Ustazdyq

Физика: Нөлдік срез

171 сұрақ · 3-бет, барлығы 4 бет

  1. Идеал жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті 40 %. Газ қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Салқындатқышқа берілген жылу мөлшерін табыңдар.

    Дұрыс жауап: 3000 Дж

  2. Өрістің кейбір нүктесінде 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 200 Н/Кл

  3. Газды қысымын өзгертпей қыздырған кезде 270 Дж жұмыс атқарылды. Егер газ ұлғайған кездегі оның көлемі 3 литрге өзгерген болса, газдың қысымын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 90 кПа

  4. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілді. Шардың бетіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар. (k=9⋅109Н⋅м2Кл2k=9\cdot 10^{9}Н\cdot \frac{м^{2}}{Кл^{2}})

    Дұрыс жауап: 600 Н/Кл

  5. Әрқайсысының шамасы 6 нКл екі заряд, бір-бірімен 4 мН күшпен әсерлесетін болса, олардың арақашықтығын табыңдар. (k=9⋅109Н⋅м2Кл2k=9\cdot 10^{9}Н\cdot \frac{м^{2}}{Кл^{2}})

    Дұрыс жауап: 9 мм

  6. Газ өзінің қысымын өзгертпей, 400 Дж жұмыс атқарды. Егер газдың көлемі 0,3м 3 -тен 0,6м 3 -ке өзгерген болса, газдың қысымын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,33 кПа

  7. Сыйымдылықтары 3 нФ және 2 нФ конденсаторлар бір-бірімен тізбектей жалғанған кездегі жалпы сыйымдылықты табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,2 нФ

  8. Идеал бу машинасының пайдалы әрекет коэффициенті 60 %. Қыздырғыштың температурасы 227С болса, салқындатқыштың температурасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 200 К

  9. Заряды - 2 нКл су тамшысы, заряды 3 нКл су тамшысымен біріккен кезде пайда болған зарядты табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1 нКл

  10. Егер зарядтан 5 см қашықтықта пайда болатын электр өрісінің кернеулігі 0,15*10 6 Н/Кл болса, зарядтың шамасын табыңдар. (k=9⋅109Н⋅м2Кл2k=9\cdot 10^{9}Н\cdot \frac{м^{2}}{Кл^{2}})

    Дұрыс жауап: 41,7 нКл

  11. Термодинамиканың бірнші заңы үшін дұрыс нұсқаны көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: жылулық процестер үшін энергияның сақталу заңы

  12. Сыйымдылықтары 3 нФ және 4 нФ конденсаторлар бір-бірімен тізбектей жалғанған кездегі жалпы сыйымдылықты табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,7 нФ

  13. Шамалары 4 нКл және 2 нКл зарядтарды бір-бірімен түйістіріп, одан кейін бастапқы орынына алып барған кездегі әр зарядтың шамасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 3 нКл

  14. Кернеулігі 200 Н/Кл электр өрісіне 100 нКл зарядты енгізді. Осы зарядқа әсер ететін күшті есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 20 мкН

  15. Радий атомы ядросынан массасы 6,67*10 -27 кг альфа бөлшек 2*10 7 м/с жылдамдықпен ұшып шыққан болса, оның энергиясын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1,33*10 -12 Дж

  16. Денелердің зарядталғанын анықтайтын құрал

    Дұрыс жауап: электроскоп

  17. Термодинамиканың екінші заңы үшін Клаузис тұжырымдамасын белгілеңдер

    Дұрыс жауап: жылу температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге беріледі

  18. Конденсатордың заряды 0,4 мКл, ал астарларындағы кернеу 500 В. Конденсатордың энергиясын анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 0,1 Дж

  19. Шамасы 150 Н күштің әсерінен дене x=100+5t+0,5t2x=100+5t+0,5t^{2}координатасымен өзгеретіндей түзусызықты қозғалады. Дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 150 кг

  20. Қатаңдық коэффициенті 100 кН/м трос массасы 2 т автомобильді 0,5м/с20,5м/с^{2} үдеумен сүйреу кезіндегі абсолют ұзаруын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 1 см

  21. Тарту күші 400 Н болатын арқанмен массасы 50 кг шананы горизонталь бағытта сүйрейді. Үйкеліс күші 100 Н болса, шананың үдеуі қандай?

    Дұрыс жауап: 6м/с2м/с^{2}

  22. Массасы 15 кг снаряд атыс кезінде 600 м/с жылдамдық алады. Егер қару ұңғысының ұзындығы 1,8 м болса, оқ-дәрілердің снарядқа түсіретін орташа күшін табыңдар. Ұңғыдағы снарядтың қозғалысын теңүдемелі деп есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 1,5 МН

  23. Шамасы 15 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автобус, апаттық тежелу басталған соң қанша уақыт өткенде тоқтайтынын анықтаңдар. Үйкеліс коэффициенті 0,3 тең. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 5 с

  24. Ұшқыш, радиусы 360 м «өлі тұзақтың» жоғары нүктесінде өзін салмақсыз сезіну үшін қандай жылдамдықпен ұшуы керек екенін табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 60 м/с

  25. Денелердің Жерге тартылу күші

    Дұрыс жауап: ауырлық күші

  26. Массасы 3 т автомобиль қисықтық радиусы 50 м ойыс көпір арқылы 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобиль көпірді қандай күшпен қысатынын есептеңдер. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 24 кН

  27. Инерттіліктің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы көрсетіңдер

    Дұрыс жауап: масса

  28. Массасы 15 т автобус жылдамдығы vx=0,7tv_{x}=0,7tзаңымен өзгеретіндей қозғалады. Егер қозғалыстың үйкеліс коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 15 кН

  29. Массасы 1 т автомобиль 2 м/с2м/с^{2} үдеумен қозғалған кездегі тарту күшін есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 3 кН

  30. Егер айдың массасы 7,33⋅1022кг7,33\cdot10^{22}кг, радиусы 1700 км болса, Айдағы еркін түсу үдеуін есептеңдер. (G=6,67⋅10−11H⋅м2/кг2G=6,67\cdot 10^{-11}H\cdotм^{2}/кг^{2})

    Дұрыс жауап: 1,68 м/с2м/с^{2}

  31. Бала ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м мұз қатқан еңістік бойымен қозғалады. Баланың үдеуін анықтаңдар. Үйкеліс ескерілмейді. Еркін түсу үдеуінің мәнін (g=10м/с2g=10м/с^{2}) деп есептеңіз.

    Дұрыс жауап: 3,85м/с23,85м/с^{2}

  32. Салмағы 270 Н болуы үшін алюминийдің қандай көлемі қажет екенін анықтаңдар (ρ=2700кг/м3,g=10Н/кг\rho=2700кг/м^{3}, g=10Н/кг).

    Дұрыс жауап: 10дм310 дм^{3}

  33. Көлденең бағытта әсер еткен 12 Н күштің әсерінен дене x=x0+t2x=x_{0}+t^{2}заңымен қозғалады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,1 болса, дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 4 кг

  34. Салмағы 600 Н адам лифтіде жоғары қарай 2 м/с2м/с^{2}үдеумен көтеріледі. Оның лифт еденіне түсіретін қысым күші қандай? (g=10 м/с2м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 720 Н

  35. Массасы 400 г тыныштықтағы дене 8 Н күштің әсерінен 36 км/сағ жылдамдық алды. Дененің жүріп өткен жолын есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 2,5 м

  36. Ұшақ радиусы 100 м «өлі тұзақ» жасай ұшып, 288 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Егер ұшқыштың массасы 80 кг болса, ол тұзақтың ең жоғары нүктесінде ұшақ орындығына қандай күш түсіретінін есептеңдер.

    Дұрыс жауап: 4,3 кН

  37. Егер массасы 6 кг дененің қозғалыс жылдамдығы vx=5+4tv_x=5+4t заңымен өзгерсе, оған әсер ететін күшті табыңдар.

    Дұрыс жауап: 24 Н

  38. Екі бала динамометрді екі жаққа қарай 80 Н күшпен тартуда. Динамомтер нені көрсететінін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 80 Н

  39. Массасы 2 кг денеге 10Н күш әсер етеді. Дененің үдеуі қандай?

    Дұрыс жауап: 5м/с2м/с^{2}

  40. Массасы 65 кг спортсмен биіктігі 10 м мұнарадан суға 13 м/с жылдамдықпен секірген кездегі кедергі күшті табыңдар. (g=10м/с2g=10м/с^{2})

    Дұрыс жауап: 100,8 Н

  41. Көлемі 25 л бензиннің салмағын есептеңдер. Бензиннің тығыздығы 710кг/м3710кг/м^{3}. Еркін түсу үдеуі g=10Н/кгg=10Н/кг.

    Дұрыс жауап: 177,5 Н

  42. Массасы 2 кг ағаш кесегін ағаш үстелдің бетімен көлденең бағытта, қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3. Серіппенің ұзаруын табыңдар. (g=10Н/кгg=10Н/кг)

    Дұрыс жауап: 6 см

  43. Егер сыртқы кедергі R1=20R_{1} = 20 Ом болғанда тізбектегі ток 0,5 А, ал сыртқы кедергі R2=100R_{2} = 100 Ом болғанда тізбектегі ток күші 1 А болса, қысқа тұйықталу ток күшін анықтаңдар.

    Дұрыс жауап: 1,4 А

  44. Жүк көтергіш кран массасы 6 т жүкті 12 м биіктікке 2 минутта көтереді. Егер жүкті көтеру кезінде кранның электрқозғалтқышындағы кернеуі 380 В кезде ток күші 51 А болса, кранның пайдалы әрекет коэффициентін табыңдар. \((g…

    Дұрыс жауап: 31%31\%

  45. Белсенді бөлігінің ұзындығы 5 см өткізгіштегі ток күші 25 А және өткізгішке 50 мН күш әсер ететін болса, магнит өрісінің индукциясын табыңдар. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан. \((\sin 90^\c…

    Дұрыс жауап: 40⋅10−3 Тл40 \cdot 10^{-3} \, Тл

  46. Егер 25 минутта катодта 0,250{,}25 г күміс бөлініп шыққан болса, амперметрдің көрсетуін есептеңіздер. (k=1,12⋅10−6кг/Кл)(k = 1{,}12 \cdot 10^{-6} \text{кг/Кл})

    Дұрыс жауап: 0,15 А0{,}15 \, А

  47. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с-та 6⋅10196 \cdot 10^{19} электрон өтеді. Өткізгіштегі ток күшінің мәнін анықтаңыздар: (e=1,6⋅10−19 Кл)(e = 1{,}6 \cdot 10^{-19} \, Кл)

    Дұрыс жауап: 4,8 Кл4{,}8 \, Кл

  48. Қуаты 2,2 кВт2{,}2 \text{ кВт} «Prolis» электр шәйнегінде көлемі 1,5 л1{,}5 \text{ л} су 15∘C15^\circ \text{C}-тан 100∘C100^\circ \text{C}-қа дейін қайнау үшін 55 минут уақыт қажет болды. Электр шәйнегінің ПӘК-ін есептеңіз…

    Дұрыс жауап: 81%

  49. Шамасы 150 Н күштің әсерінен дене x=100+5t+0,5t2x=100+5t+0,5t^{2}координатасымен өзгеретіндей түзусызықты қозғалады. Дененің массасын табыңдар.

    Дұрыс жауап: 150 кг

  50. Изобаралық процеске сәйкес келетін теңдеуді көрсетіңдер.

    Дұрыс жауап: V1V2=T1T2\frac{V_1}{V_2}=\frac{T_1}{T_2}