Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 9-сынып · Сұрақ 44/127

Авторлардың мақсаты мен аудиториясын салыстырыңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Бірінші мәтін – ғылыми түсіндіру, екінші мәтін – қоғамды ақпараттандыру және мәселе көтеру

Жауап нұсқалары

  1. A.Екі мәтіннің мақсаты – көркем әсер беру
  2. B.Екі мәтін тек мамандарға арналған
  3. C.Бірінші мәтін тек оқушыларға, екінші мәтін тек дәрігерлерге арналған
  4. D.Екі мәтіннің мақсаты – жарнама жасау
  5. E.Бірінші мәтін – ғылыми түсіндіру, екінші мәтін – қоғамды ақпараттандыру және мәселе көтерудұрыс

Тапсырма мәтіні

1 - мәтін Бірқатар қалаларда атмосфера қалдықтарының мөлшері көп болғаны соншалық, тіпті атмосфера өздігінен тазалана алмайтын қолайсыз, яғни желсіз ауа райында, түтін жерге жақын температуралық инверсияда болғанда, тұманды антициклонды ауа райында ауаның ластану концентрациясы ең жоғары шегіне жетеді. Мұны «лондондық түтін» деп те атайды. Ол жауын-шашынды, бұлыңғыр, тұманды ауа райында байқалады. Мұндай ауа райы күкіртті ангидрид концентрациясының өсуіне, тіпті улы күкірт қышқылына айналуына жағдай жасайды. Сонымен қатар атмосфералық қалдықтарда басқа да ингредиенттер концентрациясының өсуі күкіртті ангидридтің әсерін күшейтеді немесе оның күкірт ангидридіне айналуына каталитикалық жәрдем береді. Түтін адам ағзасына түрлі деңгейде әсер етеді: жеңіл әсердің белгілері – көздің ашуы, жас ағу, құрғақ жөтел, бас айналу, құсу; орташа белгілері – қатты қақырықты жөтел, көкіректің қысылуы, жалпы әлсіздік; ауыр әсердің белгілері – демнің тарылуы, бронхиттің қозуы, тоқтаусыз жөтелу. Түтін бронх астмасы, жүрек ауруы, бронхитпен ауыратындарға қатты әсер етеді. Түтінді күні мединциналық көмекке жүгінетіндер мен өлім саны жоғары болады. Мысалы, 1952 жылы Лондонда түтіннен 5 күн ішінде өлгендер саны қалыпты 5 күнмен салыстырғанда 4000 адамға жоғары болған. Фотохимиялық тұманның түзілуіне автокөліктерден шығатын газдардың әсері бар. Көліктен шығатын газдардағы азот тотығының молекулалары Күннің ультракүлгін сәулелері энергиясының әсерінен қозып, ауадағы оттегімен әрекеттесіп озон түзеді. Соңғысы қалдық газдардың көмірсутектерімен немесе мұнай өңдейтін өнеркәсіптің қалдықтарымен реакцияға түсіп, фотооксиданттар түзеді. 2 - мәтін Алматы түтінге тұншығып тұр.Алматының экологиялық ахуалы нашар. Экобелсенділер ауаның ластануын айтып, дабыл қағуда. Қара түтін мен улы газға тұншыққан шаһардағы экологиялық проблеманы шешу жолы қандай? Алматы халқы жылдан-жылға артып келеді. Тиісінше көлік саны да көбеюде. «ЭкоСервис-С» ЖШС мәліметінше, ауаны ластайтын факторлардың көп бөлігі автокөліктерге тиесілі. Атмосферадағы зиянды заттардың 65%-ы осы автокөліктерден шығады. Одан кейінгі орында – 2-ЖЭО (26%). Қаланың төрттен бірінен астам бөлігін жылумен қамтамасыз ететін цех бір жылда 2,5 млн тонна Екібастұз көмірін жағады. Ал Екібастұз көмірі күлінің көптігімен ерекшеленеді. Ал өнеркәсіп нысандары мен газға қосылмаған жер үйлердің үлес салмағы үшінші орында. Қалада 3 мыңнан астам жер үй иелері суық мезгілде көмір жағады. Жеке үйлері көп Алатау ауданы қаладағы ауасы ең лас аудандардың көшін бастап тұр. Ал EXIMAR форсайт-агенттігі жүргізген зерттеулердің нәтижесі бойынша Алматы ауасын ластайтын зиянды заттардың 80%-ы көмір жағып отырған үш жылу станциясына тиесілі. Ал көліктердің үлесі тек 20 %-ды құрайды. «Қазіргі уақытта қауіпті ластану деңгейі туралы халықты шын ақпаратпен хабардар ету жүйесі жоқ. Ауа сапасы туралы ақпарат көпшілікке күнделікті қолжетімді болуы тиіс. Мысалы, Лондонда тұрғындарға ауаның сапасы мен денсаулығына қатысты хабарлама телефондарына жіберіледі. Егер зиянды қалдық мөлшері көп болса, бронх демікпесі барлар сыртқа шықпай, үйде отырады», – дейді экобелсенді Әсия. Экобелсенділер Алматының экологиялық проблемасына қарқынды құрылысты да қосу қажет екенін айтады. Сарапшылардың сөзінше, құрылысшылар нысан үшін көптеген ағашты отағаны өз алдына, салынған биік ғимараттардан желдену көрсеткіші төмендейді. Соның салдарынан ауаны ластаушы заттар атмосфераның беткі қабатында жиналады. Бұл тыныс жолдарының қабынуы мен ауаның жетіспеушілігі ауруларын қоздырады. Жуырда Алматыда Air Vision тәуелсіз экологиялық қоры құрылды. Сарапшылар мен экобелсенділері бар жұмыс тобы бұдан былай ауаның ластану деңгейін азайту үшін барлық бағыт бойынша кешенді жұмыс атқарады.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар