Ustazdyq

Химия: ҰБТ

930 сұрақ · 18-бет, барлығы 19 бет

  1. Сабын алуға қажетті бастапқы шикізат:

    Дұрыс жауап: өсімдік, жануар майлары

  2. Полипептид тізбегіндегі α-амин қышқылдарының саны мен реті — ақуыз молекуласының

    Дұрыс жауап: І реттік құрылымын анықтайды

  3. Карбон қышқылдарының қайнау температураларының жоғары болу себебі:

    Дұрыс жауап: молекулааралық сутектік байланыстың болуынан

  4. FeCl₃ + H₂S → FeCl₂ + HCl + S теңдеуіндегі барлық коэффициенттердің қосындысы:

    Дұрыс жауап: 8

  5. Суда ерімейтін қышқыл:

    Дұрыс жауап: H₂SiO₃

  6. Ковалентті, иондық және сутектік байланыстарды түзе алатын элемент:

    Дұрыс жауап: O

  7. Фруктоза құрылысы жөнінен

    Дұрыс жауап: әрі көп атомды спирт, әрі кетон

  8. NO₂ газы суда оттек қатысында еріген кезде түзілген қышқылды бейтараптауға 2 г натрий гидроксиді жұмсалған. Реакцияға түскен NO₂ көлемі:

    Дұрыс жауап: 1,120 л

  9. Массасы 240 г пропанол алуға жұмсалатын альдегидтің массасы:

    Дұрыс жауап: 232 г

  10. Зат мөлшері 0,5 моль алюминий оксидінің массасы:

    Дұрыс жауап: 51 г

  11. Массалық үлесі 75% метаны бар 1 м³ табиғи газды жағу үшін оттектің көлемі:

    Дұрыс жауап: 1,5 м³

  12. Күрделі эфир түзетін заттар:

    Дұрыс жауап: CH₃COOH, C₃H₇OH

  13. H₂C = CH — CH₃ мономерінен тұратын полимер:

    Дұрыс жауап: Полипропилен

  14. Массасы 29,2 г бутиламинмен әрекеттесетін тұз қышқылының массасы:

    Дұрыс жауап: 14,6 г

  15. Массасы 5,64 кг техникалық темір (II) сульфидін ауада өртегенде алынатын FeO зат мөлшері:

    Дұрыс жауап: 48

  16. Массасы 100 г 4,6% құмырсқа қышқылы этил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің массасы 100 г 4,6% құмырсқа қышқылы этил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген күрделі эфирдің масс…

    Дұрыс жауап: 7,4 г

  17. Сутек бойынша тығыздығы 15,5-ке тең аминнің 5,6 л жануына жұмсалатын оттектің көлемі:

    Дұрыс жауап: 12,6 л

  18. Массасы 2,84 г стеарин қышқылын алу үшін жұмсалатын натрий стеаратының және 10%-дық тұз қышқылының массалары 2,84 г стеарин қышқылын алу үшін жұмсалатын натрий стеаратының және 10%-дық тұз қышқылының массалары

    Дұрыс жауап: 3,06 г

  19. Күкірт қышқылының 100 г 49%-дық ерітіндісін бейтараптау үшін жұмсалатын натрий гидроксидінің массасы

    Дұрыс жауап: 40

  20. Массасы 500 г 10%-дық ерітіндідегі судың зат мөлшері

    Дұрыс жауап: 25

  21. Қанттың массалық үлесі 20% болатын 1 кг ерітіндісін 0,5 кг –ға дейін суалтқанда алынған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (%)

    Дұрыс жауап: 40

  22. 2М 1 л ерітіндідегі калий иодидінің массасы

    Дұрыс жауап: 332 г

  23. Тарихи атауы бойынша сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Na₂SO₄ · 10H₂OМирабилит
    Na₃AlF₆Криолит
  24. Массасы 350 г 8%-ті алюминий нитратының ерітіндісіне 50 г су қосылды. Алынған ерітіндідегі Al(NO₃)₃-нің массалық үлесі

    Дұрыс жауап: 7

  25. Бейметалдарды аллотропиясы бойынша сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    кристалды, аморфтыкремний
    ромбты, моноклиндікүкірт
  26. Сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Поликонденсацияланып крахмал түзедімальтоза
    Гидролизденіп альфа глюкоза мен альфа галактоза түзеділактоза
  27. Хлордың валенттік конфигурациясы сай тұздарын сәйкестендіріңіз

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    3s²3p³хлорат
    3s²3p⁴хлорит
  28. Көмірсуларды тривиалды атаулармен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    сүт қантылактоза
    солод қантымальтоза
  29. Құрамында 62,1% көміртек, 10,3% сутек, 27,6% оттек бар альдегидтің атауы

    Дұрыс жауап: пропаналь

  30. Вюрц реакциясы бойынша 16,8 л бутан (қ.ж.) алу үшін қажет натрийдің массасы

    Дұрыс жауап: 34,5 г

  31. Өрік эссенциясының шығымы 90% болса, 440 г май қышқылы мен этанол өзара әрекеттескенде түзілген эссенцияның массасы

    Дұрыс жауап: 522 г

  32. Егер практикалық шығымы 80% болса, Н.Н.Зинин реакциясы арқылы 148,8 г анилин алу үшін нитробензолдың қажет массасы

    Дұрыс жауап: 246 г

  33. Массасы 18,8 г фенол концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде шығымы 70% болғанда түзілетін пикрин қышқылының массасы

    Дұрыс жауап: 32 г

  34. Заттар қатарын химиялық байланыс түрімен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    HCl, NH 3 , P 2 O 5ковалентті полюсті
    Fe, Cr, Alметалдық
  35. Тұздарды лакмус индикаторындағы түсімен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    CaCO₃, Li₂Sкөк
    Na₂SO₄, BaCl₂күлгін
  36. Тұздарды фенолфталеин индикаторындағы түсімен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    Li₂CO₃, BaSтаңқурай түсті
    ZnCl₂, Al₂(SO₄)₃түссіз
  37. Катиондарды жалын түсімен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    барийсары жасыл
    калийкүлгін
  38. Тұнбаларды түстерімен сәйкестендір**

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    мыс (II) гидроксидікөк
    темір(III) гидроксидіқоңыр
  39. Тұнбаларды түстерімен сәйкестендір

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    ақ ірімшік тәріздікүміс хлориді
    сарғыш түстікүміс бромиді
  40. Массасы 10,53 г метиламин бутилат алу үшін шығымдылығы 90% болса, жұмсалатын амин қышқылы мен спирттің массалары

    Дұрыс жауап: 10,3 г; 3,2 г

  41. Ауыспалы валентті элемент

    Дұрыс жауап: Cr

  42. Массасы 130 г 10% формальдегид ерітіндісіне 25 г мыс (II) гидроксиді қосылып қыздырылған. Түзілген құмырсқа қышқылының массасы

    Дұрыс жауап: 5,87 г

  43. Құрамында тек σ - байланыстары бар заттар тобы

    Дұрыс жауап: C₃H₈; CH₃OH

  44. Құрамында 3,01 · 10²³ оттек атомдары бар натрий гидроксидінің зат мөлшері (моль)

    Дұрыс жауап: 0,5 моль

  45. Қышқылдың формуласы

    Дұрыс жауап: HCl

  46. Қышқылдық оксид

    Дұрыс жауап: CO₂

  47. sp²-гибридизация кезінде валенттік бұрыш тең:

    Дұрыс жауап: 120°

  48. Экзотермиялық реакция теңдеуін табыңдар

    Дұрыс жауап: Cu(OH)₂ + H₂SO₄ → CuSO₄ + 2H₂O + Q

  49. Массасы 132 г этанальдің қ.ж. көлемі.

    Дұрыс жауап: 67,2 л

  50. Гидролизденетін тұз

    Дұрыс жауап: FeCl₂