Қазақстан тарихы: ҰБТ
279 сұрақ · 6-бет, барлығы 6 бет
Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз.
Дұрыс жауап: «Айттым сәлем қаламқас»
Қазтуғанның «Мадақ» жырынан алынған өлең жолы
Дұрыс жауап: Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі.
Ғабдолла Тоқай қай халықтың ақыны екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Татар
Аяз бидің алғашқы аты қалай екенін көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: Жаман
Б. Майлиннің драмалық шығармасы
Дұрыс жауап: «Шаншар молда»
Бос орынға Ақан өлеңіне қатысты сөзді көрсетіңіз. «Шынымен өлгенің бе, ____________, Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің».
Дұрыс жауап: Құлагерім
Сегіз сері қағазға бетіне түсірген ауыз әдебиетінің нұсқасын көрсетіңіз.
Дұрыс жауап: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»
1580 - 1582 жылдары хан тағына отырды
Дұрыс жауап: Шығай
Оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз: 1.Жаңа экономикалық саясатқа көшу; 2. Қазақстандағы ұжымдастыру; 3. «Әскери коммунизм саясаты»; 4. Қазақстандағы индустрияландыру
Дұрыс жауап: 3, 1, 4, 2
1901-1905 жылдары салынған теміржол желісі:
Дұрыс жауап: Орынбор-Ташкент
«Еңсегей бойлы ер Есім» эпостық жырының авторы:
Дұрыс жауап: Жиембет жырау
Жаяу Мұсаның әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қарсы наразылықтан туған әні:
Дұрыс жауап: «Ақ сиса»
Қарлұқтар Жетісу аумағына өздерінің саяси үстемдігін орнатқан уақыт:
Дұрыс жауап: 756 жыл
Тәуке ханды көне Спартаның ақылгөйі Ликургпен теңеген:
Дұрыс жауап: А. Левшин
Қырғыз-қайсақ (Орынбор) экспедициясы құрылған уақыт:
Дұрыс жауап: 1734
Кенесары 30-дан астам сұлтанымен ерлікпен шайқасып тұтқынға түскен жер:
Дұрыс жауап: Тоқмақ
Орбұлақ шайқасындағы жеңістің 350 жылдығы атап өтілген жыл:
Дұрыс жауап: 1993
«Қазақстан Республикасы» деген атау қабылданған мерзім:
Дұрыс жауап: 1991 жылы 10 желтоқсан
Декларацияға сай Республика басшысы сайланған:
Дұрыс жауап: Президент
Алашорда автономиясының орталығы болып жарияланған қала:
Дұрыс жауап: Семей
Қазақстан «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалыққа сайланған жыл:
Дұрыс жауап: 2011
Республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болған оқиға :
Дұрыс жауап: Декларация қабылдау
«Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды:
Дұрыс жауап: 1990 жылы 25 қазан
Декларацияда республиканың егемендігі үшін бекітілді :
Дұрыс жауап: құқықтық нормалар
Моғолстанның негізін қалаған дулат тайпасының басшысы:
Дұрыс жауап: Әмір Поладшы
Шағатай ұлысының шығыс жарты бөлiгiнде пайда болған мемлекет:
Дұрыс жауап: Моғолстан
Моғолстан мемлекетінің саяси-әкімшілік құрылымы жайлы толық деректер келтірген:
Дұрыс жауап: М.Х. Дулати
Моғолстан мемлекетінде негізгі саяси күш ретінде өз билігін нығайтқан :
Дұрыс жауап: дулат тайпасы
1348–1362/63 жылдары өмір сүрген :
Дұрыс жауап: Тоғылық Темір