Биология: Тоқсандық бақылау
416 сұрақ · 8-бет, барлығы 9 бет
Организмнің вирустық инфекцияға қарсы жауап ретінде синтездейтін нәруызы
Дұрыс жауап: интерферон
Бактерияларда болмайтын органоид
Дұрыс жауап: эндоплазмалық тор
Ортасында ойығы бар заттық шыны қолданылатын бактериялық зерттеу әдісі
Дұрыс жауап: аспалы тамшы
Көзді қоректік заттармен қамтамасыз ететін қабық:
Дұрыс жауап: тамырлы
Омыртқа жотасының бел бөлімінің екі жағында орналасқан бұршақ пішінді жұп мүше
Дұрыс жауап: бүйрек
Бұл гормон жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті төмендейді
Дұрыс жауап: тимозин
Сәулелер көздің тор қабығына дейін қилысқанда пайда болатын көз өзгерісі:
Дұрыс жауап: сығырлық
Сүйектің нәруызы:
Дұрыс жауап: оссеин
Көздің рецепторлары орналасқан қабық:
Дұрыс жауап: тор
Буын сұйықтығының қызметі:
Дұрыс жауап: үйкелісті азайту
Адам қаңқасындағы қозғалмай байланысқан сүйектер:
Дұрыс жауап: бас сүйек
Сүйектің қызыл кемігінде түзіледі:
Дұрыс жауап: қан жасушалары
7 омыртқадан тұратын омыртқа жотасының бөлімі:
Дұрыс жауап: мойын
Ми бөлімінің жұп сүйегі:
Дұрыс жауап: төбе
Зәр түзілуінің екінші кезеңі
Дұрыс жауап: реабсорбция
Зәр жиналатын мүше
Дұрыс жауап: қуық
Жай буын:
Дұрыс жауап: иық буыны
Ересек адам терісінің ауданы шамамен
Дұрыс жауап: 1,5-2м 2
Ауруды сезінуді қабылдайтын рецепторлар
Дұрыс жауап: ноцицепторлар
Көздің қосымша бөлігі:
Дұрыс жауап: кірпік
Кеуде қуысы ... жұп қабырғадан тұрады
Дұрыс жауап: 12 жұп
Қозғалысты үш бағытта жүзеге асыратын ең қозғалмалы буындар
Дұрыс жауап: үш осьті
Жалпақ сүйектерге жатады
Дұрыс жауап: жауырын
Адамның сыртқы құлағының бөлімі:
Дұрыс жауап: дабыл жарғағы
Эмоцияны білдіретін бұлшық ет
Дұрыс жауап: мимикалық бұлшық ет
Сүйек жасушаларын қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз ететін арнайы жүйе:
Дұрыс жауап: остеон
Қозғалмайтын байланысу типіне жататын сүйектер
Дұрыс жауап: жамбас, бас сүйектері
Жас балаларда йодтың жетіспеуінен болады
Дұрыс жауап: кретинизм
Хромосома санының, мөлшерінің өзгеруін анықтайтын әдіс:
Дұрыс жауап: цитогенетикалық әдіс
Генетикалық белгілердің сырттай көрінуі -
Дұрыс жауап: фенотип
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:
Дұрыс жауап: генетика
Кез келген қан тобын қабылдай алатын топ:
Дұрыс жауап: IV
Гомологты хромосомалардың жақындау үдерісі
Дұрыс жауап: коньюгация
Ажырау заңының фенотипі:
Дұрыс жауап: 3:1
Ядрошықтар мен ядро қабықшасының бұзылуынан басталатын фаза:
Дұрыс жауап: профаза
Пиримидиндерге жатады:
Дұрыс жауап: цитозин
Гибридологиялық әдісті ең алғаш қолданған ғалым:
Дұрыс жауап: Г.Мендель
Инфузорияның қозғалу мүшесі
Дұрыс жауап: кірпікшелері
Талшықты жәндік:
Дұрыс жауап: бодо
Атқаратын қызметі бойынша жүйке жүйесі бөлімдері:
Дұрыс жауап: сомалық, вегетативті
Жүйке импульсін рецептордан миға беретін рефлекс доғасының бөлімі:
Дұрыс жауап: сезімтал нейрон
Адамдағы сана, ес, ойлау, сөйлеуге жауап беретін ми бөлімі
Дұрыс жауап: үлкен ми сыңарлары
Жұлынның қызметі:
Дұрыс жауап: өткізгіштік, рефлекстік
Табиғаттың физикалық және химиялық факторларының әсер етуінен ағзаның орын ауыстыруы
Дұрыс жауап: таксис
Орталық жүйке жүйесі қатысында ағзаның тітіркендіргішке жауабы:
Дұрыс жауап: рефлекс
Зәр шығару мүшесі
Дұрыс жауап: бүйрек
Бірігіп кеткен мықын, шонданай, қасаға сүйектерінен тұратын сүйек:
Дұрыс жауап: жамбас
Меланин пигменті болатын терінің қабаты
Дұрыс жауап: эпидермис
Сүйектерге бекитін тығыз талшықты ұлпа шоғыры:
Дұрыс жауап: буын байламы
Сүйектің өсуіне және зақымданған соң қайта қалпына келуіне қатысады
Дұрыс жауап: остеобластар