Ustazdyq
Тегін, тіркелусізҰБТ · Қазақ әдебиеті · Сұрақ 23/1028

Балқаштың қамысы енсіз, тоғайы жұтаң Арқа бетінде жолбарыс аз еді. Тұйық түбектегі жеңіл еңбек, мол олжалы сәтті аудан соң теңіз жағалап, әлденеше күн сонарлағанда көмескі, жалғыз-ақ жолға шықты. Кеш…

Өзіңізді тексеріңізЖауапты қарамай тұрып, өзіңіз таңдап көріңіз.

Дұрыс жауап

Дұрыс жауап: Жылқы шұрқырағандай дыбыс естіген соң

Жауап нұсқалары

  1. A.Жылқы шұрқырағандай дыбыс естіген соңдұрыс
  2. B.Азық-түлік таусылып қалған соң
  3. C.Жолдасына көмектесу үшін
  4. D.Жолбарыс шабуылдаған соң

Сұрақ

Балқаштың қамысы енсіз, тоғайы жұтаң Арқа бетінде жолбарыс аз еді. Тұйық түбектегі жеңіл еңбек, мол олжалы сәтті аудан соң теңіз жағалап, әлденеше күн сонарлағанда көмескі, жалғыз-ақ жолға шықты. Кеш батып калған еді. Шақан көде жұлып, шөпшек сындырып, шырпы тұтатты, қу ағаш, үлкен томар жинап, алау жақты. Белде, кіседе жүрген, қатқан-құтқан жол азығын қаужап, от басына, қар үстіне қисая кеткен. Әлдеқайдан жылқы шұрқырағандай. Басын көтеріп тың тыңдап еді, тып-тыныш. Бірақ ұйқыдан маза қашты. Ақыры таңды күтпей, шығыс жақтан жарқырай толқып Есекқырған туысымен, елең-алаңда кешегі ізге қайта түсті. Көп ұзамай, азынай кісінеген айғыр дауысы, шұрқыраған қалың жылқы дүбірі естілген. Алда кең ойпаң, қопалы көл көрінді. Жылқы үйіріле жосып, қырат бетке шығып кетіпті. Баран атты жалғыз жылқышы құрығын шошаңдатып, малдың артын жинап жүр. Жіңішке дауыспен ышқына айқайлап қояды. Шақанның алдынан өзі шауып шықты. Әй! Елмісің, жаумысың! Адамсың ба, аңсың ба? - деген анадайдан. Маңдайы биік, құлағы ықшам арғын тымақ киген бала жігіт екен. - Ой, артқы аяғымен жүріп келе жатқан жолбарыс екен десем, шошайған мылтығың бар ғой, - деді содан соң ақсия күліп. Тебіне жақындап, ізетпен сәлем берді. - Ассалаумағалейкум, аға! - Жолбарыс шапты ма? - деді Шақан. - Ой, аға, зәремнің ұшқанын көрсеңіз... деді бала жігіт қыз дауысты, әуезді үнмен. Бір жетім емген саяқ көк тай бар еді. Түн ортасында ғой деймін. Тіпті шет кетіпті. Қайырайын деп жүре беріп едім... сап-сары сапалак ... көзі тура шоқтай жанады, шайтанның отындай жап-жасыл... Оқтай атылғанда бейшара тай шөкесінен жығылды. Астымда жуас кер бесті бар еді, қалай ұйықтасам да қалт етпейтін. Жолбарыс та қарғыды, бізге емес, жаңағы тайға, кер бесті де шұрқырай қашты. Сондай қорқақ екем... Ал сіз ғой, ештеңеден қорықпайсыз? - Оны қайдан білесің?- деді Шақан салғырт қалыпта. - Білем,- деді бала жігіт. Сіз Үйсін Шақан-Шері батырсыз. Бозбала аттан түсіп, Шақанның қасына келді. Көксауыр саптама етік, оқалы сары тон киген, нәзік бітімді жас екен. Ел айтады, - деді сосын ұзын, қайқы кірпіктерін тура қадап. Шақан кеше қоқанды Алатаудан асыра қуған, ханның өзі қайрылып кеңес сұраған Саурық батырдың немере інісі екен дейді. Ағасы жаудан арманда өлген соң, елін аздырған, жерін сатқан жуандардың қорлық, зорлығына шыдамай, жапан түзде жалғыз жортар жолбарысқа айналып кетіпті дейді. Күндіз адам, түнде - жолбарыс. Шақан-Шері!.. Бірақ мен сенбеймін. Әкем айтады, үстіндегі киімі тегіс жолбарыс терісі екен дейді, киім тапшылығынан немесе сән үшін емес-ау кезінде оңайлықпен көзге шалынбас үшін. Жұрттың айтып жүргені сол дейді. М.Мағауин «Шақан Шері» романы. Шақан неге таңды күтпей жолға шығып кетті?

Әріптестермен бөлісуWhatsAppTelegram

Пән бойынша тағы сұрақтар