Ustazdyq

Дүниежүзі тарихы: ҰБТ

562 сұрақ · 12-бет, барлығы 12 бет

  1. XXғасырдың 70-80 жылдарындағы арт повер бағытының өкілдері:

    Дұрыс жауап: Дж. Харрисон; Дж. Леннон; Я. Кунеллис

  2. Хаммурапи заңдары жазылған тас бағана табылған жыл:

    Дұрыс жауап: 1901 ж.

  3. Пикторгафиядан шыққан, әр таңба бір сөздің мағынасын білдіретін жазу

    Дұрыс жауап: идеография

  4. Мәтінге сүйенсек, ертедегі қытай және шумер жазулары жазудың қай түріне жатады?

    Дұрыс жауап: идеография

  5. Мәтіндегі «Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды» деген тұжырымға сүйеніп, бұл процестің ежелгі мемлекеттердегі басқару жүйесіне тигізген әсерін қалай бағалауға болады?

    Дұрыс жауап: Идеографияның пайда болуы дерексіз (абстрактілі) ұғымдарды, заңдар мен мемлекеттік жарлықтарды қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік берді.

  6. Қытай патшаларының әшекейлерінде көп қолданылған бағалы тас

    Дұрыс жауап: нефрит

  7. Ұлы Жібек жолы басып өтетін Орта Азия елі

    Дұрыс жауап: Өзбекстан

  8. «Лазурит жолы» арқылы сауда байланысын жүргізген мемлекет халқы

    Дұрыс жауап: египеттіктер

  9. XV ғ. соңында Ұлы Жібек жолының әлемдік саудадағы маңызының бірден төмендеуінін басты себебі

    Дұрыс жауап: теңіз жолдарының ашылуы

  10. Ұлы Жібек жолының басты валютасы

    Дұрыс жауап: жібек

  11. Картада берілген ежелгі мемлекет

    Дұрыс жауап: Парсы

  12. Ахеменидтер династиясының негізін қалаушы

    Дұрыс жауап: Кир