Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 17-бет, барлығы 30 бет

  1. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөз

    Дұрыс жауап: Сексен

  2. Халыққа үндеу, үгіт-насихат айтуда қолданылатын стиль

    Дұрыс жауап: Публицистикалық стиль

  3. Фонетикалық принципке сай жазылған сөз

    Дұрыс жауап: Торайғыров

  4. Оқиғаны образды түрде бейнелеу дегеніміз не?

    Дұрыс жауап: Оқиғаға қатысты кейіпкерлердің іс – әрекеті, сөзі, мінезі.

  5. Орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөз

    Дұрыс жауап: Силық

  6. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін анықтаңыз.

    Дұрыс жауап: қарапайым сөздерді қолдану

  7. Көптік жалғауы қате жалғанған сөзді көрсет

    Дұрыс жауап: Он оқушылар

  8. Қарапайым сөздер көбірек кездесетін стиль

    Дұрыс жауап: Ауызекі сөйлеу стилі

  9. Тәуелденіп септелген сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Інісін қасына шақырды.

  10. Орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге ассын. Қай стиль түрінде пайдаланылатын тіркестер

    Дұрыс жауап: Ресми стиль

  11. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөз:

    Дұрыс жауап: Марқасқа

  12. Тәуелдік жалғауының 2-жағында тұрған сөзді көрсет

    Дұрыс жауап: Қолыңызда

  13. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді атаңыз.

    Дұрыс жауап: Образды сөздер мол қолданылады.

  14. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықта. Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.

    Дұрыс жауап: Пысықтауыш

  15. Шылау арқылы байланысқан сөз тіркесі бар сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Аяжан Астанаға оқу үшін келді.

  16. Қателесу мағынасындағы тұрақты сөз тіркесін көрсет

    Дұрыс жауап: Аяғын шалыс басу

  17. Тәуелді септелген сөз қатысқан сөйлемді көрсет.

    Дұрыс жауап: Нұрай би үйірмесіне қатысып жүр.

  18. Тұрақты тіркесті көрсет

    Дұрыс жауап: Қас пен көздің арасында

  19. Барыс септігінде тұрған сөзді тап

    Дұрыс жауап: Ғарышқа самғау

  20. Сөйлеу тілін көрсет

    Дұрыс жауап: Жүріп кеп, үйге барам, анаң қара

  21. Стиль түрі. Логиканың зерттейтін пәні – дұрыс ойлаудың заңдылығы мен формасы.

    Дұрыс жауап: Ғылыми

  22. Ғылыми стильдің мақсатын көрсетіңдер.

    Дұрыс жауап: Заттың, құбылыстың жалпы ерекшелігін ашып мәлімет беру

  23. Шылау қатысқан сөйлемді көрсет

    Дұрыс жауап: Бүгінгі жұмысты тастап мен де келдім

  24. Кірме сөз қатысып тұрған сөйлем

    Дұрыс жауап: Медиафорумға келген әдебиетшілер әсер алды

  25. Көркем әдебиет стиліне тән белгі.

    Дұрыс жауап: Образдылық

  26. Бөлек жазылатын сөздер

    Дұрыс жауап: Он шақты, жүз шамалы

  27. Кітаби тілге жатпайтын нұсқаны белгіле

    Дұрыс жауап: Лексикалық құрылымдарда диалектілер орынды қолданылады

  28. Әдеби тіл дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Жазу дәстүрі арқылы белгілі жүйеге түскен

  29. Қате жазылған сөзді табыңыз.

    Дұрыс жауап: аспашшы

  30. Ресми стильдің баяндауышы етістің қай түрінде келетінін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Ырықсыз

  31. Драматургия – әдебиетіміздің ең жас саласы. Драматургияның, сахна өнерінің жұртшылыққа әсері күшті. Стиль түрін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль

  32. Ғылыми стильде жазылған сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Өсімдіктің өсу, астықты сақтау, өңдеу процестерінде су ең шешуші орын алады.

  33. Баяндауышы көбіне ырықсыз етіс формасында келетін стиль түрін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: Ресми іс қағаздар стилі

  34. «Орындау міндеттелсін» сөз тіркесінің стиль түрі:

    Дұрыс жауап: Ресми іс қағаздар стилі

  35. Қолхат қай стильге жататынын табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ресми іс қағаздары стилі

  36. Әдеби тілге жатпайтын қатарды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Дисфемизм сөздер

  37. 33-бап. Азаматтың жеке өміріне араласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салынады. Сөйлемге сипаттама бер.

    Дұрыс жауап: Жай сөйлем, ресми іс қағаздар стилі

  38. Әкімшілік саласында қолданылатын стильді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Ресми іс қағаздары стилі

  39. Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту қай стильге тән, табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль

  40. Ғылыми стильге жататын сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Белоктарға құрамында азоты бар органикалық заттар жатады.

  41. А. Байтұрсынов ұсынған қазақ әліпбиі неге төте жазу деп аталды, дұрысын белгілеңіз:

    Дұрыс жауап: 24 әріптен тұратын жүйесі ұғымға жеңіл, емлесі оңай болуы.

  42. Сөз мәдениетінің ерекше белгісін табыңыз

    Дұрыс жауап: Аз сөзбен көп мағына жеткізу

  43. Ғылыми стильге тән қатарды белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Ой нақты, дәл түсінікті болады

  44. Ғылыми стиль қай салада қолданылатынын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Білім мен ғылым саласында

  45. Ресми іс қағаздар стилінің стильдік сипатын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Ресмилік, нақтылық, дәлдік

  46. Бейәдеби элементті табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ауызекі тілге тән сөздер

  47. Ресми стильге жататын қатарды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Өтініш, сенімхат.

  48. «Диалект сөздер мен дисфемизм сөздердің» ерекшелігін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Әдеби тілге жатпайды

  49. Ресми стильге тән сөйлем қатарын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Салпы етек, жылауық күз емес, гуілдеген желді күз еді.

  50. Эмоцияға, экспрессияға жол берілмейтін стильді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ғылыми стиль