Ustazdyq

Қазақ әдебиеті: ҰБТ

1 028 сұрақ · 5-бет, барлығы 21 бет

  1. «Қан мен тер» романындағы оқиға баяндалған елді-мекен

    Дұрыс жауап: Арал

  2. Ы.Алтынсариннің туындысы

    Дұрыс жауап: «Өнер-білім бар жұрттар...»

  3. Қ.Олжайдың «Жер мен аспан» очеркінде қандай мәселе көтеріледі?

    Дұрыс жауап: дүниежүзілік экологиялық жағдай

  4. Сөйлемді толықтыр: Шыңғыс Айтматов «Ана -Жер -Ана» повесінде Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен ____________ баяндайды.

    Дұрыс жауап: қиындықты

  5. «Әлемді сексен күнде шарлау» романының авторын белгіле.

    Дұрыс жауап: Ж. Верн

  6. «Арыстандай айбатты Жолбарыстай қайратты Қырандай күшті , қанатты Мен жастарға сенемін »- деп жырлаған қазақ ақыны.

    Дұрыс жауап: М.Жұмабаев

  7. Ж.Верн қай жерде дүниеге келген?

    Дұрыс жауап: Францияның Нант қаласында

  8. Үзінді «Абай жолы» эпопеясының қай бөлімінен алынған: Абай аулында үлкен әбігер. Бұның себебі — Әбіш. Екі жылдан бері елге қайтпай, осы бүгін, енді ғана, «Туған аулына келеді!» — деп, ата-ана, аға-бауыр, ерекше тосып оты…

    Дұрыс жауап: қауышу

  9. «Атымтай Жомарт» әңгімесінде Жомарт өзінің бай бола тұра жасап жүрген іс-әрекетіне қатысты неше түрлі себеп бар дейді?

    Дұрыс жауап: төрт

  10. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде суреттелген мейрам

    Дұрыс жауап: Наурыз мерекесі

  11. «Оюлар » өлеңінің авторын белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Ф.Оңғарсынова

  12. Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер -Ана» повесіндегі Жер-Анаға сырын айтатын кейіпкер.

    Дұрыс жауап: Толғанай

  13. Д.Досжанның «Жібек жолы » шығармасында Яссы қаласының атауы не мағына береді?

    Дұрыс жауап: Сақтар ошағы

  14. Мәтіннің негізгі ойын табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қасқырды қанша асырасаң да, ит болмайды.

  15. Көксерек ұрлық пен адал асты не үшін ажырата алмайды?

    Дұрыс жауап: Жабайы аң болғаны үшін

  16. Төмендегілердің қайсысы бұл мәтіннің кілт сөздерінің бірі бола алмайды?

    Дұрыс жауап: Тәрбие

  17. Қарамен белгіленген сөзді алмастыра алатын нұсқаны белгіле.

    Дұрыс жауап: көрмей қалса, байқамай қалса

  18. Көксерек қай кезде тамағын жемейді.

    Дұрыс жауап: кісі қарап тұрғанда

  19. Д.Досжанның шығармасын көрсет.

    Дұрыс жауап: «Жібек жолы»

  20. «Бесеудің хаты» пьесасында орындалған күйдің бірін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Көбік шашқан»

  21. «Қобыланды батыр» жырында «Арғы астында бұл таудың Қызылбастың елі бар. Жасыл байтақ жері бар, Айдынды шалқар көлі бар...» деген жыр жолдарын айтқан кейіпкер

    Дұрыс жауап: Естеміс

  22. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық .... Берілген ойдың жалғасы

    Дұрыс жауап: Аздырар адам баласын

  23. Қазақтың салт-дәстүрлеріне үйлеспейтін құбылыстардың бой көрсетуіне қынжылып, ел ертеңіне алаңдаған «зар заман» ақыны

    Дұрыс жауап: Шортанбай

  24. Ақан серінің Құлагері туралы поэма жазған ақын

    Дұрыс жауап: І.Жансүгіров

  25. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман және оның авторы

    Дұрыс жауап: М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»

  26. Жамбылдың сатирик ақын екенін дәлелдейтін өлеңі

    Дұрыс жауап: «Өстепкеде»

  27. Жамбылға: «Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс»,- деп ақыл айтқан ақын

    Дұрыс жауап: Сүйінбай

  28. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, есімін әлемге мойындатқан поэмасы

    Дұрыс жауап: «Мен - қазақпын»

  29. «Теңіздей тебіренді Жейхун бүгін...» деп басталатын «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасының авторы

    Дұрыс жауап: Қ.Бекхожин.

  30. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәртебе алдаса да өзіңді» деп басталатын дидактикалық сарындағы өлең авторы

    Дұрыс жауап: Әбу Насыр Әл-Фараби

  31. Асан қайғының су, жер, ел не екендігін ұғындыратын ғибратнамалық толғауы

    Дұрыс жауап: «Көлде жүрген қоңыр қаз»

  32. Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ханшаның «тастама домбыраңды, күйді ұмытпа, тарта жүр сонау тартқан сергелдеңді...» деген сөзі нені танытатындығын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: текті ханшаның тектілігін

  33. «Абай жолы» романының авторын көрсетіңіз

    Дұрыс жауап: М.Әуезов

  34. «Аяз би» ертегісінде кездесетін кейіпкерлер қатары

    Дұрыс жауап: Уәлі бай, Меңді қыз

  35. Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай. Беріктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай, деп Есім ханға өктем үн қатқан жырау

    Дұрыс жауап: Жиембет

  36. Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен. Үзіндідегі троптың түрі

    Дұрыс жауап: кейіптеу

  37. «Соңғы дем» әңгімесінің авторын белгілеңіз

    Дұрыс жауап: Д.Рамазан

  38. «Ең үлкен байлық» ертегісіндегі қария кім?

    Дұрыс жауап: тас қашаушы

  39. «Көкшетау» поэмасының авторын көрсет.

    Дұрыс жауап: С.Сейфуллин

  40. Берілген өлең жолдары қай шығармадан алынған үзінді? Арқаның кербез сұлу Көкшетауы Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

    Дұрыс жауап: С.Сейфуллин «Көкшетау»

  41. Сәйкестендіріңіздер.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) 1973 жылы«Интернат наны»
    2) 1972 жылы«41-жылғы келіншек»
  42. Сәйкестендіріңіздер:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) КомедияДрамалық жанрдың негізгі бір түрі, өмірдегі келеңсіз, жағымсыз құбылыстарды, адам бойындағы міндерді, оспадарлықты күлкілі етіп бейнелейтін сахналық шығарма
    2) Риторикалық сұрауОйды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұрақтың жауабын оқырман өзі біліп отырады. Риторикалық сұраулы сөйлем жауапты қажет етпейді.
  43. Сәйкестендіріңіздер:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) АқылНе дүниеге, не ақыретке ғылым пайдалы болса — ұғып, залалды болса — оны ажырата білетін мен ғана. Еңбексіз ештеңе алынбайды екен.
    2) ЖүрекҮлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын – мен
  44. Абай өлеңдерінде көтерілген мәселелерді анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    А) «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»Ақын мен ақындықтың мұрат мақсаты туралы айтады.
    Б) Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да»Қоғамдағы әділетсіздік, ел басындағы күйзелісті ашып көрсетеді.
  45. Абай өлеңдерінде көтерілген мәселелерді анықтаңыз:

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    A) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»Ел билігіне араласып, адамгершілік қасиеттен жұрдай болған, елдің тынышын алып, бүлік туғызған содырларды шенейді.
    B) «Болыс болдым, мінеки»Малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік- психологиялық кескінін жасайды.
  46. Ғ.Мүсіреповтің роман(-дар)ы

    Дұрыс жауап: «Ұлпан»; «Оянған өлке»; «Қазақ солдаты»

  47. М.Мақатаевтың «Райымбек!Райымбек!» поэмасының кейіпкер (лер)і

    Дұрыс жауап: Түкe; Райымбек

  48. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына қатысты мәлімет(-тер)

    Дұрыс жауап: Күрделі композициялы «Көкшетау» поэмасын жазған; Атақты Ақан сері туралы поэма жазған ақын; Тройцкідегі «Уазифа» мектебінде сабақ алады

  49. Қыз Жібектің Жағалбайлы еліне жол тартқанда жанында болған кейіпкер(-лер)

    Дұрыс жауап: Таңсық; Сансызбай

  50. Ыбырай Алтынсарин деректер бойынша

    Дұрыс жауап: балалар әдебиетінің атасы; тұңғыш аудармашы; ағартушы-демократ