Ustazdyq

Бала құқықтары туралы заң: Біліктілік тестілеу (ОЗП)

10 сұрақ

Жинақ туралы

«Біліктілік тестілеу (ОЗП)» бөліміндегі «Бала құқықтары туралы заң» жинағында дұрыс жауаптары бар 10 сұрақ бар.

Педагогтердің біліктілік тестілеуі пәндік білімді, білім туралы заңнаманы және педагогикалық шеберлікті тексереді. Дұрыс жауаптары бар сұрақтар тестілеуге дейін өзін-өзі тексеруге пайдалы.

Әр сұрақ бетінде жауап бірінші жолда тұрады, сондықтан өзіңізді бірнеше секундта тексере аласыз. Жауапсыз жаттығу үшін сұрақ бетіндегі «Тексеріп көру» батырмасын басыңыз.

Осы пәннің сұрақтарынан сынып үшін бес минутта онлайн тест құруға болады: Онлайн тест құру.

  1. Баланың заңды өкілдері:

    Дұрыс жауап: барлық жауап дұрыс

  2. Әрбір бала құқылы:

    Дұрыс жауап: барлық жауап дұрыс

  3. Өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірге…

    Дұрыс жауап: баланың әлеуметтік бейімделуі

  4. Балалық шақ терминінің анықтамасы, оның құқықтық мәртебесі

    Дұрыс жауап: кәмелетке толмаған тұлғалардың құқықтық жай-күйі

  5. Жасөспірімдер үйінде әкімшілік шешімі негізінде қандай балалар әлеуметтік бейімдеуден өте алады?

    Дұрыс жауап: балалар ауылы, балалар үйі, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері әлеуметтік бейімдеуден өте алады

  6. Баланың (балалар) – заң бойынша нақты айқындалған жас мөлшері:

    Дұрыс жауап: он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам

  7. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы өздеріне белгiлi болған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары және өзге де азаматтар бұл туралы баланың нақты тұратын жерi бойынша:

    Дұрыс жауап: хабарлауға мiндеттi

  8. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға:

    Дұрыс жауап: тыйым салынады

  9. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің:

    Дұрыс жауап: мемлекеттік көмек алуға құқығы бар

  10. Отбасында тәрбиелеуге беруге мүмкіндiк болмаған жағдайда, тәрбиелейтiн, емдейтiн немесе сол сияқты өзге де балалар мекемелерiне орналастырылуға кім тиiс?

    Дұрыс жауап: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала