Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 18-бет, барлығы 30 бет

  1. Мазмұны екі ұшты болмай, дәл, анық жазылып, құрылысы тәртіппен ұйымдастырылатын қысқа мәтінді қай қатарға жатқызамыз.

    Дұрыс жауап: Ресми стиль

  2. Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу қай стильге тән,табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль

  3. Ғылыми стильдің қолданылатын орнын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Зерттеулерде

  4. «Бауыржан» өлеңінің авторы

    Дұрыс жауап: Қ.Аманжолов

  5. Қазақтың тұңғыш зерттеушісі

    Дұрыс жауап: Ш.Уәлиханов

  6. Жеті Жарғы" заңдар жинағы қандай құқықтық мәселелерді шешті?

    Дұрыс жауап: құқықтық қатынастар мен жеке тұлғалардың міндеттерін

  7. Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы журналистер қатарын белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мәриям Сейдалина, Күләйім Өтегенқызы

  8. «Қазақстан жолы» кітабында не туралы баяндалған шаруа адамдар өмірі

    Дұрыс жауап: еліміздің жүріп өткен жолы, елбасының оқыған еңбектері туралы әңгімелер

  9. «Қазақстан жолы» кітабының авторы

    Дұрыс жауап: Н.Назарбаев

  10. Қасым Аманжоловтың мына өлең жолдары кімге арналған? Ақынның ақ сұңқардай жүрегі бар, Алқындым бір көруге болып құмар. Көктемде күркіреген күн дауысын Жер естіп, желкілдеген гүл ынтазар.

    Дұрыс жауап: Бауыржан Момышұлына

  11. 1993 жылы алғаш қабылданған Конституцияның мәні мен маңызы:

    Дұрыс жауап: барлық нұсқа дұрыс

  12. Ырықсыз етіс:

    Дұрыс жауап: киілді

  13. «Жас дәурен» өлеңіндегі Қасым Аманжоловтың өмір мен өлімге қатысты философиялық көзқарасы:

    Дұрыс жауап: өмір уақыттың еншісінде

  14. Бауыржан неге ашуланды

    Дұрыс жауап: Кезексіз алған пәтерге

  15. Қазақта «Би» атағы кімдерге берілген

    Дұрыс жауап: сот ісі мен заңды жетік меңгерген шешен адамға

  16. «Азат елдің ар-намысы -Ата заң» өлеңіндегі автордың ойы

    Дұрыс жауап: әркім өз елінің Ата заңын құрметтеуі керек

  17. Мақалды толықтыр: Басшысын таппаған ел азады. Жолдасын таппаған ___ азады.

    Дұрыс жауап: ер

  18. «Конвенция» сөзінің латынша мағынасы

    Дұрыс жауап: келісім

  19. «Азат елдің ар-намысы -Ата заң» өлеңінің авторы

    Дұрыс жауап: А.Сейтақ

  20. Елбасы туралы жарық көрген еңбек

    Дұрыс жауап: «Өмір өткелдері»

  21. Мәтелді жалғастырыңыз: Тәрбиелі тәртіптің ...

    Дұрыс жауап: құлы

  22. Мезгіл үстеу қатысқан сөйлем:

    Дұрыс жауап: Биыл қыс қатты болды

  23. Сөйлемге керекті сөздерді анықтаңыз: Ата заңымыз 9 ________, 98 ________ тұрады.

    Дұрыс жауап: бөлім, баптан

  24. Жезде мен балдыздың, жеңге мен қайын іні арасындағы қалжың:

    Дұрыс жауап: Сөзталас

  25. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыратын амал тәсілдерді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Мағына жақындығы, арнайы грамматикалық тәсілдер

  26. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Олжабек сасқаны сонша – орнынан атып тұрды.

  27. А. Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде ыңғайлас салаласты қалай атаған?

    Дұрыс жауап: Жиылыңқы

  28. Көпқұрамды құрмалас сөйлемнің түрін белгіле.

    Дұрыс жауап: Аралас құрмалас сөйлем

  29. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Жүзінде қайғы жоқ, бірақ қорқыныш бар.

  30. Құрмаластың құрамындағы сөйлемдер санына қарай қалай жіктеледі?

    Дұрыс жауап: Екіқұрамды, көпқұрамды

  31. Өмірбаян қай стильге жататынын көрсет

    Дұрыс жауап: Ресми іс-қағаздар стилі

  32. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемде қандай ойды білдіреді?

    Дұрыс жауап: Бірінде айтылған ой екіншіде айтылған оймен мезгілдес, ыңғайлас бағытта болады.

  33. Жақсының жүрген жері – базар, жаманның жүрген жері – азар. Берілген сөйлемнің түрі:

    Дұрыс жауап: Құрмалас сөйлем

  34. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ақыл айтсаң, тыңдар құлаққа айт.

  35. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Күткен адамы келмеді, - ол кетуге асықпады.

  36. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Бірқазан жер бетінде ауыр қозғалғанымен, cуда жақсы жүзеді.

  37. Салаласқа енген жай сөйлемдер "бірақ", "өйткені", "сондықтан", "дегенмен", "алайда", деген жалғаулықтармен келгенде қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Жалғаулықтардан бұрын үтір.

  38. Сабақтас құрмалас сөйлем.

    Дұрыс жауап: Күн батып, қас қарайып барады.

  39. Жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.

  40. Көрмені қонақтар жақсы қабылдады, алайда жас шеберлер толықтыратын тұстары көп еді. Сөйлемнің түрін көрсет.

    Дұрыс жауап: Қарсылықты салалас

  41. Көкіректе сәуле жоқ көңілде сенім жоқ. Сөйлем түрін, қажет тыныс белгісін көрсет.

    Дұрыс жауап: Ыңғайлас салалас, үтір

  42. Бірінің орнына бірі жүре алатын салалас түрін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Себеп – салдар салалас

  43. Құрамындағы сөйлемдердегі іс-әрекеттің бірі таңдалып, бірі болмаса, бірі орындалатын құрмалас сөйлемнің түрі.

    Дұрыс жауап: Талғаулы

  44. Бала-шағаңыз аман-есен келіп, көзайым болдыңыз ба? Берілген сөйлемнің түрі.

    Дұрыс жауап: Сабақтас құрмалас

  45. Салалас құрмаластың байланысу жолын көрсет.

    Дұрыс жауап: Жалғаулықты шылаулар арқылы

  46. Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі барын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Алты

  47. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

  48. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Қаныш түрлі тастарды жинап, өз бетінше жүретін.

  49. Құрмаластың қай түрі екенін көрсетіңіз: «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып істе».

    Дұрыс жауап: Сабақтас құрмалас сөйлем

  50. Күнделікті өмірде кездесетін сөз қақтығыс түрі:

    Дұрыс жауап: Сөзталас