Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Құралай Қ.Әбдуов
Жауап нұсқалары
- A.Толағай Ә.Тәжібаев
- B.Құралай Қ.Әбдуовдұрыс
- C.Қызыл шұнақ С.Сейфуллин
- D.Құмдағы құпия Б.Баймаханов
- E.Жаратылыс жұмбағы М.Неталиев
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Құралай Қ.Әбдуов
Жауап нұсқалары
- Жұмабекжан, «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген. Сенің құрметіңе құралайдың өзі келді. Анасынан көз жазып қалса керек. Бейкүнә жануар ғой, сен бағып-қақ. Ертең қатарға қоссаң, аңның да адамға аңсары ауады. Неткен көзі мөлдір, сүйкімді, момақан?! Шырағым, қай нәрсе де шақалақ шағында періште болады. Сен де маған сондайсың. Бейкүнә бала әрқашан тәтті ғой, осы қалпыңнан аумасаң, менің атыма жаман сөз айтылмайды. Жақсылық үшін ұмтылған ұл ертең елдің де үмітін ақтайды. Сондықтан жақсы оқып, тәртібіңе өзің сын көзбен қарап дағдылан. - Айтқаныңызды орындаймын, ата... «Даланың аңы қолға үйренбейді» деген – бос сөз екен. Құралай қараша үйге ілесе кіріп, ілесе шығып, соңынан бір елі қалмайды. Киімінен иіскелеп, сүт сұрайды. Сөйткенмен де еті ен дүниеге жаралған түз тағысы ауық-ауық адырға қарай алаңдап, анасын іздегендей аласұрып қоятын сияқты. Бір күні жанарынан бір тамшы жас домалап түсті. Денесі суық су құйып жібергендей дір етті. Мұны байқаған атам: - Енді мұны еркіндікке босатқан жөн. Әркім өз ортасын, өз өлкесін аңсайды. Бұлар енді Арқаға ауады. Алла жазса, келесі жылы жазғы демалыста келсең, осы атыраптан кездестіріп қаларсың, - деді. Басынан ноқтасын сыпырған бойда құралай безектеп әрі-бері шапты да алысқа бет алды. Құйындай жүйткіген жануар биік шағылдың төбесінен бізге қарап, ық бетке түсті де ылдилап кете барды.