Химия: ҰБТ
930 сұрақ · 16-бет, барлығы 19 бет
Тотықтырғанда 0,5 моль құмырсқа альдегидін алуға жұмсалатын метанолдың массасы:
Дұрыс жауап: 16 г
Массасы 10,7 г аммоний хлориді мен 6 г натрий гидроксидінен тұратын қоспаны қыздырғанда қанша литр (қ.ж.) аммиак бөлініп шығады?
Дұрыс жауап: 3,36
Сілтілік жер металдар қатары:
Дұрыс жауап: Ca, Sr, Ba, Mg
Барий хлоридінің 240 г 20 %-дық ерітіндісіне 490 г 10 %-дық күкірт қышқылы ерітіндісін араластырғанда түзілетін тұнбаның массасы:
Дұрыс жауап: 53,8 г
Массалық үлесі 65% 200 г ерітінді алу үшін қажет ортофосфор қышқылының массасы
Дұрыс жауап: 130 г
CO₃²⁻ ионын анықтайтын катион(дар):
Дұрыс жауап: Ca²⁺
Күкірт қышқылының 490 г 10%-дық ерітіндісін бейтараптау үшін жұмсалатын натрий және калий гидроксидінің массалары (г)
Дұрыс жауап: 40
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін фактор(лар):
Дұрыс жауап: температура
Реакция теңдеулерін атауларымен сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік C₂H₄ + H₂ → ? этиленді гидрлеу C₂H₄ + Br₂ → ? этиленді галогендеу Фосфордың ең жоғарғы тотығу дәрежесін көрсететін зат:
Дұрыс жауап: H₃PO₄
Фосфор тек тотықсыздандырғыш болған химиялық теңдеу:
Дұрыс жауап: 2P + 3Cl₂ → 2PCl₃
Массасы 6,2 кг фосфор жанғанда түзілетін фосфор (V) оксидінің массасы
Дұрыс жауап: 14,2 кг
Диен көмірсутектерін жікте
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік пентадиен-1,4 оқшауланған пропадиен кумулденген Қосылыстарды физикалық қасиеттері бойынша сәйкестендір
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік суда жақсы еритін, өткір иісті, түссіз газ аммиак суда нашар еритін, шіріген жұмыртқа иісті улы газ күкіртсутек Күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері
Дұрыс жауап: графит; ромбты; моноклинді
Электролиттерді табыңыз
Дұрыс жауап: NaOH балқымасы; HCl ерітіндісі; NaCl ерітіндісі
Массасы 100 г 75 %-дық және 50 г 93 %-дық этил спирттерін араластырғанда түзілген ерітіндідегі этил спиртінің массалық үлесін табыңыз.
Дұрыс жауап: 81%
Адам тыныс алғанда бөлінетін оксидтің формуласы:
Дұрыс жауап: CO₂
Ацетиленнің молекуласы ... құралған:
Дұрыс жауап: 2 атом көміртек және 2 атом сутектен
Химиялық бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек:
Дұрыс жауап: атом
Химиялық элементтердің жіктелуі:
Дұрыс жауап: металдар, бейметалдар, ауыспалы элементтер
Молекулалық кристалл торы бар зат:
Дұрыс жауап: хлорсутек
Полипептид тізбегіндегі спиральдың кеңістіктегі конфигурациясы - ақуыз молекуласының:
Дұрыс жауап: II реттік құрылымын анықтайды
Дұрыс ұғымды анықтаңыз:
Дұрыс жауап: Хлор темірмен әрекеттесіп, темір (III) хлоридін түзеді
Берілген қосылыстардағы фосфордың массалық үлесі ең көп зат:
Дұрыс жауап: P₂O₃
2NO + O₂ = 2NO₂ реакциясында азот (II) оксидінің концентрациясын 4 есе азайтқанда жылдамдық:
Дұрыс жауап: 16 есе кемиді
Құрамы C₅H₁₀O альдегидіне тән изомер саны:
Дұрыс жауап: 7
Зат мөлшері 3 моль ацетиленнен синтездеу арқылы алынған бензолды толық жағу үшін қажет оттектің көлемі:
Дұрыс жауап: 168 л
Темір (III) хлоридінің гидролизінің 2 сатысының молекулалық теңдеуіндегі коэффициенттер қосындысы
Дұрыс жауап: 4
Изомерлерге жататын заттар жұбы:
Дұрыс жауап: Пентан және диметилпропан
Тотығу үрдісін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: N⁻³ → N⁺² +
NH₃ + SO₂ → S + N₂ + H₂O Берілген тотығу-тотықсыздану әрекеттесуіндегі барлық коэффициенттер қосындысы:
Дұрыс жауап: 18
Концентрлі күкірт қышқылымен мыс әрекеттескенде қандай газ бөлінеді: Cu + H_2 SO_(4(конц))→ ?
Дұрыс жауап: SO₂
Альдегидтердің құрамында болатын функционалдық топ:
Дұрыс жауап: –C(=O)H
Амин молекуласында, аммиак молекуласындағы сутек атомдарының орнын төменде көрсетілген бөлшектердің қайсысы басады?
Дұрыс жауап: көмірсутек радикалдары
Фотосинтез процесіне қажетті газ:
Дұрыс жауап: көмірқышқыл газы
Қышқыл тұздар:
Дұрыс жауап: металл катионымен байланысқан сутек және қышқыл қалдығының анионынан тұрады
Өзгерістер тізбегіндегі Х затының формуласы: C₄H₁₀ → X → C₆H₁₄ → C₆H₆
Дұрыс жауап: Хлобутан
Бутен-1 мен бромсутектің әрекеттесу өнімі:
Дұрыс жауап: 2-бромбутан
Полиэтилен алу үшін қолданылатын реакция:
Дұрыс жауап: Полимерлену
Массасы 10,53 г метиламинбутилат алу үшін шығымы 90% болса, жұмсалатын амин қышқылы мен спирттің массалары:
Дұрыс жауап: 10,3 г
Массасы 39 г кальций фторидінің балқымасын электролиздегенде шығымы 80% болса, анодта бөлінетін заттың массасын есептеңіз.
Дұрыс жауап: 15,2 г
C + HNO₃(сұй) → CO₂ + NO + H₂O теңдеуінде 8 моль тотықтырғышпен әрекеттесетін тотықсыздандырғыштың массасын анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 36 г
Тотығу-тотықсыздану реакциясына жататын реакцияны табыңыз:
Дұрыс жауап: 2J + HNO₃ → NO + H₂O + HJO₃
Fe₂O₃ + 2Al = Al₂O₃ + 2Fe берілген реакция бойынша 0,5 моль тотықсыздандырғышпен әрекеттесетін тотықтырғыштың массасын табыңыз:
Дұрыс жауап: 40 г
Азот қосылыстарын атаулары бойынша сәйкестендір:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік аммоний селитрасы NH₄NO₃ карбамид CO(NH₂)₂ Берілген реакцияларды олардың өнімдерімен сәйкестендір:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік Бензол + CH₃Cl (AlCl₃) — толуол Бензол + CH₂=CH–CH₃ (AlCl₃, HCl) — кумол Бензол гомологтарын олардың қасиеттерімен сәйкестендір:
Дұрыс жауап
Шарт Сәйкестік қопару жұмыстарында қолданылатын күшті жарылғыш зат — тринитротолуол мүкжидек пен итбүлдіргенде болатын табиғи консервант — Бензой қышқылы Калий фосфаты мен кальций нитратының ерітінділері әрекеттескенде түзілетін тұнба:
Дұрыс жауап: Ca₃(PO₄)₂
Массасы 28 г кальций оксиді 2 моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кальций нитратының массасы:
Дұрыс жауап: 82 г