Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 7-бет, барлығы 30 бет

  1. Сөйлемдегі артық сөзді тап.

    Дұрыс жауап: тәрбие

  2. Сырт киімдерге жататын киім түрін таңдаңыз:

    Дұрыс жауап: Күпі, тон, ішік, шекпен

  3. Дағды-ишараны білдірмейтін сөз

    Дұрыс жауап: Дауыстап шақыру

  4. Сөздегі ерін үндестігіне әсер ететін дыбыстар

    Дұрыс жауап: о, ө, ұ, ү

  5. Орфоэпиялық нормаға жататын сөз

    Дұрыс жауап: Ашша

  6. Одағайды тап

    Дұрыс жауап: Бәрекелді

  7. Сөйлеу тілінің формасы

    Дұрыс жауап: Ауызша, жазбаша

  8. Тілдің қызметін көрсет:

    Дұрыс жауап: Тіл – қарым-қатынас құралы

  9. Кейінді ықпалды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Бұрынғы

  10. «Сөйлеу деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі...» авторын көрсет

    Дұрыс жауап: Құдайберген Жұбанов

  11. Әйелдердің бас киімдерін көрсет

    Дұрыс жауап: Қарқара, қасаба, кимешек

  12. Сингармонизм заңына бағынбайтын қос сөз

    Дұрыс жауап: ұсақ-түйек

  13. Барлығы бірдей қолданыла беретін амандасу түрі

    Дұрыс жауап: «Сәлеметсіз бе!»

  14. Мәтіннің құрылымын көрсет

    Дұрыс жауап: Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды

  15. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысына қарай жіктелуі

    Дұрыс жауап: жуан, жіңішке

  16. Керекті сөздерді тауып, орнына қой Тіл қаруы- ..., Сөз қаруы -...

    Дұрыс жауап: Сөз, ой

  17. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» авторы

    Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы

  18. Отбасылық ғұрып фольклорына

    Дұрыс жауап: Азалау ғұрып жырлары

  19. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсет

    Дұрыс жауап: Перзентхана

  20. Қазақ халқы үшін еркіндіктің символы саналатын тіршілік иесі. ‎

    Дұрыс жауап: қыран

  21. Түйенің төлін тап

    Дұрыс жауап: бота

  22. Жақша ішінде көрсетілген қосымшаларды қатесіз қой Әлібек пен Марат кино...(-ге, -қа, ға) барды. Олар автобус.... (-мен, -бен, пен) қайтты

    Дұрыс жауап: –ға, -пен

  23. «Ешкімнің жолын кеспеу» сөзінің мағынасын көрсетіп тұрған сөз тіркесін табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: адал өмір сүру

  24. Ұсыныс білдіру мағынасында тұрған жауапты табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: тамақ пісірейін

  25. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көрсететін сөздер қатарын табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: жомарт, еңбекқор

  26. Қазақстанның батыс өңіріне жататын қалаларды көрсетіңіз. ‎

    Дұрыс жауап: Атырау, Орал, Ақтау, Ақтөбе

  27. «Шаңырақ» сөзінің мағынасын көрсетіңіз. ‎

    Дұрыс жауап: киіз үйдің жоғарғы бөлігі

  28. Қарлығаш қандай құс? ‎

    Дұрыс жауап: еңбекқор, мейірімді

  29. Өткен шақ түріндегі іс-әрекетті көрсетіңіз. ‎

    Дұрыс жауап: барыпты

  30. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жалғаңыз. Менің үстел..., біздің асүй..., Айдостың кереует... ‎

    Дұрыс жауап: -ім, -іміз, -і

  31. Берілген сөздер ішінен болымсыз мағынадағы сөздерді табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: келме, айтпа

  32. Бұйрық мағыналы сөйлемді табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: Олар гүл отырғызсын!

  33. Сыртында, ішінде, үстінде, қасында сөздеріне қойылатын сұрақты анықтаңыз. ‎

    Дұрыс жауап: қайда?

  34. Баланың әкесінің немесе анасының шешесін атайтын туыстық атау ‎

    Дұрыс жауап: әже

  35. Қарсы мағыналы сөздерді табыңыз. ‎

    Дұрыс жауап: жас - кәрі

  36. «Азға қанағат ет» деген сөйлемнің мағынасы

    Дұрыс жауап: бар нәрсеге риза болу

  37. Жанды табиғатқа жататындар ... .

    Дұрыс жауап: жануарлар, өсімдіктер

  38. Шебер деген сөздің мағынасы

    Дұрыс жауап: қолынан іс келетін адам

  39. Қайырымды сөзі қандай сұраққа жауап береді

    Дұрыс жауап: кім

  40. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз ‎

    Дұрыс жауап: айау

  41. Сөйлем ішінен «қандай?»-деген сұраққа жауап беретін сөзді тап Әнел –ақылды оқушы. Ол кітап көп оқиды.

    Дұрыс жауап: ақылды

  42. Сөйлем ішінен «Қандай?» сұрағына жауап беретін сөзді тап: Қарлығаш пен көгершіннің балапандары әдемі келеді!

    Дұрыс жауап: әдемі

  43. «Теміржолшы» әңгімесінің бас кейіпкері

    Дұрыс жауап: Әліш

  44. «Жерұйық» фильміне қатысы жоқ тұлғаны белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Әбдіжәміл

  45. Тәуелдік жалғаудың 3-жағында тұрған зат есімді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Отаны.

  46. Сөйлемде айтылатын «Қарағанды» романындағы бас кейіпкердің есімін белгілеңіз. Пойызда қара сақалды қазақтың жанында тамақ ішіп отырған жігіттің есімі - ... .

    Дұрыс жауап: Мейрам

  47. Өндіріс деңгейінің құлдырауы немесе сұраныстың болмауынан туындайтын жаппай жұмыссыздықтың ауыр түрі қалай аталатындығын анықтаңыз

    Дұрыс жауап: циклдық жұмыссыздық

  48. Сөйлемнің жалғасын табыңыз: Қамажайды бауырлары «мамуля» деп атайды, себебі _______________________________________.

    Дұрыс жауап: Қамажай апасы бола тұра, бауырларына анасы сияқты қамқорлық жасайды

  49. «Тырналар жылы жаққа ұшады» сөйлемінде қандай мағына бар

    Дұрыс жауап: құстар қыста жылы жаққа көшеді

  50. Күз мезгілінің басты ерекшелігі

    Дұрыс жауап: жапырақтар сарғайып, күн қысқарады