Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 3-бет, барлығы 21 бет

  1. Қозы Көрпеш пен Баянның махаббатына кедергі жасайтын кейіпкер

    Дұрыс жауап: Қодар

  2. «Ең үлкен байлық» ертегісінде адамның ақшаға сатып ала алмайтын байлығы

    Дұрыс жауап: күш-қуаты мен денсаулығы

  3. «Дүние қалай етсең табылады?» шығармасының негізгі идеясы

    Дұрыс жауап: жан-жақты ізденіп, білім алу

  4. Атымтай Жомарт» шығармасының авторы

    Дұрыс жауап: Ы.Алтынсарин

  5. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты жастарға сенетін ақын

    Дұрыс жауап: М.Жұмабаев

  6. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық ... Берілген ойдың жалғасы

    Дұрыс жауап: Аздырар адам баласын

  7. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесіндегі балалардың портреттерін кейіпкерлерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Көзі сығырайған жалпақ бет,тақырбас қара - әйел бала, жасы алтыдаДүнген қызы
    Жасы тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, мылқауОрыстың баласы
  8. Шығармаларды оларда көтерілген тақырыптармен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    О.Бөкей «Апамның астауы»Ұлы дала табиғаты
    С.Мұратбеков «Телі өскен ұл»Қазақстан - біздің ортақ үйіміз
  9. Берілген шығармаларды негізгі мазмұнымен сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Думан Рамазан «Соңғы дем»ядролық полигонының сынақтарынан зардап шеккен жергілікті тұрғындардың ауыр жағдайы
    Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы»ауыл тұрғындарының темір жолына шығып, соғыстан туған- туысқандарын күтуі
  10. Майкл Х. Харттың «100 ұлы адам» атты кітабынан Альберт Эйнштейннің іс-әрекетіне қатысты сәйкестіктерді табыңыз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    көңіл бөлмеген«математика» пәнінен басқа сабақтарға
    қарсы шыққанядролық қару жасауға
  11. М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген үзінділерді кейіпкерлерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Жиынның дәл ортасында тұр. Үстінде ұзын, ақ сарғыш жібек бешпеті бар. Күрең барқыт желетке мен ақ көйлек, кең бешпет жарасып тұр. Самай, маңдай шаштары бурыл тартқан.Құнанбай
    Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бірақ бауырына басқанның өзінде де жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді.Абай
  12. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кейіпкер(-лер)і

    Дұрыс жауап: Розия; Сұлушаш; Ғазиза

  13. Ж. Аймауытовтың көпактілі драмасы (драмалары)

    Дұрыс жауап: «Жалбыр»; «Көзілдірік»; «Талтаңбайдың тәртібі»

  14. Міржақыптың «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкер(-лер)і

    Дұрыс жауап: Байжан; Жамал; Ғали

  15. Қарамен берілген тіркестерде қолданылған көркемдік тәсіл

    Дұрыс жауап: Теңеу

  16. XV ғасырда өмір сүрген өз заманының асқан ақылгөйі, «көшпенділер философы»

    Дұрыс жауап: Асан қайғы

  17. Саятшының сөзімен қыран құстың алғырлығын суреттейтін халық әні

    Дұрыс жауап: «Көкжендет»

  18. Абай өзінің өлеңдерін бастапқыда кімнің атынан таратып жүрген

    Дұрыс жауап: Көкбай

  19. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың оқу-білімге, ағартушылыққа үндейтін жыр жолдары

    Дұрыс жауап: «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...»

  20. М.Әуезовтің алғашқы көркем әңгімесі

    Дұрыс жауап: «Қорғансыздың күні»

  21. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде боздап келіп, елді тегіс еңіреткен кейіпкер

    Дұрыс жауап: Құрмаштың әжесі

  22. Тәкаппар ұлы дүние! Қазақ деген мен деймін. Мылтығыңды ұсынба, Қолыңды ұсын, кел деймін! Үзіндідегі фигураның түрі

    Дұрыс жауап: apнay

  23. «Тазының өлімі», «Бір атаның балалары» шығармаларының авторы

    Дұрыс жауап: М.Мағауин.

  24. Көркемдігі жағынан қазақ поэзиясының төрінен орын алатын ХІХ ғасырдағы ақындар айтысының үлгісі

    Дұрыс жауап: Біржан мен Сара айтысы

  25. Абайдың Көкбайға: «Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын» деп көңілі толған тұңғыш өлеңі

    Дұрыс жауап: «Интернатта оқып жүр»

  26. Тахауи Ахтановтың соғысты мүлде басқа қырынан көрсеткен, взвод командирі Ержан, қатардағы жауынгерлер Зеленин, Көжек деген кейіпкерлері бар шығармасы

    Дұрыс жауап: «Қаһарлы күндер»

  27. «Аяз би» ертегісінде кездесетін кейіпкерлер қатары

    Дұрыс жауап: Уәлі бай, Меңді қыз

  28. Зорлығымды сұрасақ, Бекіре менен жайындай. Беріктігімді сұрасаң, Қарағай мемен қайыңдай, деп Есім ханға өктем үн қатқан жырау

    Дұрыс жауап: Жиембет

  29. Төмендегі үзіндінің авторын анықтаңыз: Білімді сол кісіден ізденелік, «Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік. «Өмір зая болмастық өнер үйрет, Ақылыңды аяма бізге» делік...

    Дұрыс жауап: Ш.Құдайбердіұлы.

  30. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында: «...Сол үшін де өз өмірімде, өле- өлгенше асыл сөзіңді сақтармын, ата тәрбиеңді ақтармын, ағажан!» — деп, Абайға уәде берген кейіпкер

    Дұрыс жауап: Дәрмен

  31. Гүрілдеп жалын атқан кеудем көрік, Сөз созам құлашымды еркін керіп . Үзіндідегі фигураның түрі

    Дұрыс жауап: инверсия

  32. Мәтінде есімі жиі аталған кейіпкер

    Дұрыс жауап: Ақбілек

  33. Мәтіннің екінші бөлігінде Ақбілектің келе жатқанын естігендегі әкесінің сезімі

    Дұрыс жауап: Таңғалу

  34. Мәтіннің екінші бөлігіндегі оқиға

    Дұрыс жауап: Ақсақал баласына бөлек отау тіктірді.

  35. Үзіндіде берілген өлең жолдарының 1 және 2-тармағындағы көркемдік тәсіл

    Дұрыс жауап: Аллитерация

  36. Мәтіндегі асты сызылған жолдарда қолданылған троп түрі

    Дұрыс жауап: Кейіптеу

  37. Мұхтар Әуезовтің өмір сүрген жылдары

    Дұрыс жауап: 1897-1961

  38. Мұхтар Әуезовтің драматургиядағы тырнақалды туындысы

    Дұрыс жауап: «Еңлік - Кебек»

  39. «Бесеудің хаты» тарихи драмасының авторы –

    Дұрыс жауап: Шерхан Мұртаза

  40. Қ.Мұханбетқалиұлының Сырым Датұлы туралы жазған шығармасы –

    Дұрыс жауап: «Тар кезең»

  41. М.Әуезовтің «Абай жолы» романында жас Абайдың азаматтық іс атқарып, ел аузына ілігетін кезі

    Дұрыс жауап: Бөжей асын өткізуі

  42. Сәйкестендіріңіздер.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1958 жылы«Құрылысшы Дәку»
    1969 жылы«Мылтықсыз майдан»
  43. Ш.Мұртазаның «Тәуекел той» әңгімесінің сюжеттік-композициялық бөлігін сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Оқиғаның басталуыКерімқұл қуанышы.
    Оқиғаның шиеленісуіЖелге ұшқан арман. Жалғыз үміт - Жеңісгүл.
  44. Абай өлеңдерінде көтерілген мәселелерді анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»Ақын мен ақындықтың мұрат мақсаты туралы айтады.
    «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»Қоғамдағы әділетсіздік, ел басындағы күйзелісті ашып көрсетеді.
  45. Берілген үзіндіде сипатталған кейіпкер қай шығармадан және кім екенін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Шашына ақ кірген, толық келген, елулерге таяп қалған адам екен. Бұл кісінің қарапайымдылығына, адамгершілігіне ішім жылып қалды.«Алғашқы ұстаз», Алтынай бейнесі.
    Шіркіннің өзі де келбетті еді-ақ еді... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, біртүрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда?«Шұғаның белгісі», Шұға бейнесі.
  46. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңыз-әңгімесіндегі жер-су атауларына. Асанқайғының айтқан сөздерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Сыр бойын көргенде...Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен.
    Шідерті өзенін көргенде...Мына шіркіннің топырағы асыл екен.
  47. Алпамыс батырдың әкесі мен анасының есімдері

    Дұрыс жауап: Байбері; Аналық

  48. «Көкшетау» поэмасының авторын көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: С.Сейфуллин

  49. Асан қайғы шығармашылығына қатысты нұска(-лар)

    Дұрыс жауап: «Көлде жүрген қоңыр қаз»; «Есті көрсең, кем деме»; «Еділ бол да, Жайық бол»

  50. Ыбырай Алтынсарин деректер бойынша

    Дұрыс жауап: ағартушы-демократ; балалар әдебиетінің атасы; тұңғыш аудармашы