Қазақстан тарихы: Нөлдік срез
287 сұрақ · 4-бет, барлығы 6 бет
«Сауатсыздық жойылсын!» қоғамының қазақстандық бөлімшесі өз жұмысын бастады:
Дұрыс жауап: 1924 жылы сәуірде
ХХ ғасыр басында Алаш зиялылары ұстанған бейбіт күрес әдісі:
Дұрыс жауап: петициялар
М.Дулатұлының 1909 жылы баспадан шыққан «Ұлттық манифест» деп атаған жыр жинағы:
Дұрыс жауап: «Оян, қазақ!»
XX ғ. 20-жылдарына дейін қызмет жасаған "Алаш" партиясы мен Алаш қозғалысының алға тартқан мәселелеріне жатпайды:
Дұрыс жауап: өнеркәсіпті милитарландыру
1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры:
Дұрыс жауап: Кейкі
«Қазақ» газетінде жарияланған «Тағы соғыс» мақаласының авторы:
Дұрыс жауап: Ә. Бөкейхан
Қазақстанда ұлттық саяси партиялар мен ағымдардың жұмысы жанданды:
Дұрыс жауап: Ақпан төңкерісінен кейін
1916 жылғы Жетісудағы көтеріліс басшыларының ішінен артығын табыңыз:
Дұрыс жауап: Ә. Жанбосынұлы
1917 жылы көктемде Уақытша үкімет қабылдаған шешім:
Дұрыс жауап: Тыл жұмысына кеткендерді елге қайтару
1913-1918 жылдары жалпыұлттық деңгейде шығып тұрған басылым:
Дұрыс жауап: «Қазақ»
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы:
Дұрыс жауап: Империализмге, отаршылдыққа қарсы
Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасынан II Мемлекеттік Думаға сайланды:
Дұрыс жауап: Ш.Қосшығұлұлы
1917 жылы Қазақстанда орын алған тарихи оқиға:
Дұрыс жауап: Уақытша үкіметтің органдары ұйымдастырылды
1913 жылдан бастап жалпыұлттық «Қазақ» газеті шығарыла бастады:
Дұрыс жауап: Орынборда
XX ғ. басында Қазақстанда бірінші жалпыұлттық саяси ұйымды құру жолында көп күш жұмсаған зиялы қауым өкілдері қатарына жатпайды:
Дұрыс жауап: Ұ. Саурықов
Қазақ тілі ғылымының негізін салушы, қоғам қайраткері:
Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынұлы
1916 ж. 23 тамызда генерал-губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар қатарына жатпайды:
Дұрыс жауап: жалдамалы қазақ жұмысшылары
Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан жетістіктерінің бірі:
Дұрыс жауап: арба
Деректерінде «Сайрам – ақ қаланың аты, оны Испиджаб атайды» деп көрсеткен ғалым:
Дұрыс жауап: Махмұд Қашқари
Ортағасырлық қалалардың қарапайым халық тұратын шеткі бөлігі:
Дұрыс жауап: рабад
XX ғ. басында Қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру жолындағы күресті басты мақсат еткен қозғалыс:
Дұрыс жауап: «Алаш»
ХХ ғ басында “Алаш” зиялыларының ішінен артығын табыңыз:
Дұрыс жауап: Ш. Құдайбердиев
1913 жылдың өзінде «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» -деп жазған:
Дұрыс жауап: А. Байтұрсынов
Тұрмыстық салт, өзіне ұнаған затты, бұйымды үй иесінен сұрап алу:
Дұрыс жауап: қалау
Әл-Идриси мәліметі бойынша бидай, арпа, күріш және жүзім өсірген тайпа:
Дұрыс жауап: қимақтар
Индустрияландыру жылдары жүргізген ғалымдар мен зерттеген аймақтарын сәйкестендіріңіз: 1) Н.С. Курнаков, 2) Қ. Сәтбаев, 3) И.М. Губкин. А) Жезқазған ауданындағы мыс кенін, Ә) Орал-Ембі мұнайлы ауданын, Б) Орталық Қазақст…
Дұрыс жауап: 1-Б, 2-А, 3-Ә
1692 жылы қазақ жеріне келген елші:
Дұрыс жауап: В. Кобяков
XIX ғасырдың соңында қазақтарды жаппай егіншілікпен айналысуға мәжбүр еткен себептердің бірі:
Дұрыс жауап: патша өкіметінің отарлау саясаты
«Абылай хан заманында әрбір екінші қазақтың дәулетті, бай болғандығын», жазды:
Дұрыс жауап: М. Көпейұлы
Қаңлы елі экономикалық, мәдени, саяси байланыс жасаған мемлекеттер
Дұрыс жауап: Қытай, Рим, Кушан
Қола дәуірінің сәулет өнеріне тән, өңделмеген тақтатастан қаланған, шеңберлі құрылыстар атауы:
Дұрыс жауап: Дың
Қазақстандағы химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорны ашылған қала:
Дұрыс жауап: Шымкент
Ботайлықтардың жылқыны қолға үйретуі негізінде қалыптасқан шаруашылық:
Дұрыс жауап: Көшпелі мал шаруашылығы
Тас қашаушылар шеберлері кең тараған аймақ:
Дұрыс жауап: Батыс Қазақстан
Ұлт ретінде түркілердің араласуымен қалыптасты:
Дұрыс жауап: румындар
Жабайы аң терісінен тігілген сырт киім:
Дұрыс жауап: ішік
XX ғ. басында «Қазақ ұлты өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп жазған қазақ зиялысы:
Дұрыс жауап: Ахмет Байтұрсынов
Қазақтардың егін шаруашылығында пайдаланған топырақты майдалайтын құралы:
Дұрыс жауап: мала
Ұлы Дала белдеуінің ұзындығы:
Дұрыс жауап: алты мың шақырым
Әлемдік өркениетке Ұлы Дала көшпелілерінің қосқан үлесі:
Дұрыс жауап: жылқыны алғаш қолға үйрету
Байқоңыр ғарыш айлағының құрылысы аяқталып, ресми түрде пайдалануға берілген жыл:
Дұрыс жауап: 1957 ж.
«Тоқырау» кезеңінде Қазақстандағы экономикалық саясаттың негізгі ерекшелігі:
Дұрыс жауап: Өнеркәсіп өндірісінің баяулауы
1960 жылы республикада алғашқы шойын өндірген зауыт:
Дұрыс жауап: Қарағанды металлургия зауыты
1950 жылы іске қосылған теміржол құрылысы:
Дұрыс жауап: Мойынты-Шу
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты:
Дұрыс жауап: Астық өндірісін күрт арттыру
1959 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа наразылық көрсеткен облыс:
Дұрыс жауап: Қарағанды
Семей ядролық сынақ алаңында КСРО да ең алғашқы атомдық жарылыс жүзеге асырылды:
Дұрыс жауап: 1949 ж.
Ж.Шаяхметовты қызметінен алу себебі:
Дұрыс жауап: Тың жерлерді игеру идеясын қолдамады
“Хрущевтік жылымық” деп аталған кезең:
Дұрыс жауап: 1953-1964 жж.
Семей ядролық сынақ алаңында соңғы ядролық заряд жойылды:
Дұрыс жауап: 1995 ж.