Ustazdyq

Қазақстан тарихы: ҰБТ

279 сұрақ · 5-бет, барлығы 6 бет

  1. X ғасырда ислам дінін мемлекеттік дәрежеде жариялады:

    Дұрыс жауап: Қарахан мемлекеті

  2. Мардан қорымынан табылған Қытай теңгелері пайдаланылған

    Дұрыс жауап: Б.з.б. 2 ғасырда

  3. 1891 жылғы Ереже бойынша шексіз билік берілді:

    Дұрыс жауап: Генерал-губернаторға

  4. Түріктер кен қорыту ісімен айналысқан кезең

    Дұрыс жауап: 5 ғасыр

  5. Жергілікті баспа ісін дамытуда еңбек еткен қайраткерлер:

    Дұрыс жауап: Ф.И.Зобнин, Н.Я.Коншин

  6. Қазақстан еңбекшілері қамқорлыққа алған фашистік басқыншылықтан босатылған жерлер:

    Дұрыс жауап: 12 қала, 45 аудан

  7. “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Айгүл” ансамбльдері құрылды:

    Дұрыс жауап: 1970 жылдары

  8. Моғолстан мемлекеті мекендеген аймақ

    Дұрыс жауап: Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен қазіргі Қырғызстан

  9. XVIII ғасырдың 20-жылдары Жоңғарияның бар күшін қазақ жеріне жұмсауға мүмкіндік туу себебі:

    Дұрыс жауап: Жоңғарияның Қытаймен бейбіт келісім жасауы

  10. 1917 жылы алынған шаңырақ салығының мөлшері:

    Дұрыс жауап: 1 млн. 200 сом

  11. 1941 жылы басталған соғыс:

    Дұрыс жауап: Ұлы Отан соғысы

  12. Монғолдарға ұзақ карсыласқан Оңтүстік Қазақстан қалалары:

    Дұрыс жауап: Отырар, Сығанақ, Ашнас

  13. Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ең көне сенім

    Дұрыс жауап: Тотемизм

  14. Моңғол империясына тәуелділігін мойындамаған Алтын Орда ханы

    Дұрыс жауап: Берке

  15. “Азия комитеті” құрылған мерзім:

    Дұрыс жауап: 19 ғасырдың 20-30 жылдары

  16. 1822 жылғы “Жарғының” басты мақсаты:

    Дұрыс жауап: Әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту

  17. Сақтарға «аң стилі» өнері қайдан тарады?

    Дұрыс жауап: Алдыңғы Азия мен Ираннан

  18. «Оғызнама» дастаны 6 ғасырда аударылды

    Дұрыс жауап: Парсы тіліне

  19. 1932 жылы балалар үйлеріндегі бала саны:

    Дұрыс жауап: 68 мың

  20. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды:

    Дұрыс жауап: 1756 жылы

  21. Неандертальдық адамдардың өмір сүрген жылдары

    Дұрыс жауап: Б.з.б. 100–35 мың жыл

  22. Азамат соғысынан кейін мүлде тоқтаған өндіріс саласы:

    Дұрыс жауап: Мыс өндіру

  23. Қазақстанның қай аймақтары 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ірі орталықтарына айналды:

    Дұрыс жауап: Торғай және Жетісу

  24. Энеолиттік тұрақтар

    Дұрыс жауап: Ботай, Шебір

  25. Қазақтарға Ертістің оң жағасына қоныстануға рұқсат етілді:

    Дұрыс жауап: 1799 жылы

  26. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардағы қазақ əдебиетіне келген дарынды жастар:

    Дұрыс жауап: Ғ.Орманов, Ж.Саин

  27. БК(б)П Орталық Комитетiнiң “Звезда”, “Ленинград” журналдары туралы қаулылары шықты:

    Дұрыс жауап: 1946 жылы

  28. М.Х. Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» еңбегінде жазылғандай: «1509-1510 жж. қарай ол хан болғанымен Жәнібек ханның ұлы Қасымның ықпалы зор болды, хандықты басқаруымен бүкіл билік Қасым сұлтанның қолына берілді. Хандыққа деген…

    Дұрыс жауап: Бұрындық(Мұрындық)

  29. Сырымның Орал казак əскерімен кескілескен күресі басталды:

    Дұрыс жауап: 1784 жылы маусым

  30. 1391 жылғы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы шайқас

    Дұрыс жауап: Құндызша

  31. Сырым батырдың басқаруындағы 1783-1797 жылдар аралығында болған қазақ шаруаларының көтерілісінің қайта жандануын тездеткен жағдай:

    Дұрыс жауап: Ақсүйектердің Сырымға қарсы шығуы

  32. Үйсіндер туралы жазбалар кездеседі:

    Дұрыс жауап: Қытай деректерінде

  33. Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі

    Дұрыс жауап: Жент

  34. 1825 жылы Қаратал өзеніне келген орыс әскерінің тобы:

    Дұрыс жауап: В.Шубин тобы

  35. Қарғалы тәтісінің жасалған уақыты:

    Дұрыс жауап: Б.з.б. II-I ғасырлар

  36. Тас дәуірінің кезеңдері

    Дұрыс жауап: 3

  37. Cаяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіруге үлес қосқан билеуші

    Дұрыс жауап: Хақназар хан

  38. Марафон шайқасында сақтар кімдермен бірігіп соғысты?

    Дұрыс жауап: Парсылармен

  39. Ғабит Мүсіреповтің Бейімбет Майлинмен бірге жазған шығармасы

    Дұрыс жауап: «Амангелді»

  40. «Лап етіп өшкен сезімнен қорқам, Түбіме менің жетеді-ау деп. Бәрінен де өзімнен қорқам, Көп күнім бекер өтеді-ау деп», – деген үзінді Т. Молдағалиевтің қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Өмір, қымбатым менің»

  41. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауды көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Бұқар жырау

  42. «Қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деген пікірдің авторын табыңыз.

    Дұрыс жауап: М. Әуезов

  43. Шәкәрімнің махаббат тақырыбына арнаған өлеңін белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: «Шын сырым»

  44. Н. Сералиевтің әңгімесін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Аңсау»

  45. Құрман мен Жамал М. Мақатаевтың қай поэмасының кейіпкерлері

    Дұрыс жауап: «Ару-ана»

  46. «Қоңыр күз еді» шығармасындағы әнші қыздың есімін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Алтын

  47. «Армысыңдар, Ата ұрпақтың тағдыры! Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!» – деген үзінді М. Мақатаевтың қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: «Барлығы да сендердікі»

  48. Ж. Нәжімеденовтің поэма жанрына қосқан жаңалығын көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Циклді поэмалар

  49. Фонетика саласына тән термин

    Дұрыс жауап: Ықпал, сингармонизм, буын

  50. «Құтадғу білік» («Құтты білік») атты еңбектің авторын табыңыз.

    Дұрыс жауап: Жүсіп Баласағұн