Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Мұхиттан алыстық, өзен ағысын пайдалану
Жауап нұсқалары
- A.Мұхиттардың көп болуы
- B.Өзендердің болмауы
- C.Сарқырамалардың көп болуы
- D.Мұхиттан алыстық, өзен ағысын пайдаланудұрыс
- E.Жел энергиясының басымдығы
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Мұхиттан алыстық, өзен ағысын пайдалану
Жауап нұсқалары
Қазақстандағы ірі су электр станциялары. Баламалы энергия көздерінің бірі – бұл су электр станциялары. Жел мен Күн сияқты су да – электр қуатын өндіретін ресурс. Қазіргі таңда сарқырама, мұхит толқыны, ыстық бұлақтардан біршама қуат өндіруге болады. Ал біздің еліміз – алып мұхиттан алыс жатқан мемлекет, сарқырамасы да көп емес. Сондықтан мұхит толқынынан емес, өзен ағысынан энергия өндіріледі. Қазір Қазақстанда 40-қа жуық су электр станциясы бар. Елде өндірілетін энергия көлемінің 15 %-ға жуығын осы су электр станциялары өндіреді. Бұл бір қарағанда аз болып көрінуі мүмкін, алайда газ бен мұнайдан өндірілетін энергиядан әлдеқайда көп. Қазақстан энергияның басым бөлігін жылу электр станцияларынан алады - шамамен 70 %. Десе де, ЖЭС-ке қарағанда СЭС-тің экологияға тигізер зияны аз. Қазақстанның гидроресурстарының басым бөлігі – шығыс пен оңтүстік-шығыс өңірде. Елдегі ең ірі су электр станциялары – төртеу: Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен, Қапшағай. Қазақстандағы электр энергиясының 10 %-ы СЭС-терге тиесілі. Бұқтырма су электр станциясы – Ертіс өзенінің бойында, Бұқтырманың төменгі сағасында орналасқан. Елдегі ең қуатты гидростанция. Құрылысы 1953 жылы басталған, негізгі агрегаттары 1960-66 жылдары салынды. 1966 жылы жұмыс істей бастады. Шүлбі су электр станциясы – Ертіс өзенінің бойында, Семей қаласына жақын жерге орналасқан СЭС. Қазақстанда энергия өндіру қуаты жағынан ең үлкен су бекеті. Су бекеті 1954-58 жылдары жобаланып, 1976 жылы құрылысы басталды. 1987 жылы алғашқы агрегаты іске қосылды. Ал соңғысы 1994 жылы іске қосылған. Қапшағай су электр станциясы Іле өзенінің бойында орналасқан. 1942 жылы жобасы жасалып, 1965 жылы құрылысы басталған. 1970 жылы екі су агрегаты, 1971 жылы тағы екі агрегат іске қосылды. 1980 жылы құрылысы толық аяқталды. Өскемен су электр станциясы – Ертіс өзенінің бойында, Өскеменнің шетінде орналасқан гидроқұрылым. Қазақстанда құрылысы алғаш басталған су электр станциясы. Оның құрылысы 1939 жылы басталған. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс басталып, құрылысы тоқтап қалды. 1948 жылы қайта жанданды. - осы мәтін бойынша 5 күрделі сұрақ құрап бер