Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 10-бет, барлығы 21 бет

  1. Бала мініп келген тұлпардың Шашты еліндегі аты

    Дұрыс жауап: Қыпшақбоз

  2. Тармақтағы көркемдегіш құрал Бұхардың гаухар тасындай. Танадай көзі жарқылдап, Наурыздың ақша қарындай. Ақ тауықтың қанындай. Жазғы түскен сағымдай...

    Дұрыс жауап: Теңеу

  3. «Қазақстан» газетіне қаржылай көмек көрсеткен қоғам қайраткерін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Шәңгерей Бөкеев

  4. Шалкиіз жырау Би Темірге қарата қандай теңеулерді қолданады?

    Дұрыс жауап: Арабы торымсың, алдаспанымсың, Қағбамсың

  5. Үзіндідегі паралеллизм

    Дұрыс жауап: Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?..

  6. Бірінші абзацтағы суреттеу тәсілі

    Дұрыс жауап: Гипербола

  7. «Ескендір» поэмасының идеясына сәйкес келетін мәтелді белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Қанағат қарын тойғызар.

  8. Хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипатты бойына жинақтаған тарихи шығарманы белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Тар кезең»

  9. Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының соңғы оқиға шешімін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Баласы да, аққу да өледі.

  10. Жазушы жасаған Ұлпан бейнесін анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Ел билеген көсем, сөз бастаған шешен

  11. «Жалғыз» поэмасы қандай ұйқас түріне құрылғанын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Шалыс ұйқас

  12. Сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым:Жақсы менен жаманды айырмадың. Бас-басына би болған өңкей қыйқым
    2. Лай суға май бітпес қой өткенге:Берген бе тәңірім саған өзге туыс. Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі.
  13. Берілген шығармалардың авторын табыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1. Смағұл Елубай«Жалған дүние»
    2. Таласбек Әсемқұлов«Бекторының қазынасы»
  14. Берілген үзіндіде сипатталған кейіпкер қай шығармадан және кім екенін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1. «Атау кере», Таған бейнесіҚан қашқан беті таң нұрымен таласа әдемі көрініп еді. Қыр мұрны, әсіресе, қамасып жатқан ұзын кірпіктері назар салдырмай, сұқтандырмай қаймайды.
    2. «Қаһар», Кенесары бейнесіОрта бойлы, кең жауырын, арықтау тарамыс денелі, жатаған келген ат жақты сұр кісі. Сәл қызғылт тартқан қыран көзді, жуан балуан мойынды. Қою шоқша сақалы сүп-сүйір.
  15. І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы кейіпкерлердің Кенесарыға туыстық қатысын анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1. СаржанКенесарының ағасы
    2. БопайКенесарының апасы (әпкесі)
  16. Поэзиядағы сатира үлгісіндегі өлең(-дер)

    Дұрыс жауап: «Көжекбайға»; «Күлембайға»; «Кәдірбайдың төбеті»

  17. «Қобыланды батыр» жырындағы Тоқтарбайдың жайлаған жерлерінің атау(-лар)ы

    Дұрыс жауап: Қараспан; Көздікөл

  18. І. Жансүгіровтің драмалық шығармалары

    Дұрыс жауап: «Кек»; «Түрксиб»

  19. «Қобыланды батыр» жырына қатысы жоқ жол(-дар)

    Дұрыс жауап: «Бұл заман байқағанға күштінікі, азулы, тырнақты мен тістінікі»; «Бөтен туған бала едің, жұртқа тұлға болғандай, сол себепті сені тежеймін, ақылың болса, ойлап тұр»

  20. Қазақ аңыз әңгімелеріндегі негізгі кейіпкерлер

    Дұрыс жауап: Қожанасыр; Жиренше; Алдар көсе

  21. Мұрат Мөңкеұлының толғауын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Үш қиян»

  22. Орманың да шуламасын, Суларың да туламасын. Ақ басты ала тауларың да Күңіренбесін, жыламасын... Үзіңді авторы

    Дұрыс жауап: М. Мақатаев

  23. Қазақ пен қалмақ арасын бітістірген би-шешенді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қазыбек

  24. Ж. Нәжімеденовтің романын табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Даңқ пен дақпырт»

  25. «Керей, қайда барасың?» толғауының тақырыбын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Ел бірлігі

  26. Ы. Алтынсарин қай жылы, қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырғанын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: 1887 жылы Ырғызда

  27. С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы қандай туынды екенін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Әлеуметтік роман

  28. М. Мақатаевтың поэмасын табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Аққулар ұйықтағанда»

  29. Қ. Жұмаділовтің шығармасын табыңыз.

    Дұрыс жауап: «Қаздар қайтып барады»

  30. Н. Сералиев сценарийін жазған көркем фильмді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Еңлікгүл»

  31. «Абай жолы» романын «Қазақ халқының көркемдік энциклопедиясы» деп бағалаған ғалымды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Қ. Сәтбаев

  32. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткенін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Сырымбетте

  33. Алыстағы Африка табиғаты туралы жазылған Ш. Мұртазаның шығармасын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Сфинкстің сыры»

  34. Жұбан Молдағалиевтің туған жері

    Дұрыс жауап: Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Жыланды жері

  35. Абай оқыған философтарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер.

  36. Т. Ахтановтың генерал Панфилов (романда-Парфенов) дивизиясының әскери өмірі негіз болған романы

    Дұрыс жауап: «Қаһарлы күндер»

  37. С.Мұқановтың шығармасы

    Дұрыс жауап: «Сұлушаш»

  38. Шәкәрімнің туған жері

    Дұрыс жауап: Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы

  39. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай» деп баға берген қаламгер

    Дұрыс жауап: Н.Погодин

  40. І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің тарауы

    Дұрыс жауап: «Тау суреті»

  41. «Бөгенбай сынды батырдың Береке берсін артына-ай, Сабыр берсін халқына-ай, Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай!» – деген Үмбетей жыраудың толғауы ауыз әдебиетінің қай жанрына жататынын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Көңіл айту

  42. Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Ал, тілімді алмасаң»

  43. Сәбит Мұқановтың Шоқанның өмірі мен қызметіне арнап жазған туындысы

    Дұрыс жауап: «Аққан жұлдыз»

  44. Өлеңде көтерілген негізгі мәселе

    Дұрыс жауап: Халықтың санасын ояту

  45. Өлеңдегі лириканың түрі

    Дұрыс жауап: Саяси-азаматтық лирика

  46. Мәтінде Абайдың тілеуін тілеп, дұғасын арнап отыратын адам

    Дұрыс жауап: Зере

  47. Үзіндінің негізгі идеясы

    Дұрыс жауап: Балалық шақтың жарқын бейнесін суреттейді.

  48. Досқа жазылған хат үлгісіндегі Сәкен Сейфуллиннің өлеңі

    Дұрыс жауап: «Сыр сандық»

  49. Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» хикаясындағы кейіпкерлер мен олардың сөздерін сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) АянБарлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен?
    2) БапайАман-есен барып орналасқан соң хат жаз
  50. Қ.Жұмаділовтің «Каздар кайтып барады» повесіндегі кейіпкерлер ұстанатын ырымдарды мән-мағынасымен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Құсты атқызбау ырымыБұлар да жолаушы ғой, алысқа кетіп барады. Жолынан қалдырмайық
    2) Елден жырақ кеткенде жасалатын ырымТуған жеріне қайта келуді тілеген адам өзімен топырақ түйіп алады