Ustazdyq

Қазақ тілі: ҰБТ

1 165 сұрақ · 13-бет, барлығы 24 бет

  1. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.

    Дұрыс жауап: дүмбі, пәшік, сота

  2. Қолдану аясы шектеулі сөздерді анықтамасымен дұрыс сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Табу сөздерҚазақы дәстүр, ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер.
    В) НеологизмҒылым мен техниканың дамуына байланысты қолданысқа енген жаңа сөздер.
  3. Сөйлемдерді құрмаластың түрлеріне қарай ажыратыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Қарсылықты салаласЖарқырай шағылысқан сәулесі жоқ, - бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын.
    В) Мезгіл бағыныңқы сабақтасБазаралы әңгімесін бітіргенде, ол бір қызық ойын қысқа түйді.
  4. Сөйлемде қойылуы тиіс тыныс белгілер түрімен сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Мен Айдын Әсем үшеуміз келдік....утір....
    В) Үйде шешен дауда жоқ. ...үтір, сызықша...
  5. Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Жақты сөйлемБіздің бала кезімізде отты шақпақтаспен тұтататын еді.
    В) Жалаң сөйлемЕңбек түбі - береке.
  6. Сөйлемдерді құрмаластың түрлеріне қарай ажыратыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Себеп-салдар салаласОл бірде-бір жиналысқа қатыса алмады, себебі өкіл емес еді.
    В) Мақсат бағыныңқы сабақтасКелген қонақты көру үшін, есік алдына көп жұрт жиналып қалды.
  7. Қаратпа сөздер қатысқан қатарлар

    Дұрыс жауап: Бұл жасаған қателігің дұрыс емес, шырағым.; Әкешім, бұл сыйлықты сізге шын көңілден сыйлап тұрмын.; Самат, ертең сынақ болатын күн.

  8. Жіктеліп тұрған сан есімі бар қатар (-лар)

    Дұрыс жауап: Сегізбін деме, тоғызға жолығарсың...; Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз.; Ажал ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу.

  9. Төл сөзді сөйлем(-дер)

    Дұрыс жауап: – Ол сенің інің бе? – деп сұрады ол.; – Кел, балалар, оқылық! – деді Ыбырай Алтынсарин.; Дәркембай: – Тағы да кете берем десеңші! – деді.

  10. Дара есімдікті табыңыз.

    Дұрыс жауап: Кімдер

  11. Буын талғайтын дауысты дыбыстар қатысқан сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Басқұр, күмән

  12. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Құралай көз

  13. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңарып қолданылған көнерген сөзді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қыркүйек

  14. Одағайдың ойға үстейтін мәніне қарай нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Үшке

  15. Нақ осы шақты көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Әмірші сол орнында тұр.

  16. Жалқы есімді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Қарағанды

  17. Бітеу буынды сөзден басталған сөйлем

    Дұрыс жауап: Төрт адамнан тұратын бұл отбасы өте бақытты.

  18. Жанама толықтауыш қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Терезеден ай сәулесі түсіп тұр.

  19. Ашық буынды қатарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қала

  20. Заттық мағынада қолданылып тұрған сын есімнің қандай сөйлем мүшесін атқарып тұрғанын табыңыз Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.

    Дұрыс жауап: Бастауыш

  21. Синоним сөздер қатыспаған қатарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Бұршақ, жидек

  22. Тарс-тұрс анық естіле бастады. Еліктеу сөздің синтаксистік қызметін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Бастауыш

  23. Үйірлі мүшесі бар сөйлем

    Дұрыс жауап: Аузы күйген үрлеп ішеді, оған бұл сөз өмірлік сабақ болады.

  24. Басыңқысы етістіктен, бағыныңқысы еліктеу сөзден болған етістікті тіркесті белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Жалт қарау

  25. Тұрақты тіркес арқылы берілген дисфемизмді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Ит терісін басына қаптады.

  26. Мәтiндегi асты сызылған сөйлемдегi үтiрдің қойылу себебi

    Дұрыс жауап: Бiрыңғай мүшеге байланысты

  27. Жедел өткен шақ тұлғалы етістікті табыңыз.

    Дұрыс жауап: Жеткізді

  28. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Айтарыңыз

  29. Екпін түспейтін қосымша түрін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Жіктік жалғауы

  30. Сөз тіркесінің анықтауыштық қатынаста жұмсалатын байланысу түрлері

    Дұрыс жауап: Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері; Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері

  31. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз. Шұғыла...

    Дұрыс жауап: -лы.

  32. Мәтін мазмұнына сай сөйлем

    Дұрыс жауап: Қазақ халықты «әкеден өте, жете, кете туғандар» деп жіктейді.

  33. Халықты үш жiкке бөлiп, түсiнiк беретiн азатжол(-дар)

    Дұрыс жауап: 2

  34. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. (Абай) Өлеңдегі көркемдік тәсіл

    Дұрыс жауап: меңзеу

  35. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулер қалай жазылады?

    Дұрыс жауап: Бөлек

  36. Сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Бұл, шынында да, Нартай біле бермейтін жаңалық еді....Оқшау сөздер сөз ортасында келсе, екі жағынан үтір қойылады. ...
    В) Бименденің әкесінің аты Сыздық еді, ауылды Сыздық ауылы дейтін. ...Жалғаулықсыз себеп-салдар құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдердің арасына үтір қойылады....
  37. Сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі Қазақтың тәңірқұтылары – Абай Құнанбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев.

    Дұрыс жауап: Бірыңғай мүшеге байланысты

  38. Әдепсіз, дөрекі сөздердің атауы

    Дұрыс жауап: Дисфемизм

  39. Берілген сөздің авторы: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз...».

    Дұрыс жауап: Қазыбек би

  40. Көп мағыналы сөз қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Иненің көзі тым кішкентай болды.

  41. Пікірталас түрлерінің ережесін дұрыс нұсқамен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Ғылыми немесе қоғамдық мәселені көпшілік алдында талқылайтын пікірталас түpiОйталқы (диспут)
    В) Кандай да бір мәселені көпшілік алдында талқылауСөзталас
  42. Сөйлемдерді құрмаластың түрлеріне қарай ажыратыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Мақсат бағыныңқы сабақтасКелген қонақты көру үшін, есік алдына көп жұрт жиналып қалды.
    В) Талғаулы салаласСонда я жүрегім сезер, я білегім жеңер.
  43. Сөйлемнің басында немесе соңында келген одағайлар көтеріңкі сазбен айтылса, соңына қойылатын тыныс белгі(-лер)

    Дұрыс жауап: Леп белгі

  44. Эссе түрлерін анықтамасымен сәйкестендіріп жазыңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) Аргументті эссеПікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдерді келтіріп, аргументтермен түйінделіп отырады.
    В) Хабарламалық эссеАдам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады.
  45. Дефис қойылатын орын (-дар)

    Дұрыс жауап: Қос сөздер арасына; Қосалқы мүшелі күрделі атаулар; Күшейткіш демеуліктер

  46. Салалас құрмалас сөйлем (-дер)

    Дұрыс жауап: Қымызды ет, құрт, май, ірімшікпен ішкен,– оның қыздыратын күші болады.; Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды.; Ноталары скрипка кілтінде жазылады, дыбыс медиатр арқылы шығарылады.

  47. Туынды еліктеу сөз(-дер)

    Дұрыс жауап: Елпең; Сымпаң; Қызараң

  48. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздің буын түрлері

    Дұрыс жауап: тұйық, бітеу

  49. Мәтіндегі «тәңірқұтылар» сөзін алғаш қолданушы

    Дұрыс жауап: Әл-Фараби

  50. Мәтіндегі асты сызылған сөйлемдегі үтірдің қойылу себебі

    Дұрыс жауап: Бірыңғай мүшеге байланысты