Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Ұлттық сананың ұйытқысы бола білу
Жауап нұсқалары
- A.Ресей патшалығының шеңгелінен босату
- B.Мемлекетті билікті нығайту
- C.Халықтың сауатын арттыру
- D.Ұлттық сананың ұйытқысы бола білудұрыс
- E.Ұлттық дәстүрді жаңғырту
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Ұлттық сананың ұйытқысы бола білу
Жауап нұсқалары
«Қазақтай» болсын БАҚ-тың бәрі ХХ ғасыр қазақ даласының табалдырығынан түнере аттады. Азаттықтың туы болған «Қазақ» газеті мұны көзіқарақты оқырманына былай сипаттап жеткізді: «Төңірекке қарасақ, түнерген-түнерген бұлттар көрінеді, түбі қандай белгісіз, не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп, несібемізді молайтар ма? Болмаса, дауыл болып соғып, үйімізді жығып, үй ішімізді шашып тастар ма? Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас, жеңдеріміз киюсіз, етектеріміз жиюсыз, ашылып-шашылып, қамсыз жатқан халықпыз. Күннің не боларына көзіміз жетпей тұр. Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де, үйлеріміз қирамай, үй ішіміз шашылмай қалуына амал ету керек емес пе? Сол амалға кіруге жұртқа мұрындық болатын нәрсенің бірі – газет». Патшалық Ресей монархиясының қатал цензурасы жағдайында осылай астарлап сөйлеп, тұспалдап жеткізуден басқа жол да жоқ еді. Сол себептен де сеңдей соғылысып, қайда барарын, кімге мұң шағарын білмей, теңселіп тұрған халық «Қазақ» газетін құтқарушысы көріп, көш бастаушысын қуана қарсы алды. Ел тарихынан хабары барлар біледі, қазақ ХХ ғасырдың басында ресми «киргиз» атанып тұрды. Оған оқыған Алаш қайраткерлері ретімен қарсылық таныта білді. Алаш жұртын бір жұдырық қылып біріктіруді мақсат тұтып шығарған газеттерінің атын «Қазақ» қоюының басты себебі сол болатын. Басылымның беташар санында жалпақ елге жария еткен: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың әруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету – қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі – осы. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанына мәз болып, мал өлімінде өлмейік. Миллет халін ойымызға алып, қызмет етуді мойнымызға алып, арнаған бір ісіміз. Құдай сәтін салсын, «әумин» деп қол жайып, «әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік» деген аталы сөздері сол жайынан сыр шертеді. Ұлттық сананың ұйытқысы бола білуі – «Қазақ» газетінің тағы бір құндылығы. Алаш ардақтылары қазақ жұртын бір атаның баласындай бірігіп, бір тудың астында топтаспаса, азаттыққа қол жеткізу қиын екенін ұқты. Сол себепті бірігу идеясын басты орынға қойды. Газет атын «Қазақ» қоюларының тағы бір мақсаты сол болатын. Әр ру басшысын болыс етіп, сол арқылы руларды бір-біріне қарсы қойып, араздықты қоздырып, атыстырып-шабыстырып, қырылыстырып отырған орталықтың империялық саясатына қарсы осылай да күрес жүргізді. Ендігі жерде елдің бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақ» газетін үлгі тұтып, халқымыздың бірлігі мен берекесін арттыруға, қиындықпен келген азаттығымызды баянды етуге жұмылса, кәсіби деңгейін, мемлекетшілдігін көрсетер еді дегіміз келеді.