Ustazdyq
Тегін, тіркелусізББЖМ · Оқу сауаттылығы, 4-сынып · Сұрақ 15/109

«Ағаттық» сөзінің мағынасын табыңыз.

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: қателік

Жауап нұсқалары

  1. A.ойланбастық
  2. B.сараңдық
  3. C.өкініш
  4. D.жомарттық
  5. E.қателікдұрыс

Тапсырма мәтіні

Шаруа көлеңкені сатып алады. Енді тұт ағашының аумақты көлеңкесі шаруаныкі болады. Ол сол көлеңкеде жатып демалады. Көлеңке байдың ауласына түскенде, шаруа сол жаққа барып жатады. Көлеңке байдың қонақ бөлмесіне, ас үйіне түсетін болса, шаруа сол жерге барып жатып жүрді. Өзінің ағаттық жасағанын түсінген бай ештеңе жасай алмайтынын білді. «Мен көлеңкені сатып алдым. Ол енді байдікі емес. Сондықтан достарымды шақырып, рахатын неге көрмеске?» - деп ойлайды шаруа. Бір күні байдың үйінде қонақтар отырған кезде шаруа да өзінің достарымен келіп қалады. Олар келген кезде байдың қонақтары тұт ағашының көлеікесінде отыр екен. Шаруа байдың қонақтарынан орынды босатуды сұрайды. Таңданған қонақтар мұның себебін сұрайды. Не айтарын білмеген бай тілін тістеп, үн шығармайды.

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар