Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Байлық пен ақыл
Жауап нұсқалары
- A.Өсиет
- B.Ер қаруы – бес қару
- C.Байлық пен ақылдұрыс
- D.Қазыналы қарттың тәлімі
- E.Бала Абай
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Байлық пен ақыл
Жауап нұсқалары
Ертеде бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап, былай депті: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер,- депті. Үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,- депті. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,-дейді. Үшінші ұлы күміспен және асыл тастармен әшекейленген белдігін буынады да: - Мұндай белдікті,- дейді,- ешкім ешқашан буынып көрген жоқ.... Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап: - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?- дейді. Сонда кенжесі былай депті: - Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастар мен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім бар. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.