Химия: ҰБТ
930 сұрақ · 17-бет, барлығы 19 бет
Массалық үлесі 5% 200 г глюкоза ерітіндісінен спирттік ашығанда түзілетін CO₂ көлемі (қ.ж.):
Дұрыс жауап: 2,49 л
Құрамында натрий стеаратының 61,2% массалық үлесі бар 1 кг сабын алу үшін қажет стеарин қышқылының массасы:
Дұрыс жауап: 568 г
Металдық кристалл торы бар заттар:
Дұрыс жауап: сынап; қалайы; магний
3,4-диметилпентен-2-нің 166,6 грамының зат мөлшері:
Дұрыс жауап: 1,7 моль
Молекулааралық сутектік байланыс түзетін қосылыс:
Дұрыс жауап: C₂H₅OH
Зат мөлшері 0,2 моль пропинді толық гидрлегенде түзілетін пропанның (қ.ж.) көлемі:
Дұрыс жауап: 4,48 л
Белгісіз бір көмірсутек калий перманганаты ерітіндісін түссіздендіреді, ал броммен әрекеттескенде 1,2-дибромпропен түзеді. Ол -
Дұрыс жауап: пропин
Құрамында екі қос байланысы бар көмірсутектер:
Дұрыс жауап: Алкадиендер
Көмірсулардың жалпы формуласы:
Дұрыс жауап: Cₙ(H₂O)ₘ
II топтағы металдың 20 грамы судан 11,2 л сутекті (қ.ж.) ығыстырады. Осы металды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: Sr
Акрил қышқылында бром суының түссіздену себебі:
Дұрыс жауап: қанықпаған қышқыл болғандықтан
Қай атомның энергетикалық деңгейлеріндегі электрон сандары 2, 8, 6?
Дұрыс жауап: S
Катализатор дегеніміз -
Дұрыс жауап: реакция жылдамдығын тездететін, бірақ өздері де реакцияға қатысатын зат
Берілген заттардан марганецтің генетикалық қатарының ретін табыңыз: Mn(OH)₂ 2. MnCl₂ 3. Mn 4. MnO
Дұрыс жауап: 3412
Орынбасу реакциясына жатпайтын химиялық теңдеу:
Дұрыс жауап: 2KClO₃ → 2KCl + 3O₂
Сөндірілген әк алу үшін қолданылатын оксид:
Дұрыс жауап: CaO
Реттік нөмірі 33-ке тең элементтің сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны:
Дұрыс жауап: 5
Натрий гидроксидінің 250 г 18%-дық және 200 г 4,5%-дық ерітінділерін қосқанда алынған ерітіндідегі NaOH-тың массалық үлесі қанша?
Дұрыс жауап: 12%
Йод толығымен тотығу үшін 498 г калий йодидімен әрекеттесетін хлордың (қ.ж.) көлемі:
Дұрыс жауап: 33,6 л
Құрамында екі гидроксо тобы бар 605 г фенолдың зат мөлшері:
Дұрыс жауап: 5,5 моль
Массасы 80 г 50% бром суын түссіздендіру үшін қажет бутеннің көлемі:
Дұрыс жауап: 5,6 л
Поликонденсация реакциясы нәтижесінде алынатын зат:
Дұрыс жауап: Фенолформальдегид шайыры
Массасы 7,8 г бензолды циклды қосылыс түзілгенге дейін гидрлегенде алынатын заттың массасы:
Дұрыс жауап: 8,4 г
Мырыш пен концентрлі күкірт қышқылы әрекеттесуінің толық иондық теңдеуіндегі барлық коэффициенттерінің қосындысы (егер S - түзілсе):
Дұрыс жауап: 13
Май қышқылындағы көміртектің массалық үлесі
Дұрыс жауап: 54,5%
Егер октан симметриялы крекингіленгенде түзілген алкенге 32 г бром қосылатын болса, октанның массасы
Дұрыс жауап: 22,8 г
Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде 134,4 л газдар (қ.ж.) түзілген болса, реакцияға қатысқан көміртектің массасы
Дұрыс жауап: 24 г
Массалық үлесі 10% -дық ерітіндісін әзірлеу үшін 161 г Глаубер тұзын (Na₂SO₄·10H₂O) ерітуге қажет судың көлемі
Дұрыс жауап: 549
Зат мөлшері 1,5 моль октанның массасы
Дұрыс жауап: 171 г
Иондық байланысы бар қосылысты табыңыз
Дұрыс жауап: мырыш оксиді
Натрий бромидіндегі химиялық байланыс түрі
Дұрыс жауап: иондық
Ковалентті полюссіз байланысы бар молекула
Дұрыс жауап: H₂
Реакция өнімдерін анықта
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік ‖ О CH₃—C + Ag₂O —→ ↘ H этан қышқылы CH₃ — C = O + H₂ —→ CH₃ пропанол-2 Бөлшектерді анықтамаларымен сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік атом ядросындағы протондар мен нейтрондар нуклон атомдық массалары бірдей әртүрлі химиялық элемент атомдары изобара Металдарды қасиеттері бойынша сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік қорғасын осмий ең қиын балқитын металл вольфрам Электртерістілігі бірдей элементтердің арасында болатын байланыс
Дұрыс жауап: ковалентті полюссіз
Карбон қышқылдарын атауларымен сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік C₄H₉COOH валериан C₁₅H₃₁COOH пальмитин Массасы 27 г сөндірілмеген әк пен 20 г судан алынатын сөндірілген әктің массасы
Дұрыс жауап: 35,68
Ковалентті полюсті байланысы бар қосылысты табыңыз
Дұрыс жауап: аммиак
Қосылыстарды олардың құрамындағы сигма байланыстар санымен сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік 2,4,6 трибромфенол 13 2,4,6 тринитрофенол 19 Массасы 24,6 г MgSO₄·7H₂O-ны 55,4 мл суда еріткенде түзілген ерітіндідегі магний сульфатының массалық үлесі (%)
Дұрыс жауап: 15
А(қ) + А(г) = А(қ) реакциясында қысымды 8 есе арттырса, реакция жылдамдығы
Дұрыс жауап: 8 есе артады
Массасы 23 г толуол жанғанда түзілген көміртек (IV) оксидінің көлемі
Дұрыс жауап: 39,2 л
Көлемі 11,2 л сутек бөлінген болса, натриймен әрекеттескен 1,4-бутандиолдың массасы
Дұрыс жауап: 45 г
Егер алмасу реакциясында тұнба түзілсе, онда ол реакция:
Дұрыс жауап: Қайтымсыз
Зат мөлшері 2,5 моль октанның массасы:
Дұрыс жауап: 285 г
A²⁺ ионының электрондар саны ₃₆X-нен 2 есе кіші. А элементінің реттік нөмірі қанша?
Дұрыс жауап: 20
Көмірқышқыл газындағы көміртек пен оттектің массалық қатынасы:
Дұрыс жауап: 3:8
Натрий мен судың реакциясының теңдеуіндегі барлық коэффициенттердің қосындысы:
Дұрыс жауап: 7
Күкірт атомының ядро заряды:
Дұрыс жауап: +16