Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 123/127

Бір-біріне жалғас болатын амалдарды көрсетіңіз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Сүмбіленің тууы, Қараша қаздың қайтуы

Жауап нұсқалары

  1. A.Қара суық, Қараша қаздың қайтуы
  2. B.Сүмбіленің тууы, Қараша қаздың қайтуыдұрыс
  3. C.Қараша қаздың қайтуы,жылдың іңірі Бұғының мойын жуары, Сүмбіленің тууы
  4. D.Бұғының мойын жуары, Сүмбіленің тууы
  5. E.Қара суық, күн күркіреуі

Тапсырма мәтіні

Қатты жаңбыр жауып, шағылысқа түскен бұғылардың бойындағы жағымсыз иістен тазаратын қарашаның алғашқы он күндігі «Бұғының мойын жуары» атанған. Қараша – аспан түнерген, жер бауырлап дымқыл тұман түсетін, зілмауыр бұлттар көшетін, қара суық айы. Қараша – күн қысқаратын, ашық шуақты күндер сирейтін, қар кейде жауып, кейде еріп, түнге қарай тоң қататын, жылдың іңірі, қыстың босағасы. Бұл айдағы қара жерге қар түспей тұрып соғатын өткір салқын желді – «қара суық» деген. Қарашадағы құстардың жылы жаққа бастар уақыты – «Сүмбіленің тууы» амалы. Бұл, солтүстікке қар түсіп, күн суытатын «Қараша қаздың қайтуы» амалымен ұласады. Қарашаның 15-і мен 21-інің аралығындағы алты күнінде қыстың алты айын болжаған ерекше ырым да бар. Бұл айдың 17-і мен 18-і күндерінің өз амалы бар. Қарашадағы құбылыстарға байланысты: маса ұшырасса, қыс жылы, күн күркіресе, қаһарлы, ай тұтылса, қыс суық, ай шалқалап туса, қар қалың түсіп, қаһарлы қыс ұзаққа созылар, ағаш бұтағын қырау басса, ертеңіне қар жауар, шөпке қырау қонса, жаңбыр жауар, қар ерте түссе, көктем ерте найзағай жарқылдаса, келер жаз жаңбырлы болар, кемпірқосақ көрінсе, қыс қатты, көктем жаңбырлы болғанымен, жаз ыссы қуаңшылық болар деген болжам бар. Қарашаның бірінші он күнінде тоң қатып, салқын жел тұрса, қаңтарға дейін қар жаумас, жапырақтар түспесе, қар ұзақ жатпас, күн ашық болса, қыс жылы, бұлт жиі үйірілсе, желтоқсанның ортасында қатты аяз тұрмақ. Ал екіншісінде тұман тез тараса, күн жылынар, қар жауса, қыс қаһарлы, бұлтты және желді келсе, қаңтардың басында қар көп жауар. Үшінші он күнінде қар аралас жаңбыр жауса, желтоқсан жылы болар, айдың соңғы күні қандай болса, қыс бойы сондай болар, құдық суы көтерілсе, аяз болар. Халықта қыс алғашқы қардан 40 күннен соң түсер деген бар.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар