Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 32/127

Дала өркениетінің құндылығы неліктен әлемдік баға жетпес қазынаға айналып отыр?

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Табиғаттың тазалығын бойына сіңірген

Жауап нұсқалары

  1. A.Табиғаттан шабыт алған
  2. B.Табиғатпен бірге өмір сүрген
  3. C.Табиғаттың тазалығын бойына сіңіргендұрыс
  4. D.Табиғаттың заңдылықтарына көңіл бөлген
  5. E.Табиғаттың тылсым құпияларын ашқан

Тапсырма мәтіні

Қазақтың болмысы Ұлы даланың теңдесіз құндылықтарымен бейнеленеді. Оның тамыры өткен мыңжылдықтарда жатыр. Біздің заманымызға дейін екінші мыңжылдықтың аяғында Еуразияның Ұлы даласының көшпелі мал шаруашылығына өтуі далалық қоғам дамуында түбегейлі бетбұрысқа алып келді. Бұл дәуірде қоғамдық және материалдық мәдениеттің даму деңгейінде маңызды өзгерістер орын алып, ол Дала өркениетінің дамуына негіз болды. Ұлы даланың құндылығы қашанда қоршаған географиялық ортаға байланысты. Көшпелі қоғам өне бойы табиғатпен үйлесімділікте және үндестікте болған. Табиғаттың заңдылықтарына көңіл бөліп, флора мен фаунаны көзінің қарашығындай сақтаған. Жас шөпті үзбеген, суды ластамаған, бұлақтың көзін тазалап, аң, құс, балықты артық ауламаған. Табиғаттың экологиялық тазалығын сақтаған. Қазақ табиғаттың өзінен күш-қуат алып, табынып жүрген, бір қадам жерін ешкімге бермеген. Сонымен бірге табиғаттың тазалығын бойына сіңірген, обал, қанағат ұғымдарымен өскен. Сондықтан сұңғыла болды. Бүгінгі таңда әлемде экологиялық зардап басты проблемаға айналғанда, Дала өркениеті құндылығының теориялық және тәжірибелік мәні баға жетпес қазынаға айналды. Дала өркениетінің бірегей құндылығы ру-тайпалық жүйемен тығыз байланысты. Ру-тайпалық құрылым қоғамдық және мемлекеттік дамудың негізгі діңгегіне айналған. Қазақтың болмысы осы ру-тайпалық жүйеге қатысты. Бұл жүйе туыстық желіде қалыптасқан. Олардың байланысы бауырлардың қарым-қатынастары іспеттес. Жүздердің ара-қатынастары туған бауырдай. Басып айтатын тағы бір жайт, көшпелі қоғамда басты назар адамға бөлінген. Адами фактор бірінші орында болған, адамның құқығы тапталмаған. Ру-тайпалық құрылым – көшпелі қоғамға бейімделген Ұлы даланың өте күрделі өлшемі. Ерте дәуірде Ұлы даланың тұрғындары талай технологиялық табыстарға ие болды. Айталық, метал технологиясын жоғары дәрежеде меңгеруі, жылқытану немесе атқа мііну мәдениеті. Сонымен бірге ертедегі көшпелілер дәуірінен бастап, Дала өркениеті құндылықтарының бірі көшпелі малшылардың отырықшы шаруашылыққа тән техника арқылы даму жолының орнына биологиялық даму жолына түсуі болды. Малдарды будандастыру, сұрыптау, жаңа түрлерін шығару мен асыл тұқымдарын өсіру дәуірдің басты белгісіне айналды. Дала өркениетінде ауыз әдебиеті саласындағы шығармашылықтың түрлі формаларының орны мен рөлі ерекше болды. Олар есте сақтау қабылеті мен шешендік өнердің дамуына, көркем шығарманың жоғарғы формалары болып табылатын батырлық эпостар мен лирикалық поэмалардың көптеп пайда болуына жол ашты. Сайып келгенде, Ұлы дала құндылықтары Еуразия халықтарының рухани және материалдық асыл қазынасынан орын тапты.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар