Қазақ тілі: ҰБТ
1 165 сұрақ · 11-бет, барлығы 24 бет
Қазақ тілінде екпін сөздің қай буынына түсетінін табыңыз.
Дұрыс жауап: Сөздің соңғы буынына
Өзгелік етістің жұрнақтарын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: -ғыз, -гіз, -дыр
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Амантай үйден тез киініп шығып, автобусқа келіп отырды.
Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Адалдық, рақымсыз.
Мағына жағынан бір-біріне қарсы, аралары алшақ жатқан екі нәрсені бетпе-бет қойып қолданудан туған айшықтаудың түрі
Дұрыс жауап: шендестіру
Жалпылауыш сөздердің анықтамасын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Бірыңғай мүшемен қызметтес болып, оны жинақтап тұратын сөздер.
Осы шақтағы етістік қатысқан сөйлем
Дұрыс жауап: Жағада бір аққу қанатымен су сабалап, ұша алмай жүр.
Белгісіздік есімдігін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Әркім, біреу
Тыныс белгісі қойылмаған ишарат одағайы қатысқан сөйлем
Дұрыс жауап: Тек мұндайды естімейтін болайын!
Тіл білімінің фонетика саласына жататын терминді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Әріп, екпін
Дерексіз зат есімге аяқталған сөзі бар қатар
Дұрыс жауап: Ат қою — үлкен өнер, адамға — жауапкершілік.
Ашық дауыстылар қатары
Дұрыс жауап: Алақан, әлеумет
Тіркесті сөздердің қалай жазылатындығын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Бөлек жазылады.
Көркем әдебиет стиліне тән белгіні анықтаңыз.
Дұрыс жауап: Образдылық
«Жаппай қабылданған эталон, заң, теория, оны практикалық қолдануы, жабдық т.б. кіретін ғылыми зерттеу үлгісі». Бұл ненің анықтамасы екенін көрсет.
Дұрыс жауап: парадигма
Мәтін мазмұнын ашатын даналық ой
Дұрыс жауап: Тарих пен шежіре – егіз ұғым.
Мәтіннің мақсаты қандай?
Дұрыс жауап: Суды үнемдеуге шақыру
Пікіралмасуды ұйымдастырудағы екінші мәселе:
Дұрыс жауап: Жүргізушіні тағайындау
Күрделі сөзді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: ата-ана
Пікірталас түрлерінің ережесін дұрыс нұсқамен сәйкестендіріңіз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Ойталқы (диспут) Ғылыми немесе қоғамдық мәселені көпшілік алдында талқылайтын пікірталас түрі 2. Пікір алмасу (дискуссия) Көкейкесті мәселелерді шешу мақсатында құрылатын, біліктілік пен мәдени өрені талап ететін пікірталастың түрі Жұп дауыссыз(-дар)
Дұрыс жауап: ш-ж; г-к; б-п
Жалғаулық шылауы бар сөйлем(-дер)
Дұрыс жауап: Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан шығады.; Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстырып тұр.; Бұлардың келе жатқанын көрді, бірақ көздеріне түспеуге тырысты.
«Мәдениетін» сөзіндегі жұп дауыссыз:
Дұрыс жауап: т-д
Ойкөкпардың нәтижесін қорытындылаушы:
Дұрыс жауап: Сарапшылар
Сәйкестендіріңіз
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Мұндайлардың алды осы Жидебайға, Абайдың шешелерінің үйіне де, келіп жатқан еді. … Оңашаланған айқындауышқа үтір қойылады. … 2. Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде. … Жалғаулық шылаулары бірыңғай мүшелермен қайталанып келсе, араларына үтір қойылады. … Шылауды мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Шектік мағынадағы демеулік кейде, тек, -ақ 2. Болымсыздық демеулік тұрмақ, түгіл, тұрсын Сөйлемдердің стилін ажыратып, дұрыс сәйкестендіріңіз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Ғылыми стиль Керей хан (туған жылы белгісіз 1473) – қазақ хандығының негізін қалаушы екі ұлы тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. 2. Ресми іс-қағаздар стилі 10-сынып оқушыларын Жамбыл музейіне апару үшін, көлікпен қамтамасыз етуді және жолсапарға мәлімет беретін маманды қосып беруіңізді сұраймын. Қазіргі шешендік сөздердің түрлерін берілген мысалмен сәйкестендіріңіз:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 1. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды Сондықтан қашанда төрден таймаған, Шерағамыз Қордайдың қоңыр құлжасы атанған, қазақтың қастерлі құндылықтарын жоқтаған жазушы ағамызбен бірге шындығын тапқан қазақ көп болғай. 2. Әлеуметтік-саяси мазмұнды Біз Парламенттік Республиканы жақтаймыз. Бір адам, тіпті ең дарынды болса да, елдегі барлық мәселені шеше алмайды. Тәуелденіп септеліп тұрған есімдік (-тер)
Дұрыс жауап: Қайбірін; Кіміңнен; Бұнысына
Жіктеліп тұрған сан есімі бар қатар (-лар)
Дұрыс жауап: Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз.; Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу.; Сегізбін деме, тоғызға жолығарсың...
Қабыса байланысқан сөз(-дер)і бар сөйлем(-дер)
Дұрыс жауап: Ашынған аналар жиналып келіп, мән-жайды басқармаға айтады.; Абайдың кара сөздерін Қазақстанда оқымаған қазақ жоқ шығар.; Бұл шетте жыртық, шоқпыт лашықтар, құрым кара қостар бар.
Жайылма сөйлемді табыңыз.
Дұрыс жауап: Қар қалың жауды.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшенің түрін көрсетіңіз. Өткеннің жақсысы мен жаманы бүгінгімен өлшенеді.
Дұрыс жауап: Бірыңғай бастауыш.
Бірыңғай жуан буынды сөзі бар сөйлем
Дұрыс жауап: Асылбек кітабын сөмкеге салғызды.
Түбір тұлғасы өзгеріп біріккен сөздер қатары
Дұрыс жауап: Биыл, түрегелді
Тек ашық дауысты дыбыстан жасалған сөздерді табыңыз.
Дұрыс жауап: Алакөл, тоғай
Бірыңғай күрделі сөздер қатарын табыңыз.
Дұрыс жауап: Жолсерік, той-томалақ
Буын үндестігіне бағынбайтын жалғау қатарын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: -мен, -бен, -пен
Қосымшасыз сөз
Дұрыс жауап: Марқакөл
Күрделі сөзді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: ҚарМУ
Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Қайдағы
Хабарлы сөйлемнің анықтамасын белгілеңіз.
Дұрыс жауап: Біреу я бірдеме туралы ойды екінші біреуге жай хабарлау мақсатында айтылған сөйлем.
Одағайға байланысты дұрыс қойылған тыныс белгісін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Тұрсам, о тоба-ай, айнала көк шалғын.
Мезгіл бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.
Эвфемизм қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: А. Құнанбаев 59 жасында қайтыс болды.
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Емтиханға дайындалдың ба
Әрі жуан, әрі жіңішке дауыстыға жататын дыбысты белгілеңіз.
Дұрыс жауап: У
Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
Дұрыс жауап: Абайлар ауылға жете қонбақ болып, аттарын сар желіске сала жөнелді.
Аң, құс, жәндік, өсімдік атауларының байланысты біріккен сөздер қатары
Дұрыс жауап: Алабота, қарақұрт.
Үннен салдыр басым болатын дыбысты көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Ұяң