Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: ықпал етпеді
Жауап нұсқалары
- A.өткен
- B.жеткізді
- C.дамыды
- D.ықпал етпедідұрыс
- E.қамтыған
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: ықпал етпеді
Жауап нұсқалары
*** Еліміздің аумағында көптеген ежелгі қалалар мен қала орындары сақталған. Сөздікке сүйенер болсақ, ежелгі қала дегеніміз – археологиялық деректер негізінде анықталған ежелгі қала коныстары. Тарих беттерінен Басқамыр, Баласағұн, Аяққамыр, Сарайшық, Сауран, Отырар, Созақ, Испиджаб секілді қалалар барлығымызға мәлім. Еліміздегі «ең көне қала» атағы Тараз қаласына тиесілі. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Қала орта ғасырлардан бері «Тараз» атымен белгілі болған. Бұл көне қаланың Ұлы Жібек жолы бойында ерекше маңызы болған. Келесі орында 1500 жылдан астам тарихы бар ежелгі әрі қасиетті қала Түркістан. «Қасиетті» деп аталуының бірден – бір себебі бұл қалада Арыстанбаб кесенесі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Қарашаш ана кесенесі т.б. секілді тарихи қасиетті орындар бар. Қаланың іргетасы – V-VI ғасырларда қаланған. Ежелгі қалалар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Б. з. б. II ғасырда Ұлы Жібек жолының сауда дипломатиялық басты жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыған. Жібек жолының алғашқы негізгі тауары Қытай жібегі болған. Қытай жібегі осы жолмен Батысқа жеткізіліп тұрған. Кейіннен Батыс пен Шығыстың басқа тауарлары тасылған (күміс, алтын, тұлпар, түйе, бүркіт, қаршыға, піл сүйегі, жеміс-жидектер, экзотикалық аңдар т. б.). Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төлеген. Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.