Ustazdyq

Биология: Тоқсандық бақылау

416 сұрақ · 2-бет, барлығы 9 бет

  1. Цитогенетикалық әдіс негізінен нені зерттеуге мүмкіндік береді және оның көмегімен қандай ауытқуларды анықтауға болады?

    Дұрыс жауап: Хромосомалардың санын, құрылысын, мөлшерін немесе пішінінің өзгеруін; Даун синдромы сияқты хромосомалық ауруларды.

  2. Егіздік әдістің негізгі мақсаты қандай және ол үшін қандай егіздер тобын салыстыру маңызды?

    Дұрыс жауап: Белгінің немесе аурудың дамуына генетикалық және орта факторларының үлесін анықтау; біржұмыртқалы және әртүрлі жұмыртқалы егіздерді.

  3. Популяциялық-статистикалық әдіс (Харди-Вайнберг заңы) негізінен нені зерттейді және оның практикалық маңызы неде?

    Дұрыс жауап: Популяциядағы әртүрлі аллельдер мен генотиптердің таралу жиілігін (генофонд құрылымын); генетикалық аурулардың келесі ұрпақтардағы таралуын болжау.

  4. Тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуда жақын туыстар арасындағы некеге тыйым салудың генетикалық негіздемесі қандай?

    Дұрыс жауап: Жақын туыстарда бірдей зиянды рецессивті аллельдердің кездесу ықтималдығы жоғары.

  5. Медициналық-генетикалық кеңес берудің негізгі мақсаты не?

    Дұрыс жауап: Отбасында тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу қаупін анықтау, алдын алу.

  6. Адамның тұқым қуалайтын ауруларына қандай факторлар себеп болуы мүмкін емес?

    Дұрыс жауап: Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты.

  7. Биохимиялық әдіс арқылы қандай тұқым қуалайтын ауытқуларды анықтауға болады?

    Дұрыс жауап: Зат алмасудың бұзылуына алып келетін ферменттердің жұмысындағы генетикалық ақауларды.

  8. "Пенетранттылық" ұғымы нені білдіреді және ол генеалогиялық әдісті қолдануда қандай қиындықтар тудыруы мүмкін?

    Дұрыс жауап: Белгілі бір генотипі бар даралардың ішінде осы геннің фенотиптік көрініс беру пайызы; пенетранттылық 100%-дан төмен болса, генотипі бойынша ауруды тасымалдайтын адамда ауру белгілері болмауы мүмкін, бұл шежірені талдауды қиындатады.

  9. Сағақсыз жапырақты өсімдіктер:

    Дұрыс жауап: қалампыр, зығыр

  10. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп, тыныс алуға қатысатын мүше

    Дұрыс жауап: диафрагма

  11. Тыныс алудың негізгі мүшесі

    Дұрыс жауап: өкпе

  12. Қосмембраналы органоид

    Дұрыс жауап: митохондрия

  13. Ерітіндісі мүсәтір спирті деп аталатын өткір иісті соңғы өнім

    Дұрыс жауап: аммиак

  14. Уақыт бірлігінде экожүйеде түзілетін органикалық заттардың мөлшері

    Дұрыс жауап: биомасса өнімділігі

  15. ДНҚ –ның құрамына кірмейтін азотты негіз

    Дұрыс жауап: урацил

  16. Жарық микроскобы арқылы қандай органоидтар анық көрінбейді?

    Дұрыс жауап: Өсімдік вакуолі

  17. Мембрананың ірі бөлшектерді жалғанаяқтары арқылы қармауы

    Дұрыс жауап: фагоцитоз

  18. Қосарлы атауды ұсынған ғалым

    Дұрыс жауап: К.Линней

  19. Ядроның қызметі

    Дұрыс жауап: көбеюге қатысу

  20. Өт қышқылдарының бейтарап майларды орасан көп мөлшерде ұсақ тамшыларға бөлуі

    Дұрыс жауап: эмульгация

  21. Бұзатын, ерітетін немесе қорытатын органоид

    Дұрыс жауап: лизосома

  22. Ертедегі алып қырықжапырақтардың жинақталуынан пайда болды

    Дұрыс жауап: таскөмір

  23. Энергия пирамидасы заңын тұжырымдаған ғалым

    Дұрыс жауап: Р. Линдеман

  24. Транспирацияға әсер ететін ішкі фактор

    Дұрыс жауап: буландыратын бет ауданы

  25. Майлар мен көмірсулар биосинтезі жүретін органоид

    Дұрыс жауап: тегіс ЭПТ

  26. Бунақденелілерді,кенелерді,өрмекшілерді жоюға бағытталған пестицидтер

    Дұрыс жауап: инсектицидтер

  27. Пестицидтің басты қасиеті

    Дұрыс жауап: улылығы

  28. Бір жасушалы диатом балдырларының сауыттарынан тұратын тау жыныстары

    Дұрыс жауап: диатомит

  29. Химиялық реакцияларды жүздеген және мыңдаған есе жылдамдататын ерекше катализатор-нәруыздар

    Дұрыс жауап: ферменттер

  30. Қазіргі кезде озон қалқанының бұзылуының негізгі бір себебі

    Дұрыс жауап: фреонның қолданылуы

  31. Күніне 140 кг шөп жеген қойдың отары 20 кг салмақ қосты. Бұл деңгейдегі энергияның ауысу тиімділігі қанша болады?

    Дұрыс жауап: 14,3%

  32. Жапырақтың суды буландыру үдерісі

    Дұрыс жауап: транспирация

  33. Стромасындағы көпіршіктерде каратиноидтер сары, қызыл, қызғылт пигменттері бар пластидтер

    Дұрыс жауап: хромопластар

  34. Қарапайым диффузия жылдамдығын анықтайды

    Дұрыс жауап: Фик теңдеуі

  35. Табиғи липидтің құрамындағы қанықпаған қышқылдардың ішінде кеңінен таралғаны

    Дұрыс жауап: Олеин қышқылы

  36. Лизосоманың қажетсіз жасуша құрылымдарын жою процесі

    Дұрыс жауап: автофагия

  37. Ана сүті және жануарлар сүтінің құрамында болады

    Дұрыс жауап: лактоза

  38. Тургор қысымын ұстап тұратын бірмембраналы органоид

    Дұрыс жауап: вакуоль

  39. Көмірсулардың қызметіне жатпайды

    Дұрыс жауап: тұқымқуалаушылық

  40. Бактерия жасуша қабықшасының құрамында болады

    Дұрыс жауап: муреин

  41. Организмге енген бөгде нәруыздарды анықтауға және оларды зарарсыздандыруға қабілетті нәруыздар

    Дұрыс жауап: иммуноглобулиндер

  42. Жасуша қабырғасының негізгі компоненттері хитин және глюкандар болып келетін ағзалар

    Дұрыс жауап: саңырауқұлақтар

  43. ДНҚ-ның құрылымы мен қызметін ашқан ғалымдар

    Дұрыс жауап: Дж. Уотсон, Ф. Крик

  44. 1 гр май ыдырағанда бөлінетін энергия мөлшері

    Дұрыс жауап: 39,1кДж

  45. Центромерасы хромосоманың бір ұшына қарай ығысқан яғни жетілмеген иықты

    Дұрыс жауап: акроцентрлік

  46. Аталық және аналық кариотиптері бірдей болатын хромосомалар

    Дұрыс жауап: аутосомалар

  47. Органикалық заттардың макромолекулалардың жасушаішілік бұзылуына ,жасушалық емес құрылымдарды жоюға жауапты" асқорыту жүйесі"

    Дұрыс жауап: лизосома

  48. Нуклеотидтің орташа молекулалық массасы

    Дұрыс жауап: 345

  49. Бақа дернәсілі шөмішбастың құйрығының жойылуы

    Дұрыс жауап: автолиз

  50. Қарапайым нәруыздарға жатады

    Дұрыс жауап: глютелиндер