Қазақ әдебиеті: Тоқсандық бақылау
985 сұрақ · 13-бет, барлығы 20 бет
Қалқаман Сарин Қазақ Ұлттық музыка академиясында оқытушы болып қай жылдары жұмыс істеген?
Дұрыс жауап: 1998-2008 ж.
Аспанды зерттеген ғалым?
Дұрыс жауап: Бессель
Қалқаман Сарин еңбек жолын кім болып бастады?
Дұрыс жауап: мұғалім
Берілген бата қандай батаның түріне жатады? Дастарханыңа береке берсін, Бастарыңа мереке берсін. Асыңа адалдық берсін, Басыңа амандық берсін Деніңе саулық берсін.
Дұрыс жауап: Ас батасы
Ежелгі түркі жұлдызшылары қандай жұлдызды ашқан?
Дұрыс жауап: «Жетіқарақшы»
Тәуелсіздіктің нышандарына нелер жатады?
Дұрыс жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран
Қадыр Мырза Әли кім?
Дұрыс жауап: ақын, жазушы
Сарин Қалқаман Айымғазыұлы қай жылы дүниеге келген?
Дұрыс жауап: 1978 жылы 2 қаңтар
Батаны кімдер береді?
Дұрыс жауап: көпті көрген ақсақалдар мен дана әжелер
Қазақ отбасындағы өте ертеден келе жатқан ерекше дәстүрдің бірі – ... ... . Дастарқан басында, түрлі жиын-тойда, отбасы мерекелерінде: тұсаукесер, тілашар кезінде жастар қол жайып, үлкендерден ... сұрайды.
Дұрыс жауап: бата беру, бата
Әл-Хорезми кім?
Дұрыс жауап: Орта ғасырлық ұлы ғалым, математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы.
Қалқаман Сарин қандай жыр жинақтың авторы?
Дұрыс жауап: «Арманымның бейнесі»
16-желтоқсан қандай мереке?
Дұрыс жауап: Тәуелсіздік күні
Берілген өлең жолдары Қалқаман Сариннің қай шығармасынан? Еркіндігім, Қасиетім, Қастерлім! Өзің барда өзегімде жоқ шер-мұң!
Дұрыс жауап: «Тәуелсіздік»
Батаның түріне жатпайтын нұсқаны көрсет.
Дұрыс жауап: Сары бата
Сөйлемді толықтыр: Қазақта «...... – адамның арқауы» деген мақал бар.
Дұрыс жауап: ас
Көшпенді түркілерді әрқашан аспан әлемінің құпиясы қызықтырған. Кең далада өмір сүрген ұлы көшпенділер ежелден аспан әлемінің құпиясын меңгерген. Аспан әлемін бақылайтын адамдар болған. Оларды кімдер деп атаған?
Дұрыс жауап: жұлдызшылар
Міржақыптың халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер жинағы –
Дұрыс жауап: «Оян,қазақ!»
«Бір жолы өңкей атқамінер пысықтар сайлау алдында жиналып алып, қатты састы». Үзіндідегі көріктеу құралын көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Ирония
Назила мен Тимурдың арасындағы ұрыс кімнің себебінен туындаушы еді?
Дұрыс жауап: Камиланың
Қамажай неге Қабеннің ұсынысын қабыл алмады?
Дұрыс жауап: Бауырларын тастап кете алмады
Қамажайдың 60 жастық мерейтойына бауырлары неге келмеді?
Дұрыс жауап: Жұмыстан босай алмағандықтан
Міржақып 1897-1902 жылдары ауыл мектебінде дәріс алған мұғалім –
Дұрыс жауап: Мұқан
Міржақып Дулатов қай жылдары өмір сүрді?
Дұрыс жауап: 1885-1935 жылдары
«Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Дулатұлы болды»,-деген пікір иесі кім?
Дұрыс жауап: А.Байтұрсынұлы
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ананың ойын улаған кейіпкер –
Дұрыс жауап: Тәуіп шал
«Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?» ырым сөз қай шығармасынан алынған?
Дұрыс жауап: «Аққулар ұйықтағанда»
Бауыржанның әжесі үнемі айтатын аңыз - ертегісі
Дұрыс жауап: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»
Жамалдың ажалы неден болды?
Дұрыс жауап: Боранды түні үсіп
А.Бектің Бауыржан Момышұлы туралы жазған шығармасы.
Дұрыс жауап: «Волоколамск тасжолы»
Ғали мен Жамал қалаға қашып келгенде, алғаш кімнің үйіне түседі?
Дұрыс жауап: Фатихолла саудагердің
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында кімдердің диалогы кездеседі?
Дұрыс жауап: Әке-ана
Дулат Исабеков қай жерде дүниеге келді?
Дұрыс жауап: Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданын
Әжесі Момышты қалай атаушы еді?
Дұрыс жауап: «Қара қатпа»
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасяндағы көлдің аты?
Дұрыс жауап: Жетімкөл
«Әпке» драмасының кейіпкерлерін көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Омар, Қабен, Наз
Мұқағали қанша жасында ақын боламын деп шешім қабылдайды?
Дұрыс жауап: 14-15 жасында
Сәрсенбай Байжанмен не себепті құдаласты?
Дұрыс жауап: Болыстыққа сайлану үшін
Мұқағали кімнің қолында өсті?
Дұрыс жауап: Әжесі Тиынның
«Сай-сайдан бошалаған бозала таң, Таудағы тіршілікке ән салдырып...»Берілген өлең жолдарындағы көріктеу құралын тап.
Дұрыс жауап: Эпитет
Бауыржанның әкесі ұнатып жасайтын ісі –
Дұрыс жауап: Зергерлік
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы оқиғаның шарықтау шегін анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Ананың аққуларды атуы
«Көшпелі алтын» әңгімесі қанша бөлімнен тұрады?
Дұрыс жауап: 3
«Шетте жүрген бауырларға» өлеңінде ауыспалы мағынада қолданылған сөз –
Дұрыс жауап: Қармаққа ілінбеу
А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде кездесетін теңеу сөзді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Тұрлаусыз өскен құландай қыпшақ
Сәмен мен Қажытай сапарға аттанған жер –
Дұрыс жауап: Шайтантау
Т.Сұлтанбеков қазақ әдебиетінде негізін салған жанр –
Дұрыс жауап: Фантастика
Құлдық өмірді суреттеген шығарма –
Дұрыс жауап: «Найман Ана»
«Шашты» әңгімесінде кездесетін мақал –
Дұрыс жауап: Бұқаға туған күн бұзауға туады.
Кенжебекті қашуға үгіттеген –
Дұрыс жауап: Тасқұл