Қазақ тілі: Тоқсандық бақылау
1 476 сұрақ · 11-бет, барлығы 30 бет
Киіз үй тегіс жерге тігілді. Сөйлемнен баяндауышты тап.
Дұрыс жауап: тігілді
Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін .... қойылады. Сөйлемдегі бос орынды толықтыр.
Дұрыс жауап: сызықша
Туынды сөз деген не?
Дұрыс жауап: Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейді
Жайылма сөйлемнің құрылымын анықта.
Дұрыс жауап: бастауыш, тұрлаусыз мүше, баяндауыш
Бастауышы бар сөйлемді тап
Дұрыс жауап: бала ойнады
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
Дұрыс жауап: бастауыш пен баяндауыш
Тұрлаусыз мүшелерге қойылатын сұрақтарды көрсет.
Дұрыс жауап: Қандай? Кімге? Неге? Қашан?Қайда?
Тұрлаулы мүше деген
Дұрыс жауап: сөйлемнің негізін құрайды
Жаз көрпені кісі күт, Қонақ келсе үйге құт. Өлеңдегі қарамен жазылған сөз қандай мағынада қолданылған?
Дұрыс жауап: ауыспалы мағына
Адамның еңбек ету қабілетін қалай атайтынын анықтаңыз.
Дұрыс жауап: жұмыс күші
Сөздерге жалғанатын қосымшаларды табыңыз: Әлемдегі ірі кітапханалар____ бір__ – Отырар кітапхана___.
Дұрыс жауап: -дың / -і / -сы
«Сапалы білім, кітап, мәнді өмір» қандай байлық түріне жататынын анықта
Дұрыс жауап: рухани
Емлеге сай дұрыс жазылған сан есімді анықтаңыз.
Дұрыс жауап: 4-сынып
Судың физикалық қасиеттері жазылған нұсқаны көрсетіңіз
Дұрыс жауап: түссіз, мөлдір, иіссіз
Берілген сөйлемдегі сан есім түрін анықтаңыз: Театрға 100 шақты адам келді.
Дұрыс жауап: болжалдық
Берілген сөйлемде сан есімнің қандай мағыналық түрі кездесетінін анықтаңыз. Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатыр.
Дұрыс жауап: есептік
Әлемдегі ең ірі кітапхананы көрсетіңіз
Дұрыс жауап: Конгресс кітапханасы
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз: Су ... қорытуға жақсы көмектеседі.
Дұрыс жауап: ас
Қазақстандағы ең бірінші кітапхананың ашылған қаласы мен жылы
Дұрыс жауап: 1883 ж. Семейде
Дұрыс жазылған сан есімді белгілеңіз.
Дұрыс жауап: жеті жүз жиырма бес
Болымсыз етістік қосымшаларын көрсетіңіз
Дұрыс жауап: ма, ме, ба , бе, па, пе
Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: ақындығымен
«Сырдария» өлеңінен алынған үзіндіні қажетті сөздермен толықтырыңыз Жазса Тарас _________, Жазса _________ Еділді, Неге маған жырламасқа __________ туған елімді.
Дұрыс жауап: Днепрді, Пушкин, Сырда
Мәтіннің түрін анықтаңыз Су-тіршілік көзі. Адамдар сусыз тіршілік ете алмайды. Су адам үшін өте пайдалы. Сондықтан суды үнемдеп пайдалану қажет. Өзен-көлімізді сақтап, ластамауымыз керек. Зауыт-фабрикалардың қалдықтары ө…
Дұрыс жауап: пайымдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының алғашқы директоры
Дұрыс жауап: Ораз Жандосов
Бұлбұлға сәйкес қатар
Дұрыс жауап: әнші
Залал сөзінің антонимі
Дұрыс жауап: пайда
Омоним бола алмайтын сөз
Дұрыс жауап: тау
Қасқыр сөзінің синонимі
Дұрыс жауап: бөрі
Түлкіге сәйкес қатар
Дұрыс жауап: айлакер
Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған жыл
Дұрыс жауап: 1995 жылы, 1 наурызда
Тіркесті сөз
Дұрыс жауап: Балқаш көлі
Омоним болатын сөз
Дұрыс жауап: жар
Көп мағыналы сөз
Дұрыс жауап: бел
Айтылуы мен жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер
Дұрыс жауап: омонимдер
Ғұлама сөзінің синонимі
Дұрыс жауап: данышпан
Күрделі сөздердің түрлері
Дұрыс жауап: 4
Көп мағыналы сөзді табыңыз:
Дұрыс жауап: түс
Бірнеше мағынада жұмсалып, бір сөз табына қатысты сөздер
Дұрыс жауап: көп мағыналы сөздер
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
Дұрыс жауап: антонимдер
Бөтен сөзінің синонимі бола алатын сөз
Дұрыс жауап: жат
Түйеге сәйкес қатар
Дұрыс жауап: төзімді
Ауыспалы мағыналы сөз
Дұрыс жауап: жеңіл әуен
Жыртқыш сөзіне сәйкес қатар
Дұрыс жауап: қасқыр
Тура мағынадағы сөзді көрсет
Дұрыс жауап: Сыпайы сөйлеу
Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздер
Дұрыс жауап: синонимдер
Жақын сөзінің синонимі
Дұрыс жауап: етене
Біріккен сөз
Дұрыс жауап: тасбақа
Ауыспалы мағынадағы тіркес
Дұрыс жауап: қисық мінез
Меншікті мағынаны көрсетіп тұрған тіркесті табыңыз.
Дұрыс жауап: Үстелдегі ала жіп біздікі.