Ustazdyq

Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау

1 476 сұрақ · 15-бет, барлығы 30 бет

  1. Берілген ережелерден сұраулы сөйлемнің ережесін көрсет.

    Дұрыс жауап: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

  2. Ілгеріңді ықпалды тап

    Дұрыс жауап: Тастан

  3. Жалаң сөйлемді анықтаңыз

    Дұрыс жауап: Күн ашылды.

  4. Сөздегі ерін үндестігіне әсер ететін дыбыстар

    Дұрыс жауап: о, ө, ұ, ү

  5. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалатын ... деп аталады.

    Дұрыс жауап: түбірлес сөз

  6. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» авторы

    Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы

  7. Әйелдердің бас киімдерін көрсет

    Дұрыс жауап: Қарқара, қасаба, кимешек

  8. Тұрлаулы сөйлем мүшелері деген

    Дұрыс жауап: сөйлемде негізгі ойды білдіретін мүшелер

  9. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай:

    Дұрыс жауап: Жуан, жіңішке

  10. Жолға шыққанда айтылатын тілек сөздер

    Дұрыс жауап: Жортқанда жолың болсын

  11. Пайымдау мәтініне қойылатын сұрақты көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: неліктен?

  12. Сөздердің дұрыс жазылуы:

    Дұрыс жауап: бас киім, аяқ киім

  13. Сөздің соңында келмейтін әріпті белгіле.

    Дұрыс жауап: ғ

  14. Кейінді ықпалды тап:

    Дұрыс жауап: Теуіп

  15. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап.

    Дұрыс жауап: ө-нер-паз

  16. Тілдің қызметін көрсет:

    Дұрыс жауап: Тіл – қарым-қатынас құралы

  17. Барлығы бірдей қолданыла беретін амандасу түрі

    Дұрыс жауап: «Сәлеметсіз бе?»

  18. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсет

    Дұрыс жауап: Перзентхана

  19. Сөйлеудің түрін анықтаңыз: Өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі ... деп аталады.

    Дұрыс жауап: монолог

  20. Мәтін дегеніміз:

    Дұрыс жауап: Екі не одан да көп өзара байланысқан сөйлем

  21. Берілген сөздерден жұрнағы бар сөзді белгіле.

    Дұрыс жауап: ғарышкер

  22. Сөйлемдер қатарынан дұрыс құралған жай сөйлемді тап.

    Дұрыс жауап: Көбелек гүлге қонды.

  23. Сөйлемде берілген көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды тап. Самат сурет...... жақсы сала.....

    Дұрыс жауап: –ті, -ды

  24. Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті әріпті белгіле. ...лектр , ...фир, ...стафета

    Дұрыс жауап: э,э,э

  25. Әңгімелеу мәтінінің сұрағын анықта.

    Дұрыс жауап: не істеді?

  26. Сөздің басында және ортасында кездесетін қатаң дауыссыз дыбысты белгіле.

    Дұрыс жауап: х

  27. Сөйлемнің негізі болатын мүшелер

    Дұрыс жауап: тұрлаулы мүшелер

  28. Берілген сөздерден түбір сөзді табыңыз:

    Дұрыс жауап: су

  29. Берілген сөздің түбірін тап. Адалдықтың

    Дұрыс жауап: адал

  30. Жай сөйлемнің ережесін көрсет.

    Дұрыс жауап: Бір ғана тиянақты ойды білдіретін дара сөйлемді айтамыз.

  31. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөз:

    Дұрыс жауап: білімпаз

  32. Берілген ережелерден сұраулы сөйлемнің ережесін көрсет.

    Дұрыс жауап: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

  33. Тұрлаулы сөйлем мүшелері деген

    Дұрыс жауап: сөйлемде негізгі ойды білдіретін мүшелер

  34. Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: тә-жі-ри-бе

  35. Сөздің ортасы мен соңында кездесетін қатаң дауыссыз дыбысты тап.

    Дұрыс жауап: һ

  36. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықта.

    Дұрыс жауап: Меніңше, бұл тапсырма оған қиын емес.

  37. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында болса _______________.

    Дұрыс жауап: үтір екі жағынан қойылады.

  38. Заттардың түрі, түсі, ерекшелігі сипатталатын мәтін түрін анықтаңыз:

    Дұрыс жауап: сипаттау

  39. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін қатарды анықта А...томат, а...тобус, ...агон.

    Дұрыс жауап: в,в,в

  40. Әдептілікті білдіретін сөзді белгіле.

    Дұрыс жауап: мархабат етіңіз

  41. Сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстар қатарын көрсет. ... емпион, ...аңғы, а...ы .

    Дұрыс жауап: ч,ш,щ

  42. Қаратпа сөздердің тыныс белгісін анықта.

    Дұрыс жауап: сызықша

  43. Жіктік жалғауының бірінші жағында көпше түрде тұрған сөзді тап

    Дұрыс жауап: Туыспыз

  44. Тәуелдік жалғауының әсерімен түбірі өзгеріске ұшыраған сөзді тап

    Дұрыс жауап: Жүрегім

  45. Сөздің басында және басқа тілден енген сөздерде кездесетін дыбысты анықта.

    Дұрыс жауап: э

  46. Мәтін түріне қарай ажырат. Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.Табиғатта саны азайып бара жатқан құстардың қатарында.Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.

    Дұрыс жауап: пайымдау

  47. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті таңда. А...ыны білмеген тәттіні де білмейді.

    Дұрыс жауап: щ

  48. Табыс септігі жасырын тұрған сөйлемді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Анам кестелі бұйымдар сатып алды.

  49. Қосымша дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз:

    Дұрыс жауап: Архивке

  50. Ілік септігінің жалғауын көрсет.

    Дұрыс жауап: -ның, -нің