Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: көркем әдебиет стилі
Жауап нұсқалары
- A.ауызекі сөйлеу стилі
- B.публицистикалық стиль
- C.ғылыми стиль
- D.көркем әдебиет стилідұрыс
- E.ресми стиль
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: көркем әдебиет стилі
Жауап нұсқалары
*** – Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым. Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты. – Сабыр, ағайын, сабыр, – деді басқарма қолын көтеріп. – Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір бауырыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, – деді содан соң дауыстап. – Тамағын ішіп болса балаларды алып шық. – Қазір, ақсақал, – деген дауыс естілді киіз үй ішінен, – Ал, былайырақ тұрындар, балаларға орын беріңдер, – деді басқарма. Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алға шығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, бірі үміт жетегінде. Ақыры басқарма әйелінің ақ шаршысы көрінді. Бірақ сыртқа шықпай, көтерме киіз есікті жамылған күйі бөгеле берді. – Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер. Аппақ қаздың бауырынан тұрған сары үрпек балапандай, сап-сары шашты сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, қоңыр шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Күнге көздері шағылысты ма, әлде жадау киінген жат топтан именді ме, бәрі есік алдыңда ұйлығып қалды.