Ustazdyq

Биология: Нөлдік срез

225 сұрақ · 2-бет, барлығы 5 бет

  1. Биоэнергетиканың негізгі заңын тұжырымдады

    Дұрыс жауап: Липман

  2. Ағзалардың жеке дамуы -

    Дұрыс жауап: онтогенез

  3. Медициналық биомеханиканың негігі салаларына жатпайды:

    Дұрыс жауап: бұлшықеттер биомеханикасы

  4. Бактерия жасуша қабықшасының құрамында болады

    Дұрыс жауап: муреин

  5. Тамырдың жердің ауырлық күшіне қатысты төменге қарай өсуі -

    Дұрыс жауап: геотропизм

  6. "Жасанды бүйрек "аппаратының жартылай өткізгіш мембранасы арқылы қан плазмасын сүзуі

    Дұрыс жауап: гемодиализ

  7. Химиялық мутаген:

    Дұрыс жауап: никотин қышқылы

  8. Гаметогенездің бірінші кезеңі:

    Дұрыс жауап: көбею

  9. Мүктердің кейбірінде тамырдың қызметін атқарады

    Дұрыс жауап: ризоид

  10. Адам мен приматтардың ұқсастығы:

    Дұрыс жауап: сүйектерінің химиялық құрамының ұқсастығы

  11. Қозғалысты үш бағытта жүзеге асыратын ең қозғалмалы буындар

    Дұрыс жауап: үш осьті

  12. Сирек кездесетін қан ұйымайтын тұқым қуалайтын ауру

    Дұрыс жауап: гемофилия

  13. Нәруыздың қызметі

    Дұрыс жауап: ферменттік

  14. Адам қаңқасындағы қозғалмай байланысқан сүйектер:

    Дұрыс жауап: бас сүйек

  15. Жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым.

    Дұрыс жауап: селекция

  16. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал

    Дұрыс жауап: спирометр

  17. Эмоцияны білдіретін бұлшық ет

    Дұрыс жауап: мимикалық бұлшық ет

  18. Адам және жануардың негізгі қордағы көмірсуы

    Дұрыс жауап: гликоген

  19. Асқорыту жүйесі,өкпе,тыныс алу мүшелері түзіледі

    Дұрыс жауап: энтодерма

  20. Дайын органикалық затпен қоректенетін ағзалар

    Дұрыс жауап: консументтер

  21. Адам ағзасының ішкі ортасы

    Дұрыс жауап: қан

  22. Аз қозғалу:

    Дұрыс жауап: гиподинамия

  23. Әр түрге жататын ағзалардың бір-бірінен бөлек кетпей,селбесіп тіршілік етуі

    Дұрыс жауап: мутуализм

  24. Түрлердің арғытектері туралы ілімнің негізін салған ғалым

    Дұрыс жауап: Н.И.Вавилов

  25. Жануарлардың жаңа қолтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару әдістері туралы ғылым.

    Дұрыс жауап: селекция

  26. Сүйектің қызыл кемігінде түзіледі:

    Дұрыс жауап: қан жасушалары

  27. «D» витаминінің жетіспеушілігінен туындайтын ауру

    Дұрыс жауап: мешел

  28. Ортаңғы құлақ сүйекшесі:

    Дұрыс жауап: балғашық

  29. Аккомодацияны қамтамасыз ететін көздің оптикалық жүйесі:

    Дұрыс жауап: көзбұршақ

  30. Дернәсілдері суда дамитын және желбезекпен тыныс алатын ағзалар

    Дұрыс жауап: қосмекенділер

  31. Омыртқа жотасының бел бөлімінің екі жағында орналасқан бұршақ пішінді жұп мүше

    Дұрыс жауап: бүйрек

  32. Ең ірі артерия қан тамыры

    Дұрыс жауап: қолқа

  33. Көзді қоректік заттармен қамтамасыз ететін қабық:

    Дұрыс жауап: тамырлы

  34. Күріш ,қант қамысы ,көптеген жемістердің шыққан орталығы

    Дұрыс жауап: Оңтүстік Азия

  35. Кодоминирлеу эффектісі байқалатын қан тобы:

    Дұрыс жауап: ІҮ

  36. Интерфазадағы синтетикалық кезеңнің маңызды оқиғасы:

    Дұрыс жауап: ДНҚ репликациясы

  37. Жатырдың сілемейлі қабығының өсуін қамтамасыз ететін гормон:

    Дұрыс жауап: эстроген

  38. Хромосома жиынтығы сақталатын бөліну әдісі:

    Дұрыс жауап: митоз

  39. Қызыл және ақ түсті түнсұлу өсімдігін будандастырғанда пайда болатын бірінші ұрпақ түсі:

    Дұрыс жауап: қызғылт

  40. Кез келген қан тобын қабылдай алатын топ:

    Дұрыс жауап: ІҮ

  41. Қоршаған орта түсіндей болу

    Дұрыс жауап: бүркеніш рең

  42. Тіршілік үдерісі тоқтаған сәтте жүретін интерфаза кезеңі:

    Дұрыс жауап: G 0

  43. Көпжасушалы эукариоттар –омыртқасыздар мен балдырлар пайда болды:

    Дұрыс жауап: протерозой

  44. Ішкі аналық жыныс мүшесі:

    Дұрыс жауап: жатыр түтігі

  45. Сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастықты көрсетеді:

    Дұрыс жауап: морфологиялық критерий

  46. ЖИТС (СПИД) қоздырушысы:

    Дұрыс жауап: вирустар

  47. Жасушалардың, сабақтың,тамырдың өсуіне әсер ететін фитогормон

    Дұрыс жауап: гиббереллин

  48. Менструация циклінің екінші фазасы:

    Дұрыс жауап: фолликулдық

  49. Май ұлпасы мен терілі қатпарлардан тұратын аналық жыныс мүшесі:

    Дұрыс жауап: жыныстық жапсарлар

  50. Құстар, жорғалаушылардың бөліп шығару өнімі

    Дұрыс жауап: зәр қышқылы