Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау
985 сұрақ · 14-бет, барлығы 20 бет
«Шашты» әңгімесінің идеясы –
Дұрыс жауап: Ұлттық рухты төмендетпеу, елді, жерді сүю
«Селдір, майда шашы төбесіне жабысып, кең маңдайын өте ерекшелеп тұр...» Қай кейіпкердің бейнесі сипатталған?
Дұрыс жауап: Бежев
О.Асқардың Қазақстанға көшіп келген жылы –
Дұрыс жауап: 1955 жылы
«Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа, Бөленіп онда бәрің байлық, баққа» Өлең жолдарындағы айшықтаудың түрі –
Дұрыс жауап: Аллитерация
Айгүл Кемелбаеваның алғашқы шығармасы –
Дұрыс жауап: «Жетінші құрлыққа саяхат»
Шөлейтте өскен теке түрікпен жылқының түгін тазалау әдісі –
Дұрыс жауап: Құмға аунатып
О.Асқар шығармаларының негізгі тақырыбы –
Дұрыс жауап: Бала тәрбиесі
«Көшпелі алтын» әңгімесіндегі балалардың мәлімет алған саласы –
Дұрыс жауап: Физика
«Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің авторы –
Дұрыс жауап: Оразақын Асқар
«Шашты» әңгімесінің кейіпкерлері –
Дұрыс жауап: Тасқұл Кенжебек
Т.Сұлтанбекұлының ғылыми-фантастикалық әңгімелері –
Дұрыс жауап: «Көшпелі алтын», «Лұқпан Кәкім»
Әңгіменің «Шашты» аталу себебі –
Дұрыс жауап: Баба-Түкті Шашты Әзиз қолдағандықтан
Ілияс Жансүгіровтің 1934 жылы жазылған поэмасы.
Дұрыс жауап: «Күйші»
Берілген үзінді Жюль Верннің қандай романынан алынған? Фогг осы кеме арқылы Ливерпульге жетіп алғысы келеді. Бірақ бастапқыда кеме капитаны оның бұл ұсынысын қабылдамайды. Фогг мырза оған қомақты ақша беріп, аузын майлағ…
Дұрыс жауап: «Әлемді 80 күн ішінде шарлау»
Жюль Верн қай жылы дүниеге келген?
Дұрыс жауап: 1828 жылы 8 ақпанда
Шығанақ Берсиев қандай дақылдан мол өнім алған?
Дұрыс жауап: тары
Жюль Верн қанша роман жазған?
Дұрыс жауап: 65
«Күйші» поэмасының басты кейіпкері кім?
Дұрыс жауап: Күйші жігіт
Ғабиден Мустафин қай жылдары өмір сүрген?
Дұрыс жауап: 1902-1985 ж.
Ғабиден Мустафиннің ең алғашқы 1940 жылы жарық көрген романы?
Дұрыс жауап: «Өмір не өлім»
Ғабиден Мустафиннің «Шығанақ» романы қандай тақырыпқа арналған?
Дұрыс жауап: ауыл шаруашылығы
Жюль Верннің «Әлемді 80 күн ішінде шарлау» романындағы басты кейіпкерлер кімдер?
Дұрыс жауап: Филеас Фогг, Жан Паспарту
«Көксерек» әңгімесінің авторы
Дұрыс жауап: М.Әуезов
Махамбет Өтемісұлының жақын досы
Дұрыс жауап: Исатай
Қарабайдың Қозыға қызы Көрпешті бергісі келмеген себебі
Дұрыс жауап: жетім екендігін менсінбеуі
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырында кездесетін салт-дәстүр
Дұрыс жауап: атастыру
Көксеректі қолға үйреткен кейіпкер
Дұрыс жауап: Құрмаш
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының тақырыбы
Дұрыс жауап: махаббат
«Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазған-
Дұрыс жауап: Ғ.Мүсірепов
Махамбет өмірінің соңғы кездерінде мекен еткен жері
Дұрыс жауап: Қараой
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың өзара уәдесі
Дұрыс жауап: құда болу
Көксеректі қабуға ұмтылған төбет
Дұрыс жауап: қара ала төбет
Махамбеттің ортаншы ұлының өлімі
Дұрыс жауап: Баймағамбет сұлтанмен шайқаста жаралы болуы
Жырдағы Баян сұлудың әкесі
Дұрыс жауап: Қарабай
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры не туралы
Дұрыс жауап: ғашықтық, махаббат, сүйіспеншілік
«Қараой» шығармасындағы Исатай өлімінің себебі
Дұрыс жауап: хан-сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста оққа ұшты
Махамбеттің соттан кейін бейбіт өмір сүрген уақыты
Дұрыс жауап: екі-үш жыл
Қозы мен Баянның ортасына түскен жағымсыз кейіпкер
Дұрыс жауап: Қодар
Әңгімеде сөз болған Махамбет өмірінің сәттері
Дұрыс жауап: өмірінің соңғы сәттері
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры − қазақ даласындағы барлық лиро-эпосты жырларға жол салған шығарма. Оның образдары мен оқиғасы нақты өмірден алынған» - деп пікір білдірген кім?
Дұрыс жауап: Ә. Қоңыратбаев
«Қараой» шығармасында Махамбетті сатқындықпен өлтірген кейіпкер
Дұрыс жауап: Ықылас
«Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жырында кездесетін жер-су аттары
Дұрыс жауап: Балталы, Бағаналы, Аягөз
Ы.Алтынсариннің «Дүние қалай етсең, табылады?» әңгімесінің басты тақырыбы
Дұрыс жауап: еңбекқорлық
«Қара пима» поэмасының негізгі тақырыбы
Дұрыс жауап: әлеуметтік теңсіздік
«Дүние қалай етсең табылады» әңгімесіндегі тіленшінің аты
Дұрыс жауап: Антон
Ұлықбек Есдәулеттің «Қара пима» поэмасында баяндалатын оқиға
Дұрыс жауап: маскүнемдік
«Қара пима» поэмасында суреттелген жыл мезгілі
Дұрыс жауап: қыс
«Соңғы дем» әңгімесіндегі Нұрбектің жарасының пайда болуы
Дұрыс жауап: полигон маңындағы көлге шомылғаннан пайда болған
Кейіпкерге лайық мінездеме: «Мен де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленші болмадым. Әуелі жаяу, одан соң арбамен жүріп сауда еттім.Осындай іспен жеті жылда он мың франк таптым».
Дұрыс жауап: ісіне нық, жинақы, еріншектікті білмейтін адам
«Соңғы дем» әңгімесіндегі Нұрбектің дертке шалдығуына себеп болған
Дұрыс жауап: атом