Дұрыс жауап
Дұрыс жауап: Ұясының болуы
Жауап нұсқалары
- A.Балапандары болған
- B.Ұяның бұзылуынан
- C.Ұша алмауынан
- D.Жемінің болуы
- E.Ұясының болуыдұрыс
Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.
Дұрыс жауап: Ұясының болуы
Жауап нұсқалары
Биылғы көктем салқын, жаңбырлы болды. Темірдің анасы экспедицияға жылдағысынан кешігіп аттанды. Бұл жер Темірге бұрыннан таныс. Былтыр анасымен келген. Жалпақ сары төбенің басында сәкілі үш ағаш тұр. Сәкіні осы өңірді зерттеген геологтер жасапты. Көз ұшында – малшылар қыстауы. Көктем шыға көшіп кетеді. Қыстаудың қасында құдық бар. Экспедиция суды содан алады. Ол құдықты қазған да – геологтер. Соны естігенде Темір: - Апа, геолог жақсы ма, ботаник жақсы ма? – деп сұраған. - Екеуі де жақсы, - деген анасы, - геолог жер астындағы кен-байлықты іздеп табады. Ал ботаник жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді. Өсімдік болмаса, мал да, жан да, жан-жануарлар да тіршілік ета алмайды. Ботаниктер сол өсімдіктерді қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді. Өсімдіктердің малға қажет екенін Темір біледі. Тіпті тасбақаның да шөпке жайылатынын осы жерде көрді. ...Биыл да Темір бір қызық оқиғаға тап болды. Ерте тұрып, анасымен бақылау алаңына бара жатқан. Алдарындағы бұтаның түбінен бір бозторғай ұшып шықты да ұзап кетпей, қалықтап тұрып алды. - Осы маңда ұясы болуы керек, - деді анасы. Бұтаның түбін ашып қарап еді, шынында да, ұя бар екен. Селеудің үлпілдек шашағынан әдемілеп өріліп жасалыпты. Ішінде теңбіл-теңбіл үш жұмыртқа жатыр. Ұясына төнген қауіпті сезген бозторғай шырылдап, ауық-ауық шүйлігіп-шүйлігіп кетеді.