Ustazdyq

Дүниежүзі тарихы: Тоқсандық бақылау

497 сұрақ · 2-бет, барлығы 10 бет

  1. Шумерлік қала - мемлекеттерінің ішінде алғаш ерекшеленгендерінің бірі:

    Дұрыс жауап: Лагаш

  2. Соқаның пайда болуымен егіншіліктің жаңа түрі басталды:

    Дұрыс жауап: Жыртпалы егіншілік

  3. Неолиттік төңкеріс дегеніміз

    Дұрыс жауап: Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы

  4. Бірнеше бөліктерден жасалған құралдар атауы:

    Дұрыс жауап: Құрастырмалы қарулар

  5. Қатарласа ағатын Евфрат пен Тигр өзендерінің атауы

    Дұрыс жауап: Қосөзен

  6. Ең биік пирамида осы перғауынға арнап салынды:

    Дұрыс жауап: Хуфу (Хеопс)

  7. Египеттіктер күнтізбесінде бір жыл ішіндегі күндер саны

    Дұрыс жауап: 365

  8. Ежелгі адамдардың шамамен пайда болған уақыты

    Дұрыс жауап: 2,5 млн. ж.ж.

  9. Мал бағуға қолайлы, кеңірек жайылым қажетінен туындаған мал шаруашылығы:

    Дұрыс жауап: Көшпелі мал шаруашылығы

  10. Революцияның үшінші кезеңінде билікке келді

    Дұрыс жауап: Якобшілер

  11. 1813 жылы Ресей мен Иран арасында жасалған келісімшарт

    Дұрыс жауап: Гүлстан

  12. Наполеон Бонапарт Ресейге басып кірді

    Дұрыс жауап: 1812 ж.

  13. ХІХ ғасырда Осман империясының сұлтаны ІІ Махмұттың мемлекетті басқару ісіне енгізген өзгерістері:

    Дұрыс жауап: Еуропалық үлгідегі министрліктер

  14. Наполеон Рим папасымен келісімге қол қойған уақыт:

    Дұрыс жауап: 1804 ж.

  15. 1826 жылы янычар əскерін таратып, жаңа қарулы əскер құрған Осман империясының сұлтаны

    Дұрыс жауап: ІІ Махмұт

  16. ІІ Абдул Хамид сұлтан билеген кезеңнің (зюлим) мағынасы

    Дұрыс жауап: "Қанау, зұлымдық"

  17. XVIII ғасыр соңынан бастап Иранның астанасы

    Дұрыс жауап: Тегеран

  18. Ресей үшін Каспий теңізіне әскери флот ұстау құқығы түпкілікті бекітілген келісім

    Дұрыс жауап: Түркманчай

  19. 1805 жылы қазанда болған француз-ағылшын шайқасы

    Дұрыс жауап: Трафальгар

  20. 1872 жылы Иран шахынан 70 жылға мұнай жəне басқа табиғи байлықтарды игеруге тиімді концессия алған ағылшын капиталисі

    Дұрыс жауап: Ю.Рейтер

  21. 1839-1870 жылдары жүргізілген реформалар

    Дұрыс жауап: Танзимат

  22. 1815 жылы Ватерлоо түбіндегі шайқастың нәтижесі:

    Дұрыс жауап: Наполеон жеңіліс тауып, Әулие Елена аралына жер аударылды

  23. 1872 жылы Иранда 70 жыл мерзімге мұнай мен табиғи байлықтарды игеруге тиімді концепция алған ағылшын капиталисі

    Дұрыс жауап: Ю. Рейтер

  24. 1804 жылы басталған соғыс

    Дұрыс жауап: орыс-иран

  25. XVIII ғасырда Франциядағы негізгі салық

    Дұрыс жауап: Талья

  26. Францияда «Адам және азамат құқықтарының декларациясы» қабылданды:

    Дұрыс жауап: 1789 ж.

  27. Сенат I Петрге Ұлы император атағын берді:

    Дұрыс жауап: 1721 ж.

  28. 1792 жылғы 22- қыркүйектегі Франциядағы тарихи оқиға:

    Дұрыс жауап: Франция республика болып жарияланды

  29. 1793 жылы маусымда Францияда Конвент қабылдады:

    Дұрыс жауап: Жаңа Конституция

  30. Якобшілдер клубы ұйымдастырылған уақыт:

    Дұрыс жауап: 1789 ж.

  31. 1721 жылы Ништадт бейбіт келісімге қол қойды:

    Дұрыс жауап: Ресей мен Швеция

  32. 1839 жылы Туркия тарихында басталған жаңа реформалық кезең:

    Дұрыс жауап: Танзимат

  33. 1789 жылғы Франциядағы революцияның ең басты саяси жетістігі:

    Дұрыс жауап: Абсолюттік биліктің құлатылуы

  34. Францияда 1792 жылы құрылған Конвенттің сол жақ қанатының жетекшілері:

    Дұрыс жауап: Робеспьер

  35. Кушан мемлекетінің әйгілі патшасы:

    Дұрыс жауап: Қанышке

  36. «Мың қала елі» деп аталған патшалық:

    Дұрыс жауап: Бактрия

  37. Ежелгі Үндістанда Шива құдайы

    Дұрыс жауап: Табиғатты қиратушы күштерінің иесі

  38. Ассирия мемлекетінде жаулап алынған аумақтар бөлінді:

    Дұрыс жауап: Провинция

  39. Оңтүстік-батыс Азиядағы əскери өнері дамыған елдердің бірі

    Дұрыс жауап: Ассирия

  40. Б.з.б. II мыңжылдықтың басында Қосөзен аралығында күшейген қала?

    Дұрыс жауап: Вавилон

  41. І Дарий еңгізген ең таза алтын ақша

    Дұрыс жауап: Дарик

  42. Ежелгі Үндістанда ғана қолданылған математикалық белгі

    Дұрыс жауап: Нөл

  43. «Патшалардың патшасы» деп аталды?

    Дұрыс жауап: Дарий

  44. "Рамаяна" дастанындағы ақылды, білгір маймыл

    Дұрыс жауап: Хануман

  45. Ашок патшаның буддизм дінін қабылдаған уақыт

    Дұрыс жауап: Б.з.д. ІІI ғасыр

  46. Б.з.б. II мыңжылдықта Үндістанға солтүстіктен келген тайпалар:

    Дұрыс жауап: Арийлер

  47. Бірнеше елдер мен халықтарды бір басқару жүйесіне біріктіретін ірі мемлекеттік құрылым

    Дұрыс жауап: Империя

  48. Вавилон мемлекетін күшейтіп,гүлдендірген патша:

    Дұрыс жауап: Хаммурапи

  49. Ежелгі Үндістанда медицина жөніндегі білім немесе «ұзақ өмір сүруге қол жеткізу туралы ғылым»

    Дұрыс жауап: Аюрведа

  50. Хаммурапи патша билік еткен жылдар

    Дұрыс жауап: б.з.д. 1792-1750 жж.