Ustazdyq

География: ҰБТ

547 сұрақ · 9-бет, барлығы 11 бет

  1. Аумағы 4 жарты шарды қамтитын материкті атаңыз.

    Дұрыс жауап: Африка

  2. Мұхит өнімдері адамзаттың азық-түлік қорының ... құрайды.

    Дұрыс жауап: 2%-ын

  3. Жерастында болған дүмпудің жер бетіне шығатын жерін атаңыз.

    Дұрыс жауап: Эпицентр

  4. Молдованың жүк тасымалдайтын негізгі көліктері.

    Дұрыс жауап: Автомобиль, теміржол

  5. Атырау мұнай өңдеу зауыты ... алаптарының мұнайын өңдейді.

    Дұрыс жауап: Атырау – Ембі, Маңғыстау

  6. Қазақстанда ең алғаш ұйымдастырылған қорықты атаңыз.

    Дұрыс жауап: Ақсу-Жабағылы

  7. Африкадағы фосфорит қоры мол елді белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Марокко

  8. Еліміздегі ірі балық консерв комбинаты бар қаланы көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Атырау

  9. Қазақстанмен өтетін Өзбекстан шекарасының ұзындығы.

    Дұрыс жауап: 2300 км

  10. Жібек құрты өсірілетін аймақ.

    Дұрыс жауап: Оңтүстік Қазақстан

  11. "Дөңгелек картаның" ортасына алынған қала

    Дұрыс жауап: Баласағұн

  12. Еліміздің бір облыстан тұратын экономикалық аймақ

    Дұрыс жауап: Орталық

  13. «Суккулент» сөзінің латын тілінен аударғандағы мағынасы

    Дұрыс жауап: «Шырынды»

  14. Жердің ядросын құрайтын заттар

    Дұрыс жауап: Темір, никель

  15. Теңiз маңы факторы жоғары әсер ететiн ел

    Дұрыс жауап: Түркия

  16. АҚШ мемлекетiнiң көршiлiк жағдайға қолайлы ықпал ететiн аймағы

    Дұрыс жауап: Мексиканың солтүстiгi

  17. Теңiз жағалауындағы орнын ең тиiмдi пайдаланып жатқан елдер

    Дұрыс жауап: Қытай, Сингапур, Нидерланд

  18. Халықаралық қатынастардың дамуына ықпал ететін экономикалық-географиялық жағдай

    Дұрыс жауап: Теңіздік

  19. Экономикалық дамудың тежелуi байқалатын елдерге тән сипаттама

    Дұрыс жауап: аграрлық сектор басым

  20. Суық және жылы ағыстарды оған жататын қатармен сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Суық ағыс ______________Канар
    2) Жылы ағыс _________________Бразилия
  21. Қазақстандағы дала және шөл зонасын пайыздық үлесімен сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Дала зонасы ___________27%
    2) Шөл зонасы _______________44%
  22. Қазақстанның ішкі суларын алаптарымен сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Каспий ________________Жем
    2) Арал __________________Ырғыз
  23. Орманды дала зонасында өсетін ағаштарды белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қайың, көктерек

  24. Қоңыржай және тропик географиялық белдеулерді табиғат зоналарымен сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Қоңыржай ____________тайга
    2) Тропик _________сирек орман
  25. Елдерді басқару формаларына қарай сәйкестендіріңіз.

    Дұрыс жауап

    ШартСәйкестік
    1) Теократтық монархия ______________Ватикан
    2) Конституциялық монархия _____________Испания
  26. Аумақтық пайдалану деңгейіне қарай ГАЖ-дың жіктелу түрлері

    Дұрыс жауап: ғаламдық; жергілікті

  27. Азық-түлік жетіспейтін, бірақ оны сырттан сатып алу мүмкіндігі бар ел(дер)

    Дұрыс жауап: Жапония

  28. Аштықтың ғаламдық индексінің деңгей(лер)і

    Дұрыс жауап: «елеулі»; «үрейлі»; «төтенше қиын»

  29. Шығыс Еуропадағы жетекші көлік.

    Дұрыс жауап: Теміржол

  30. Ас тұзының мол қоры игеріліп жатқан қаланы белгілеңіз.

    Дұрыс жауап: Қызылорда, Павлодар

  31. "Болат герцогтігі" деп аталатын ел.

    Дұрыс жауап: Люксембург

  32. Картаға түсірілген нысандар мен құбылыстарды іріктеу және олардың ортақ белгілеріне қарап топтау әдісі

    Дұрыс жауап: Картографиялық сұрыптау

  33. Ебі желін алғаш сипаттап жазған ғалым.

    Дұрыс жауап: Ш. Уәлиханов

  34. Украинадағы жетекші көлік түрін табыңыз.

    Дұрыс жауап: Теміржол

  35. Дүниежүзілік мұхит пен Тынық мұхитының ең терең жерін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Мариан шұңғымасы

  36. Қазақстан жерінің 44%-ында таралған топырақ түрін көрсетіңіз.

    Дұрыс жауап: Қоңыр және сұр қоңыр

  37. Қазақстан ғылым академиясының алғашқы президенті

    Дұрыс жауап: Қ. Сәтпаев

  38. 1 т алюминий алу үшін қажет энергия мөлшері.

    Дұрыс жауап: 18 мың квт/сағ

  39. Ащысай мен Мырғалымсайда өндірілетін кен

    Дұрыс жауап: Полиметалл

  40. Жер бедерінің басты ерекшелігін көруге болатын карта.

    Дұрыс жауап: Физикалық

  41. Корея Республикасының халқының саны 50 млн 400 мың, халықтың орташа тығыздығы 1 км² 507 адамға тең. Корея Республикасының жер көлемі

    Дұрыс жауап: 99,4 мың км²

  42. Бұрын теңіз түбі болып, жер қыртысының көтерілуі нәтижесінде пайда болған жазықтарды табыңыз.

    Дұрыс жауап: Алғашқы жазықтар

  43. Елімізде православие дінін ұстанатын ұлттар

    Дұрыс жауап: Орыстар, беларустар

  44. Еуразияның шығыстағы шеткі нүктесі.

    Дұрыс жауап: Дежнев мүйісі

  45. Ең көп аумақты алып жатқан табиғат зонасы

    Дұрыс жауап: Шөл

  46. Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыттары орналасқан қалалар

    Дұрыс жауап: Шымкент, Павлодар, Атырау

  47. АҚШ-тағы байырғы халықтың үлесі

    Дұрыс жауап: 1 %

  48. Жер шарында климаттық белдеулердің қалыптасуы... байланысты:

    Дұрыс жауап: Жер бетіне түсетін күн жылуының мөлшеріне

  49. Ұлы Жібек жолы басталатын елді табыңыз.

    Дұрыс жауап: Қытай

  50. Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесінің биіктігі (м)

    Дұрыс жауап: 5895 м