауап: эпитет
Aбайдың Әбіштен естуге құмартқан жаңалығы
Дұрыс жауап: Ғылым, өнер саласындағы табыстар
Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесінің кейіпкері
Дұрыс жауап: Әзімбай
Асанқайғының ел кезіп, жерге сын айтудағы мақсаты не еді?
Дұрыс жауап: Малға жайлы, құтты қоныс табу
«Құтты білік» шығармасының негізгі төрт ұғымын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Әділет, ақыл, байлық, қанағат.
Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі басты оқиғаны көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Еңбектің арқасында кедейліктен құтылу.
«Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңыз-әңгімесіндегі жер-су атауларына. Асанқайғының айтқан сөздерімен сәйкестендіріңіз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік А) Сыр бойын көргенде... Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. В) Шідерті өзенін көргенде... Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Парсы әдебиетінде Афрасиаб есімімен белгілі болған түркі жырларында кездесетін тарихи тұлғаны көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Алып Ер Тұңға
Абай өлеңдерінде көтерілген мәселелерді анықтаңыз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік А) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» Ақын мен ақындықтың мұрат мақсаты туралы айтады. В) «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» Қоғамдағы әділетсіздік, ел басындағы күйзелісті ашып көрсетеді. Берілген шығармалардың авторын табыңыз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік А) «Бесатар» Асқар Сүлейменов В) «Шақан Шері» Мұхтар Мағауин М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы кейіпкерлердің Абайға туыстық қатысын анықтаңыз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік А) Тоғжан Абайдың ғашығы В) Ақылбай Абайдың тұңғышы «Малдың баласын сүюі» тұрмыс-салт жырындағы қойдың, ешкінің баласын сүюі
Дұрыс жауап: «Ештеңені білмеген момыным деп»; «...сүйеді баласын «қоңырым» деп»; «Тастан-тасқа секірген шұнағым деп»
Жамбыл Жабаевтің жыршылық жолмен кейінгіге жеткізген жыры (-лары)
Дұрыс жауап: «Едіге батыр»; «Шахнама»; «Ләйлі – Мәжнүн»
А.Кұнанбаевтың Лермонтовтан аударған аудармасы (аудармалары)
Дұрыс жауап: «Жартас»; «Теректің сыйы»; «Жалау»
Балуан Шолақтың ән-өлеңдері
Дұрыс жауап: Қос перне; Дүние
Асан қайғы шығармашылығына қатысты нұсқа(-лар)
Дұрыс жауап: «Көлде жүрген қоңыр қаз»; «Еділ бол да, Жайық бол»; «Есті көрсең, кем деме»
С. Мұратбековтің әңгімесін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Жусан иісі»
Рабғузидің «Қиса-сул-әнбие» кітабында баяндалады
Дұрыс жауап: Жаратылыстың пайда болуы, әулиелер, пайғамбарлар туралы
М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында пьесаның идеялық мазмұнын ашатын кейіпкер
Дұрыс жауап: Абыз бейнесі
Жамбылдың ұлт-азаттық тақырыбына жазған өлеңін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Зілді бұйрық»
ХVІІІ ғасырда қазақ халқы қандай тарихи оқиғаны бастан кешіргенін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама
Абай Семейдегі «Приходская школада» қанша уақыт оқығанын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Үш ай
«Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер, Мұжыққа қош-аман боп барасың ба? Қасиетті бабамыздың зияраты Қалдың ғой көшесінің арасында», – деген үзінді М. Дулатовтың қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Қазақ жерлері»
Абылай Қ. Шаңғытбаевтың қай шығармасының кейіпкері екенін табыңыз.
Дұрыс жауап: «Сабалақ»
Шандор Петефидің өлеңдері қазақ халқының қай ақынының шығармаларымен үндес екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: М. Өтемісұлы
Кәсіби сөз қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Еріншек егіншіден елгезек масақшы озыпты.
Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естіртуі» толғауында Абылайдың батыр, билеріне берген бағасы
Дұрыс жауап: «Тәңірім берген үлкен сый»
Абайдың ән табиғатын терең ашып түсіндіретін өлеңін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
«Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») атты лингвистикалық еңбектің авторын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Махмұд Қашқари
Ыбырай Алтынсариннің қоғамдағы әділетсіздікті қарапайым адамның монологі түрінде берген өлеңі
Дұрыс жауап: «Залым төреге»
Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: «Диуани хикмет»
Ы. Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: «Өнер-білім бар жұрттар»
Ағынды менің Ақсуым, Арқырап әлі ағасың,, Ақиланған ашумен, Ақтарды асқар сабасын. Үзіндіде қолданылған көркемдік тәсіл
Дұрыс жауап: Ассонанс
«Найман-Ана» шығармасының оқиғасы өткен жерді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Сарыөзек
Бақтығұл мен Тектіғұл Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері екенін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: «Қараш-қараш оқиғасы»
Бос орынға Ақан өлеңіне қатысты сөзді көрсетіңіз. «Шынымен өлгенің бе, ____________, Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің».
Дұрыс жауап: Құлагерім