Ustazdyq

Биология: Тоқсандық бақылау

416 сұрақ · 9-бет, барлығы 9 бет

  1. ДНҚ нуклеотидтерінің реттілігін өзгертпей тұқым қуалайтын фенотиптік өзгерістер тудыратын нәруыздар

    Дұрыс жауап: приондар

  2. Консистенциясы бойынша қоректік орта түрі

    Дұрыс жауап: тығыз

  3. Нысанды жарық өрісінде өтпелі сәуле арқылы зерттеуге мүмкіндік береді

    Дұрыс жауап: жарық өрісті микроскопия

  4. Зертхана маманы белгісіз бактерияны анықтау үшін Грамм әдісімен бояу жүргізбек. Ол бояу кезеңдерін дұрыс ретпен орындауы қажет. Грамм бойынша бояудың дұрыс реті:

    Дұрыс жауап: Кристалл күлгін → йод ерітіндісімен өңдеу→ этанолмен өңдеу → сафранинмен өңдеу

  5. Микроорганизмдердің таза өсінділерін бөліп алудың биологиялық принципіне жататын әдіс

    Дұрыс жауап: қышқылға төзімділік

  6. Жасушаның бөліну арқылы организмнің кез келген жасуша типін тудыру қасиеті

    Дұрыс жауап: тотипатенттілік

  7. Адам жарақат алғаннан кейін зақымдалған жасуша бөліктері ыдырап, орнына жаңалары түзіледі. Бұл процестегі лизосоманың негізгі қызметі:

    Дұрыс жауап: қажетсіз құрылымдарды қорыту

  8. Кроссинговер жүретін мейоз фазасы:

    Дұрыс жауап: І профаза

  9. Баланың көздерінде болатын ісік ауруы:

    Дұрыс жауап: ретинобластома

  10. Гаметогенездің бірінші кезеңі:

    Дұрыс жауап: көбею

  11. Түрден жоғары деңгейдегі туыс, тұқымдас таксондарының қалыптасуына ықпал ететін процесс:

    Дұрыс жауап: макроэволюция

  12. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі:

    Дұрыс жауап: толымсыз доминаттылық

  13. Жыныс жасушаларының бөліну жолы:

    Дұрыс жауап: мейоз

  14. Жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктің сорттарын, микроорганизмдердің штамдарын зерттейтін ғылым:

    Дұрыс жауап: селекция

  15. Жұмсақ дәнді бидайдың диплоидты хромосомасы 42, митоздық бөлінуден кейін пайда болған жасушалардағы хромосома саны:

    Дұрыс жауап: 42

  16. Генотиптің өзгеруіне байланыссыз сыртқы орта жағдайларының әсерінен болады:

    Дұрыс жауап: модификация