Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Бейнелеуіш
Жауап нұсқалары
- A.Оңашаланған айқындауыш
- B.Бейнелеуішдұрыс
- C.Жалпылауыш сөз
- D.Қосарлы айқындауыш
- E.Бірыңғай мүше
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Бейнелеуіш
Жауап нұсқалары
Келесі күні түстен кейін өз кезектерімен Әулиенің алдына Өтеміс пен ұлы да жетеді. Баласының кешегі ісін оғаш санаған Өтеміс: – Әулиенің алдына барғанда бірдеңе айтып бүлдіріп жүрме! Атадан батаңды ал да, тынышыңа отыр, әйтпесе бұдан кейін ешқайда алып шықпаймын, – деп алдын-ала шегелеп қояды. Жұрт алдында уәзірдің өзін сәби үнімен «тізерлеткен» баланы Бекет Ата ерекше ниетпен қарсы алып, төріне отырғызады. Табалдырықтан аттағанынан-ақ жүзі бал-бұл жанып, өзін еркін ұстаған бала үлкен кісімен қос қолын беріп амандасады. Әлсін-әлі өткір жанарымен әкесіне жалт-жұлт қарап, тізерлеп жүгінген баланың әрең шыдап отырғанын байқаған Бекет атаның назары Махамбетке ауады да, сұрақ қоя бастайды. Әулиеден тайсалып, жауаптан мүдірген бала болмайды. Әкесі қысылып, ұлына бірдеңе дегісі келгенде: – Шырағым, үйіме келген жандардың ең құдіреттісі осы балаң болды, ең бастысы дер кезінде алып келгенің, – деп, Бекет Ата тоқтау салады да, Махамбетке қарап: – Неше жасыңда өздігіңмен атқа отырдың? – дейді. – Төрт жасымда үзеңгі тарттым, бір жылдан кейін құлын-тайға бас үйрете бастадым... Осы жауапты естіген Бекет әулие көзін тарс жұмып, алға артқа теңселіп отырып: – Екінші мүшеліңде хан Ордасына еркін кіресің, бір бөлек елді басқарасың. Әділетсіздікке төзбейсің, ол маңдайыңа жазылған. Басыңа алғашқы пәле ханның өзінен емес, туыстары мен маңындағылардан болады. Арқалы ақындық қонғалы тұр, халық әр сөзіңді жатқа айтатын болады. Отызыңнан асқанда Ордадан кетесің, ханнан аулақ қонып, қару алып, шабысқа да барасың. Даудың басы жер мен әділетсіздіктен басталады, көп қан төгіледі, ақ патшаның өзі араласады. Ең жақын жолдасың сен үшін басын оққа байлайды. Одан айырылғаннан кейін ханмен, оның айналасымен тартысқа барғанның жөн еместігін біле тұра ат сабылтып сарттарға барасың, олар көмек бермейді, осыдан кейін елге оралмағаның дұрыс. Өкімет үшін ең қадірлі де қымбатты басың мен ақылдылығың болады... Еліңе сыйлы боласың, атағың тек жеті аталық емес, жүздеген жылдарға жайылады, кейінгі ұрпақ өзіңді мақтан тұтады. Ал енді маған қояр сұрағың бар ма, ұялма, іркілме, – деген Атаға: – Алдымды болжап бергеніңізге рақмет, Сіздей Әулиеге менің айтарым жоқ, – деп, қысқа ғана жауап қайтарады Махамбет. – Бірақ менің өзіңізбен бір байланысым болатын тәрізді, осыны қалай ойлайсыз? – Махамбетжан, енді тіпті кездеспейтін де шығармыз, мәңгілік емеспіз ғой... – деп, маңдайынан құшырлана иіскеп тұрып Өтеміске: – Махамбетіңді ержеткенше бетінен қақпай еркін өсіргейсің! – дейді де, неге екені белгісіз көңілі бұзылғандай күй кешіп бұрылып жүре береді.