Қазақ тілі: ҰБТ
1 165 сұрақ · 12-бет, барлығы 24 бет
Халықты үш жікке бөліп, түсінік беретін азатжол(-дар)
Дұрыс жауап: 2
Мәтіннен тыс ақпарат
Дұрыс жауап: Қазақтың киіз үйге деген ерекше сезімін көрсету
Мәтіндегі ең соңғы сөйлемі
Дұрыс жауап: Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз:
Дұрыс жауап: Тал-ды-қор-ған.
Мысалдарды үстеудің мағыналық түрлерімен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) төмен, ілгері, жоғары мекен 2) тез, ақырын, баяу Сын-қимыл Салалас құрмаластың түрлерін сөйлемдермен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Түсіндірмелі салалас Сіздерге де айтарым сол: сағат төртте осында келіңіздер 2) Қарсылықты салалас Хатты біресе кеудесіне қысады, біресе бетіне басады Мысалдарды салаластың түрлерімен сәйкестендіріңіз.
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Күн батты, тауды кара көлеңке басты шайып кетті кезектес 2) Кейін қайта алмаймыз, себебі өткелді су шайып кетті себеп-салдар Етістіктің шақ түрлерінің жасалу жолдарын мысалдармен сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Мақсатты келер шақ Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ 2) Бұрыңғы өткен шақ Ертеде Түркістанды Тұран дескен, Тұранда ер түрігім туып өскен Киіз үйдің «сүйегі»
Дұрыс жауап: Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық
Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауларын жалғаңыз. Кіріс, дүкен, табыс
Дұрыс жауап: -ке, -ге, -қа
Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: Ас, тамақ, тағам, дәм;
Көптік жалғаулы сөздер қатарын табыңыз.
Дұрыс жауап: пәтерлер, төлемдер
Антонимдерді табыңыз:
Дұрыс жауап: кіріс –шығыс
Берілген мысалдар мен етістіктің рай түрлерін сәйкестеңдіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1) Ынтымақ болмай іс бітпес Шартты рай 2) Күшіне қарай жүк көтер Бұйрық рай Риторикалық сұраулы сөйлем (-дер)
Дұрыс жауап: Ажал бір ұры ғой, ажалға не дауа бар?; Өзіндік менің мiнiм бар, Түзетер соны кімің бар?; О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөз(-дер)
Дұрыс жауап: – Қайта айтыңыздаршы әлгі өлеңді, - деді ол.
Негізгі зат есім(-дер)
Дұрыс жауап: Береке; Дәулет; Дәреже
Сабақтас құрмалас сөйлем(-дер)
Дұрыс жауап: Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді.; Таңертеңгі тұнық ауа мұнартып, кең даланы сағым басты.
Құрамында көп мағыналы сөзі бар сөйлем (-дер)
Дұрыс жауап: Істің аяғы насырға шаппасын деп сөз аяғын тез бітірді.; Сөздің басы Күлтөбенің басынан бастау алған, әлі тоқтар емес.; Пышақтың жүзін байқашы, жүзіңді шарпып кетпесін
Септік сұрақтарын тап:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік А) Барыс Кімге? Неге? В) Табыс Кімді? Нені? Таңырқау мағынасында одағайы бар сөйлем
Дұрыс жауап: –Ойпырай, қыс ортасында жаңбыр жауғаны несі?
Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Ойын басталмай-ақ жұрт бәйек болды.
Түбір сөздер қатары
Дұрыс жауап: Көңіл, ым, ишара
Антоним сөздер қатысқан мақалды табыңыз.
Дұрыс жауап: Ащы мен тұщыны татқан білер.
Туынды сын есімді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Дәмді
Туынды етістікті табыңыз.
Дұрыс жауап: Азай
Тек бітеу буынды сөзді табыңыз.
Дұрыс жауап: Жас
Сөйлемдегі зат есімнің қызметі Жез шыбық үстел үстіне құлап түскендей болды.
Дұрыс жауап: Анықтауыш, бастауыш, толықтауыш
Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде қандай өзгеріске ұшырайтындығын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Тұйық етістікке айналып, оған барыс, табыс септік жалғауы немесе туралы жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.
Көмекші есім қатыспаған сөйлемді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Үйдің кірпіші жақсы болмаса, үй жақсы болмайды.
Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз. Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.
Дұрыс жауап: Қыстырма сөз
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркесін табыңыз.
Дұрыс жауап: Кішіге үлгі
Ваннаға түскен кезде неше литр су пайдаланылады?
Дұрыс жауап: 140 литр
Мәтінді оқы. Осы мәтінде конспект жоспары айтылатын, айтылмайтынын тап.
Дұрыс жауап: жоспар берілмейді
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дарын иелеріне көңіл аударуды іске қосқан елдер қатарына кіргендер
Дұрыс жауап: Француздар мен кәрістер
Жіктелетін сөз (-дер)
Дұрыс жауап: Қазақ; Білімді
Сапалық сын есімдері бар мақал-мәтел(-дер)
Дұрыс жауап: Көне сөз – жаңа сөздің қазығы.; Жақсыға құрмет – жас жаранға міндет.; Отан отан да ыстық.
Сөйлемге жатпайтын қатарды табыңыз.
Дұрыс жауап: Ел мен жер.
Еріндік пен езулік дауысты дыбыс араласып келген сөзді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Отан, өркен
Тек ашық дауысты дыбыстан жасалған сөздерді табыңыз.
Дұрыс жауап: Алакөл, тоғай
Есімді тіркеске жататын мысалды көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Қызыл алма
Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.
Тәуелдеулі септелген тұйық етістікті табыңыз.
Дұрыс жауап: Егер сенбесең, келіп көруіңе болады.
Сөз аралығындағы кейінді ықпалды сөйлем
Дұрыс жауап: Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болады.
Етістікті тіркесті табыңыз.
Дұрыс жауап: Ата-анасымен хабарласу
Безендірілуіне байланысты киіз үй түрі
Дұрыс жауап: Ақ ала орда
«Қайрау» сөзінің синонимі
Дұрыс жауап: білеу
Сөйлемде қолданылып тұрғанын сұрақ түрі: Ажал үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?
Дұрыс жауап: Риторикалық сұрақ
Ойталқы сөзінің басқа тілден аударғанда беретін мағынасы:
Дұрыс жауап: Талқылау
Есімді тіркесті ажыратыңыз
Дұрыс жауап: Екінің бірі