Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 2-бет, барлығы 21 бет

  1. «Мен таулықпын», «Фантазия» өлеңдерінің авторы

    Дұрыс жауап: М.Мақатаев

  2. «Домбыра» және «Жерұйық» атты жыр жинақтарының авторы

    Дұрыс жауап: Қ.Мырза Әли

  3. Тасқа қашалған көне жәдігерлердің ішінде бізге жеткендерінің ең ірісі

    Дұрыс жауап: Күлтегін ескерткіштері

  4. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, Кісі болмас баланың кісіменен несі бар. Малайсары сөзіндегі шешендіктің түрі

    Дұрыс жауап: Шешендік нақыл

  5. Бұқардың жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы

    Дұрыс жауап: «Жиырма деген жасыңыз»

  6. Орынбай, Бабақ және Нұрғайша, Сарамен айтысқан әнші-сазгер ақын

    Дұрыс жауап: Біржан сал

  7. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Үзінді авторы

    Дұрыс жауап: Ж. Молдағалиев

  8. Қобыланды батыр жоқта елін шауып кеткен қалмақтың ханы

    Дұрыс жауап: Алшағыр

  9. «Әмірің қатты Есім хан» деп жыр арнаған XVII ғасыр жырауы

    Дұрыс жауап: Жиембет

  10. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болған?

    Дұрыс жауап: Абылай хан

  11. М.Әуезовтің революциялық дәуір мен социалистік құрылыс жылдарындағы оқиғаларды суреттейтін пьесаларының бірі

    Дұрыс жауап: «Тастүлек»

  12. Қайталау түрі Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым, Сыр пернені басып қара, басып қара, жырласын.

    Дұрыс жауап: Еспе қайталау

  13. Шақан туралы ел арасында қандай аңыз тараған?

    Дұрыс жауап: Шақан түнде жолбарысқа айналатын қасиетке ие болған

  14. Шақан Шерінің кешегі ізге қайта түсудегі максаты

    Дұрыс жауап: Жолбарысты аңду

  15. «Қан мен тер» романының авторын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: Әбдіжәміл Нұрпейісов

  16. «Бір атаның балалары » повесіндегі қарияның аты кім?

    Дұрыс жауап: Ахмет

  17. «Жетісу суреттері» өлеңінің авторын белгілеңіз

    Дұрыс жауап: І.Жансүгіров

  18. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен берілген үзінділердегі іс-әрекеттерді олардың себебімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді.ақ қасқырдың кек алуы
    Түні бойы көп-көп ұлыды, таң атқанша жер тарпып, шаң боратты, ыңырсыды, аунады.ақ қасқырдан айрылғандықтан
  19. Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасынан берілген портреттерді кейіпкерлерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Ақшыл денелі, арық, бір аяғын ақсай басады.Бораш
    Ашаң, сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ. Күнге күйіп кеткен дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды.Қайрош
  20. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасындағы кейіпкерлермен олардың сөздерін сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    АхметМен осы мықтының өзін қаладым. Баламның атын айт.
    Басқарма...Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-жайын айт.
  21. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінен берілген үзінділердегі іс-әрекеттерді олардың иелерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Ай астында әрлі-берлі сенделіп, көп аяңдап жүрді. Қасында көлеңкесі ғана жүреді.Көксерек
    Ін аузында екіаяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды.Адамдар
  22. М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан берілген портреттерді олардың кейіпкерлерімен сәйкестендіріңіз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Үстінде ұзын, ақ сарғыш жібек бешпеті бар. Күрең барқыт желетке мен ақ көйлек, кең бешпет жарасып тұр. Самай, маңдай шаштары бурыл тартқан.Абай
    Сұйықтау қызыл қоңыр шашы жылтырай таралған. Кең, биік маңдайы ашық көрінеді. Бойы сұңғақ. Қыр мұрынды. Сәнді киінген жас жігіт өзгеше сұлу көрінеді.Әбіш
  23. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кейіпкер(-лер)і

    Дұрыс жауап: Сұлушаш; Алтай; Ермек

  24. Ж. Аймауытовтың көпактілі драмасы (драмалары)

    Дұрыс жауап: «Мансапқорлар»; «Шернияз»; «Қанапия - Шәрбану»

  25. Д. Исабеков туындысы (туындылары)

    Дұрыс жауап: «Әпке»; «Ата үміті»

  26. Міржақыптың «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкер(-лер)і

    Дұрыс жауап: Байжан; Жамал; Ғали

  27. Лиро-эпостық жыр(-лар)

    Дұрыс жауап: «Қыз Жібек»; «Айман-Шолпан»; «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

  28. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ханшаның «тастама домбыраңды, күйді ұмытпа, тарта жүр сонау тартқан сергелдеңді...» деген сөзі нені танытатындығын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: текті ханшаның тектілігін

  29. Айкүмістің Жамбылға: «Жамбыл-ау, күпінесің неге сонша, Құтқарып қыз біткенді қалған жанша, Қолдағы қаршығаңнан неге айрылдың, Тұтқасы дүниенің сенде болса?!» деп меңзеген сұлуы

    Дұрыс жауап: Бұрым

  30. Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен. Үзіндідегі троптың түрі

    Дұрыс жауап: кейіптеу

  31. Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар кездесетін ертегі

    Дұрыс жауап: «Ер Төстік»

  32. Мен құстан туған құмаймын , Бір тұлпарға жұбаймын... Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл

    Дұрыс жауап: Махамбет, метафора

  33. Махамбеттің «Мұнар күн» өлеңінің идеясы

    Дұрыс жауап: Исатайдың қазасына деген өкініші

  34. Шәкәрімнің Абайдың өнегесін үлгі ету қажеттігін баяндайтын өлеңі

    Дұрыс жауап: «Жастарға»

  35. Шәкәрімнің ағартушылықты жария еткен әйгілі өлеңі

    Дұрыс жауап: «Жастарға»

  36. Жамбылдың «Өтеген батыр» дастанында жұртқа алалық сап айнытқан кейіпкер

    Дұрыс жауап: Байсары

  37. Әрекет-мақсаттары Асан қайғының армандарымен ұштасып, «Жерұйықты» тапсам деп жер-жаһанды кезген Ж.Жабаев шығармасының кейіпкері

    Дұрыс жауап: Өтеген

  38. Өлең үзіндісіндегі көркемдегіш тәсіл ...Ауырып домбыра да ыңырады, Санасыз саусақ қағып, қыдырады. Бірде ысып, бірде суып, күйіп-жанып, Жүректе сандыраған күй жынданды. І.Жансүгіров.

    Дұрыс жауап: Кейіптеу

  39. «Домбыра» және «Жерұйық» атты жыр жинақтарының авторы

    Дұрыс жауап: Қ.Мырза Әли

  40. «Мен таулықпын», «Фантазия» өлеңдерінің авторы

    Дұрыс жауап: М. Мақатаев

  41. Тасқа қашалған көне жәдігерлердің ішінде бізге жеткендерінің ең ірісі

    Дұрыс жауап: Күлтегін ескерткіштері

  42. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, Кісі болмас баланың кісіменен несі бар. Малайсары сөзіндегі шешендіктің түрі

    Дұрыс жауап: Шешендік нақыл

  43. Бұқардың жастық пен кәрілікті қарама-қарсы қойып суреттеген толғауы

    Дұрыс жауап: «Жиырма деген жасыңыз»

  44. Ақан серінің жігіт адамның 13 түріне жеке-жеке сипаттама берген өлеңі

    Дұрыс жауап: «Айтамын замандасқа біраз кеңес»

  45. Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым, өмірге қайта келдім. Үзінді авторы

    Дұрыс жауап: Ж. Молдағалиев

  46. Кісіні көрсең, есікке, Жүгіре шық, кешікпе. Қарсы алмасаң мейманды, Кесір болар несіпке, - деген өлең жолдарындағы Үмбетей жыраудың көтерген тақырыбы

    Дұрыс жауап: Адамгершілік

  47. «Педагогика», «Сауатты бол» (араб, латын әріптерімен бірнеше рет басылған) кітаптарының авторы

    Дұрыс жауап: А. Байтұрсынұлы

  48. Қайталау түрі. Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым, Сыр пернені басып қара, басып қара, жырласын.

    Дұрыс жауап: Еспе қайталау

  49. «Тұңғыш» сөзінің антонимін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: соңғы

  50. Қобыланды батырды баулыған ер

    Дұрыс жауап: Естеміс