Химия: Нөлдік срез
177 сұрақ · 2-бет, барлығы 4 бет
Массасы 8,4 г көміртек (II)оксиді жану үшін қажет оттектің көлемі:
Дұрыс жауап: 3,36л
Судың кермектігі дегеніміз суда ............... иондарының болуы:
Дұрыс жауап: кальций мен магний
Массасы 80 г 15% күкірт қышқылына 10 г су қосқанда алынатын қышқылдың концентрациясы
Дұрыс жауап: 13%
Элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шама:
Дұрыс жауап: электртерістілік
Массасы 124 г фосфордың жануына қажетті оттектің зат мөлшерін есептеңіз?
Дұрыс жауап: 5 моль
Ковалентті полюссіз байланысы бар қосылыс
Дұрыс жауап: азот
Сұйық отын түрлері?
Дұрыс жауап: бензин, керосин, мазут
Периодтағы реттік номерінің өсуіне сай элементтердің қасиеттерінің өзгеруі
Дұрыс жауап: металдық қасиеттері кеміп, бейметалдық қасиеттері артады
Массасы 4,8 г метанол мен массасы 7,2 г сірке қышқылын әрекеттестіргенде 7,4 г метилацетат түзілді. Эфир шығымының массалық үлесін есептеңдер.
Дұрыс жауап: 83,3
20л 36,5%-ті тұз қышқылы ерітіндісін (р=1,18г/ мл) даярлау үшін (қ.ж.) қажет хлордың көлемі:
Дұрыс жауап: 2,64 м³
Сулы ерітіндіде сутек катиондары және қышқыл қалдықтарының аниондарына ыдырайтын электролиттер:
Дұрыс жауап: қышқылдар
Металдың химиялық қасиетін көрсетіңіз:
Дұрыс жауап: балқу температурасы
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларға жатпайды:
Дұрыс жауап: қысым
Табиғатта ... аминқышқылы кездеседі
Дұрыс жауап: 150
Органикалық заттар құрамында ... элемент атомы болады.
Дұрыс жауап: көміртек
1 л судағы 0,1 моль ерітіндісінде ең көп фосфат-ион түзетін зат:
Дұрыс жауап: натрий ортофосфаты
Пропан молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі(%):
Дұрыс жауап: 81,8 %
Бір моль натрий фосфатын суда еріткенде, тұз толық диссоциацияланса, түзілген натрий ионының молі:
Дұрыс жауап: 3
Бензолдың құрылымдық формуласын ұсынған ғалым
Дұрыс жауап: Кекуле
Табиғатта мұнайдың бетін бүркеп жататын немесе қысымының әсерінен онда еріген газдар... деп аталады.
Дұрыс жауап: мұнайға леспе газдар
Органикалық қосылыстардың жіктелуі
Дұрыс жауап: Ациклді және циклді
Алкандар көрсете алмайтын реакция түрі
Дұрыс жауап: қосылу
Адам ағзасындағы сүйек ұлпасының негізгі минералдық құраушысы, бүкіл зат алмасу процесіне қатысатынғ ең басты ион. Жүректің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал ететін, сүт, минералды сулар, ірімшікте бар элемент
Дұрыс жауап: кальций
Бір-біріне изомер бола алатын органикалық заттар
Дұрыс жауап: бутан және изобутан
Салыстырмалы молекулалық массасы 70-ке тең алкен
Дұрыс жауап: пентен
Азоттың төменгі тотығу дәрежесін көрсететін қосылысы
Дұрыс жауап: нитридтер
2 моль хлорсутегі және 3 моль марганец(ІV) оксиді әрекеттескенде бөлініп шығатын хлордың көлемі:
Дұрыс жауап: 11,2л
Түссіз, иіссіз, суда ерімейтін, - бутан кезінде сұйылатын газ
Дұрыс жауап: метан
Органикалық заттардың көптүрлі болу себебі
Дұрыс жауап: Көміртегінің өзара тармақты, тұйық, еселі байланыстар түзе алуынды
Күкіртсутек пен оның тұздарын анықтау үшін қолданатын реактив
Дұрыс жауап: қорғасын тұздары
Дюралюминий құрамы
Дұрыс жауап: AI, Cu, Mg, Mn
Жез құрамы
Дұрыс жауап: Cu, Zn
Гүлдердің, жеміс-жидектердің жағымды иістері олардың құрамында төменде берілген заттарға байланысты. Ол зат
Дұрыс жауап: күрделі эфирлердің болуына байланысты
Изопропилбензолдың тривиальды атауы
Дұрыс жауап: кумол
Көгілдір күміс түсті, 419,50С температурада балқитын металл
Дұрыс жауап: мырыш
Кетондардың ең қарапайым өкілі
Дұрыс жауап: ацетон
Қалыпты жағдайда тығыздығы 2,4107 г/мл тең алкадиенді анықтаңыз:
Дұрыс жауап: 54 г/моль
3-метилбутанол-2 нешіншілік спирт екенін анықтаңыз:
Дұрыс жауап: екіншілік спирт
Массасы 3,42 г сілтілік металл сумен әрекеттескенде 0,448л (қ.ж.) сутегі бөлінді. Бұл металл
Дұрыс жауап: Rb
Ішкі энергия дегеніміз?
Дұрыс жауап: денені құрайтын барлық бөлшектердің потенциалдық және кинетикалық энергиясы.
Сумен бөлме температурасында әрекеттесетін металл
Дұрыс жауап: Li
Сілтілік металдар орналасқан қатар
Дұрыс жауап: Li, Na, K
Күкірт қышқылындағы күкірттің валенттілігі
Дұрыс жауап: VI
Хлор элементінің табиғатта кездесетін изотоптары Cl – 35 және Cl – 37. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы – 35,5. Табиғаттағы әр изотопының массалық үлесі
Дұрыс жауап: 75% және 25%
Бастапқы және түзілген заттардың құрамы мен саны бойынша химиялық реакция типтері:
Дұрыс жауап: айырылу, қосылу
Қай қосылыс құрамындағы хлордың тотығу дәрежесі ең жоғары
Дұрыс жауап:
Пропион қышқылының этил эфирі молекуласының құрамындағы сутегінің массалық үлесі
Дұрыс жауап: 9,8%
0,4 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін магний оксидінің массасы:
Дұрыс жауап: 8 г
Тотығу реакциясы мен жану реакциясының ұқсастығы мен айырмашылығын тап:
Дұрыс жауап: оттекпен әрекеттесуін тотығу реакциясы дейміз, ол баяу жүретін процесс және энергия аз бөлінеді, ал жану реакциясы тез жүреді энергия көп бөлінеді.
Неліктен екінші электрондық қабатта сегіз электрон, ал бірінші электрондық қабатта тек екі электрон орналаса алады?
Дұрыс жауап: Екінші энергетикалық деңгей энергиясы бірінші энергетикалық деңгей энергиясына қарағанда жоғары.