Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 73/127

Барыс септіктегі сөзбен тіркескен септеулік шылауды табыңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Биіктігі 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік.

Жауап нұсқалары

  1. A.Ұзындығы 2.5-4 сантиметрдей және тілімденген.
  2. B.Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады.
  3. C.Биіктігі 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік.дұрыс
  4. D.Содан кейін көп ұзамай, атамекенге оралыпты.
  5. E.Биліктен айырылған ағайындының бірі елден кетеді де, екіншісіосы жерде көптің бірі болып қалады.

Тапсырма мәтіні

Дермене – асыл шөп, жусанның бір түрі. Биіктігі 50 сантиметрге дейін өсетін жартылай бұталы, көпжылдық өсімдік. Көпсабақты, балауса кезінде сабақтары түкті әрі сарғылт жасыл болады. Өсе келе, сабағы тыңайып қатаяды. Түксіз қызғылт сары түске енеді. Тамыры жуан, тармақтанған, сүректі. Дермененің төменгі жапырақтары сағақты. Ұзындығы 2,5-4 сантиметрдей және тілімденген. Жоғары бөлігіндегі жапырақтары бүтін, айыл пішінді, қысқа. Дермене Қазақстанның шөлді өңірлерінде өседі. Орта Азияда, Тәжікстанда көп кездеседі. Дермененің ел ішінде бірнеше атауы бар. Мысалы, дәрмене, дермене жусан. Дермене улы өсімдіктер қатарына жатады. Әсіресе, гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат сантонин пайда болады. Сол себепті одан жасалған дәріні дәрігердің кеңесінсіз пайдалануға болмайды. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген. Бұл шөп жайлы ел аузында аңыз бар: «Ертеде елді ағайынды қос жігіт басқарыпты. Мамыражай бір күні сырттан жау тиіп, хандықты басып алады. Биліктен айырылған ағайындының бірі елден кетеді де, екіншісі осы жерде көптің бірі болып қалады. Арада жылдар өтеді. Жатжұрттық басқыншы хан дүниеден өтеді. Тұрғылықты халық қайтадан байырғы қалпына оралады. Ағайынды жігіттің үлкені елден кеткен бауырын іздеуге кіріседі. Жан-жаққа хабаршы жібереді. Ауыл-ауылға сұрау салады. Дүниенің төрт бұрышын шарлап жүргенде, інісінің дерегі шығады. Хабар жеткенімен, кері оралуға намыстанған бауыры жатжұрттық болып қала беруді таңдайды. Мұны түсінген ағасы ақ шүберекке кепкен дерменені түйіп, сәлемшілерден беріп жіберіпті. Орамалдың түйінін жазып, дермененің хош иісін емірене иіскеген жігіт ағыл-тегіл жыласа керек. Содан кейін көп ұзамай, атамекенге оралыпты».

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар